Қаржы пирамидасын қалай әшкерелеу керек

0
2 961

Заманауи қаржы пирамидалары жеңіл әрі жылдам табыс алу "ғажайыбына" сенетін адамдарды тарту үшін түрлі әдістерді пайдаланады.


Қаржы пирамидасын қалай әшкерелеу керек

ІІМ деректері бойынша 2021 жылдың басынан бері қаржы пирамидалары туралы 330 қылмыстық іс тергелді, оның жартысынан астамы сотқа берілді. 19 мыңнан астам адам зардап шегуші болып табылады, оларға келген зиян 21 млрд теңгені құрайды, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Заманауи қаржы пирамидалары жеңіл әрі жылдам табыс алу "ғажайыбына" сенетін адамдарды тарту үшін түрлі әдістерді пайдаланады.
Алаяқтарды өзіне тән белгілермен анықтауға болады.
Қаржы пирамидалары тек Қазақстанда ғана емес, Ресейде де жандана түсті. РФ Орталық банкінің мәліметі бойынша, жыл басынан бері қаржы пирамидаларының саны 1,5 есе – 146 ұйымға дейін өсті. Реттеуші алаяқтардың күшеюін экономикалық белсенділіктің артуымен, сондай-ақ халықтың инвестицияларға қызығушылық таныта бастауымен түсіндіреді.
Сұраныстан ұсыныс туындайды
Қаржы пирамидалары өздерін жоғары кірісті инвестициялар саласындағы табысты ұйымдар ретінде көрсете бастады. Өздерінің жарнамалық науқандарында олар «инновациялық жоба», «жоғары табысты бизнес», «бірегей», «аса тиімді», «табыстылыққа кепілдік береміз» және т. б. сөздерді пайдаланады.
Жалпы, қазіргі заманғы қаржылық пирамидалар кез-келген нәрсе ретінде жасырылған. Алаяқтар заңды микроқаржы ұйымдары, букмекерлік кеңселер, тұтыну кооперативтері және жабық инвестициялық пай қорлары ретінде жасырына алады. Қаржы пирамидалары әлеуметтік желілерде белсенді жұмыс жүргізеді, онлайн-табыстар немесе онлайн-жобаларды ұсынады. Немесе танымал мессенджерлерде чаттар жасайды және қатысушыларды түрлі ұтыс ойындарымен, сауалнамалармен және басқа да маркетингтік амалдармен тартады.
Қаржы пирамидасы қалай жұмыс істейді
Алаяқ бірнеше қатысушыны тауып, оларға екі есе табыс табуға уәде беруі керек. Оның орнына қатысушылар кем дегенде тағы екі адамды алып келуі, сондай-ақ шағын ақшалай жарна салуы керек. Нәтижесінде жарналардың мөлшері астрономиялық болады және осы кезеңде бәрі «қирайды». Алаяқ елден үлкен олжамен кетеді, ал қиындыққа тап болған инвесторлар ақшаны қайтаруға болмайтынын түсініп, құқық қорғау органдарына өтініш жазады. Бұл әлемнің көптеген елдерінде ондаған жылдар бойы болды. Тек қаржы пирамидаға арналған тақырыптар, сондай-ақ азаматтарды алдау схемалары өзгереді. Ал принцип тұрақты.
Әдетте қаржы пирамидалары қысқа уақыт қана жұмыс істейді, ерте ме, кеш пе, алаяқтық схемалар жүздеген адамдарға шығын әкеледі, «жарылады».
Шынында да, мұндай құрылымдарға салынған қаражатты алу мүмкін емес. Пирамиданы ұйымдастырушылар алданған салымшылардың ақшасын сақтықпен алып, оларды түксіз қалдырады. Тәуекелдерді айналып өтудің жалғыз жолы - қаржы пирамидаларын толығымен елемеу. Егер Сізге тартымды жобаға қатысу, ақшаны бастапқы жарна ретінде салу, достарыңызды әкелу ұсынылса, сонымен қатар сіздің салымдарыңыз тұтастай сақталатынына кепілдік берсе, бұл қаржы пирамидасы емес, оның үстіне сіз бұрын-соңды болмаған табыс аласыз десе, сенбеңіз. Бұл қаржы пирамидаларының негізгі белгілері.
«Қаржы пирамидасын қалай әшкерелеуге болады» чек-парағы
Сонымен, толық қауіпсіз болу үшін, Fingramota.kz қаржы пирамидасын анықтауға болатын белгілердің чек-парағы жасады:
1. Әкелген клиенттер үшін сыйақы. Егер сізге компанияға әкелген әрбір клиент үшін қосымша ақы төлеуге уәде берілсе, бұл ақшаны салмау үшін және барлық таныстарды осындай тәуекелді іс-шарадан бас тартқызу үшін жеткілікті негіз болып табылады.
