Ғалымдар балаларда байқалатын COVID-19-дың негізгі белгілерін анықтады

0
2 327

Зерттеушілер 5-17 жас аралығындағы 250 мыңнан аса науқастың денсаулығы туралы күнделікті есептерді қарап шыққан.


Ғалымдар балаларда байқалатын COVID-19-дың негізгі белгілерін анықтады

ERNUR.KZ. Лондондағы Корольдік колледж зерттеушілері балалардың жағдайын бақылап, олар ересектерге қарағанда вирустың ауыр белгілерін сезбейді деген қорытындыға келді, деп жазады Tengrinews.kz.

Зерттеушілер 5-17 жас аралығындағы 250 мыңнан аса науқастың денсаулығы туралы күнделікті есептерді қарап шыққан.

Балаларда жиі кездесетін коронавирус белгілерінің ішінде бас ауруы (62,2 пайыз) және шаршау (55 пайыз) тіркелген. Балаларда тамақтың ауруы мен иіс сезудің жоғалуы (аносмия) сияқты басқа белгілер байқалмаған.

Зерттеулерге сәйкес, COVID-19-дан емделгеннен кейін байқалатын белгілер балалардың тек 4,4 пайызында анықталған екен. Аурудың орташа ұзақтығы алты күнге созылады.

Зерттеу нәтижелері The Lancet ғылыми журналында жарияланған.