Дәрігер-косметолог түрлі-түсті бояғыш заттар аллергия туғызып, тері ауруларын асқындыруы мүмкін екенін айтты.
ERNUR.KZ. Сеченовский университеті Склифосовский атындағы клиникалық медицина институты кафедрасының ассистенті, дәрігер-косметолог Елена Морозова түрлі-түсті бетперденің қаупі туралы ескертті, деп жазады sputniknews.kz.
"Мен көшеде қара түсті бетперде таққан адамдарды көп көремін. Оның құрамында тері ауруларын асқындыратын бояғыш зат бар. Тіпті пациенттердің өзі бұл маскалардың жағымсыз химиялық иісіне шағымданады", - деді ол.
Айтуынша, мұның бәрі дерматоз – түрлі тері ауруларын қоздыруы мүмкін. Себебі қара түсті бояғыш аллергия туғызады. Ал бетперде оның үстіне синтетикадан жасалса, оны мүлде пайдаланбаған абзал.
"Егер бұл мақта-матадан тігілген түрлі-түсті маска болса, онда әңгіме басқа. Ал қайда боялғаны белгісіз, суреттермен безендірілген синтетиканы қолдануға кеңес бермеймін", - деді дәрігер.
Морозова матадан жасалған бетпердені үнемі ауыстырып немесе мұқият жуу керек екенін атап өтті.
"Қазір балалардың көбі түрлі-түсті маска тағады. Бұл жерде, ең алдымен, өндіруші мен сапаға назар аудару керек. Егер бала мұндай бетпердені ауыстырмай және жумай ұзақ кисе, жасөспірімдердің бетіне безеу қаптауы мүмкін. Сол себепті міндетті түрде тазалыққа мән берген жөн", - деді ол.
Маман ең дұрысы бір реттік медициналық маска тағу екенін айтты.