2. Нарықтық деңгейден бірнеше рет асып түсетін жоғары кірістілікке кепілдік беру. Түрлі «инвесткомпаниялар» кірістілікке кепілдік бере алмайды, бұған заңнамалық тұрғыдан тыйым салынған. Егер біреу кепілдік берсе, ол - алаяқ деген сөз. Басқаша болмайды!
3. Қажетті лицензиялардың болмауы. Компания ақшалай салымдарды халықтан тартады немесе қор нарықтарына инвестициялауды ұсынады, бірақ оның қолында лицензиясы жоқ, бұл ретте онымен байланысу керегінің бар-жоғы жөнінде мықтап ойланыңыз. Мұндай ұйымдар ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің бақылауында емес, яғни сіздің құқықтарыңыз бен мүдделеріңізді ешкім қорғай алмайды.
4. Кіру жарнасының болуы: ресімдеуге, оқытуға, акциялар және т.б. үшін. Әдетте, бұл жарна пирамиданы ұйымдастырушылардың негізгі кірісі болып табылады, сондай-ақ қаржы пирамидасына тән айқын белгі.
5. Меншікті негізгі құралдардың, басқа да қымбат активтердің болмауы. Компанияның қолда бар мүлкі мен активтерін нәтиже ойдағыдай болып шықпаған жағдайда сатуға және салынған ақшаны ішінара қайтаруға болады. Ал қаржы пирамидаларында мұндай активтер болмайды.
6. Өктем жарнама науқаны. Қаржы пирамидасы жарнамасы көптеген клиенттерді тез тартуға арналған және тек жариялануы пирамидалардың негізін қалаушылар үшін пайдалы болатын ақпаратты қамтиды. Әрине, мұндай компанияның клиенті кездестіруі мүмкін тәуекелдерді жарнама берушілер белгілі себептермен айтпауға тырысады.
7. Ұйым қызметінің нақты анықтамасының болмауы. Пирамидаларда салымшылардың өздігінен басқа клиенттері жоқ. Сізге өнім берушілерді, мысалы, басқа бизнес-серіктестерді ешқашан көрсетпейді. Жалпы компанияға ақша салмас бұрын, ол туралы мүмкіндігінше көп ақпарат алыңыз. Пікірлерді зерттеңіз, бірақ бұл мәселеге мұқият қараңыз, өйткені оларды мүдделі адамдар қалдыруы мүмкін. Барлық құжаттарды оқыңыз. Компания нақты немен айналысатынын және ақшаңыздың қайда салынатынын сұрап біліңіз. Мұны қалай растауға болатындығын сұраңыз. Бұл ақпаратты өзіңіз тексеріңіз. Осыған ұқсас қызметтерді ұсынатын басқа ұйымдармен талаптарын салыстырыңыз. Егер сіздің қаражатыңызды орналастырудың неғұрлым пайдалы шарттары болса, олардың компанияларының пайдасы осы салада жұмыс істейтін ұқсас құрылымдарға қарағанда ненің есебінен бірнеше есе жоғары екенін компания қызметкерінен сұраңыз және сұрақтарыңызға нақты жауаптар алыңыз. Егер компания кез-келген сылтаумен ақпарат беру, тіпті құжаттармен танысу мүмкіндігінен бас тартса, инвестицияланған ақшаны алу одан да қиын болатыны айдан анық.
8. Төлемдер тек қолма-қол ақшамен қабылданады. Егер компания осылай жасаса, онда бұл ұйымға сенбеуге барлық негіз бар, өйткені ол ақша қозғалысының бақылануынан барынша қашады.
9. Тек жеке кездесу кезінде кеңес беру. Жеке кездесуде клиенттің сеніміне кіріп, оны ақша салуға сендіру үшін әртүрлі психологиялық әдістер мен амалдарды қолдану оңайырақ.⠀
10. «Шартқа» ойланбай қол қоюды ұсынады. Асығыс шешім қабылдамаңыз! Шарттың үлгісін қолға беруді сұрап, онымен үйде асықпай танысып шығыңыз. Егер оның жекелеген ережелері қиындық тудырса, маманмен кеңесуге тырысыңыз. Берілген ақшаның орнына Сізде қандай құжат қалатынын қараңыз. Оның заңды күші бар ма? Кез келген қаржылық құжатты, әсіресе шартты мұқият оқуды әдетке айналдырыңыз. Түсінбестен ештеңеге қол қоймаңыз. Содан кейін сіздің ақшаны қайырымдылық немесе кіру жарнасы ретінде салғаныңыз, соның арқасында күмәнді клубқа мүшелікке ие болғаныңыз анықталуы мүмкін. Егер Сізге шарт немесе оның жекелеген ережелері ұнамаса, оған қол қоймаңыз. Ақшаңызбен бөліспес бұрын, оларды кімге және қандай мақсаттарға беретініңіз туралы ойланыңыз. Егер Сіз өз қаражатыңызды сеніп тапсырғыңыз келетін ұйымда жоғарыда аталған белгілердің барлығын немесе бірнешеуін тапсаңыз, Сізді кезекті қаржы пирамидасына тартуға тырысып жатқан жоқ па, соны ойлану керек.