Сарапшы теңгені қандай жағдайда айырбастау керектігін айтты

0
2 464

​Ақшаны девальвациядан қалай сақтап қалуға болады?


Сарапшы теңгені қандай жағдайда айырбастау керектігін айтты

ERNUR.KZ. Теңгенің күнде бір орнында тұрмауы қазақстандықтарды әрдайым қырағы болуға мәжбүр етеді. 14 тамызда KASE қор биржасының күндізгі саудасындағы қорытынды бойынша ұлттық валютаның долларға қатысты бағамы бағамы 361,35 теңгеге дейін нығайды. Теңге осы апта ішінде қандай деңгейден асатыны, ақша айырбастаған кезде қандай кеңестерді ұстанған дұрыс және қазақстандық валютаның әлсіреуін қалай болжауға болатыны жайлы Tengrinews.kz құлаққағыс етеді.

Осы ретте экономист, іскерлік әкімшілік докторы Ерлан Ибрагим валюталық операциялар туралы әңгімеледі.

Ақшаны валютада сақтау Сарапшы өз сөзін ақшаны валютада сақтау керек екенімен бастады. Сонымен қатар, оның айтуынша, өзін үшін дәл қандай валюта керек екенін анықтап алу керек.

"Мысалы, сіздің балаңыз шетелде оқитын болса, онда сіз ақшаны қай елде оқып жатқанына қарай икемделесіз. Еуропа болса еурода, еол Канада, Малайзия немесе Америка болса, сәйкесінше долларда сақтайсыз. Бұл валюталар арасында құбылмалы процесстер жиі болса да, мән бермеңіз", - деді сарапшы. Сонымен қатар, маман қытай халқының юань ақшасына назар аудару керектігін айтты. Себебі юань ұзақ уақыт бойы тұрақты болып келе жатқан сирек валютаның бірі екен.

Бұдан бөлек, экономист АҚШ пен Қытай елінің арасындағы сауда соғыстарының әсерінен юань айтарлықтай әлсірегенін, бірақ оны жеке қаражатты ішінара жинақтау құралы ретінде де қолданса болатынын атап өтті.

"Теңгенің долларға қатысты бағамының нығаятын кездері болып тұрады. Сол кезде жұрт өз ақшасын бірден теңге бағамына қарай ауыстырып алады. Болып жатқан оқиғаларға байланысты теңгенің нығайтылатынына күмәнім бар", - деді Ерлан Ибрагим.

Оған қоса, экономист жинақтарды жылжымайтын мүлік түрінде немесе бағалы металл, асыл тас түрінде сақтауға кеңес берді.

"Сіз депозитіңізді теңгеде 12 пайыз мөлшерінде ұстаған болсаңыз, онда құнсыздану кезеңінде сақтаған ақшаңыздың барлығы мағынасын жоғалтады. Егер сіз 1 пайыздық қайтарыммен депозитте доллармен сақтаған болсаңыз, ол сізге міндетті түрде көп табыс әкеледі", - дейді іскерлік әкімшілік докторы.

Теңгені қандай жағдайда айырбастау керек?

Ең бірінші ақша айырбастау орындарында мониторинг жүргізіп алған абзал. Алайда дәл қай уақытта, қашан ол операцияларды жүзеге асыру керектігі жайлы нақты кеңестер жоқ. "Тәжірибе көрсеткендей, айырбастау орындары тұрғындарға қарағанда ақпаратты әлдеқайда ерте алады", - дейді сарапшы.

Валютаны сатып алу уақытын демалыс күндеріне немесе мейрам күндеріне шегеріп қоюдың қажеті жоқ

"Демалыс күндері айырбастау орындары өзін сақтандыру мақсатында валютаны кең ауқымды етіп қояды. Олар сатып алуды төмендетіп, сатылымды жоғарылатады. Демалыс күндері немесе мейрам күндері - бұл мезгілді тұрақсыз күндерге жатқызамыз. Кейбір айырбастау орынадры доллар үшін 370 теңге қойған күндер де болған. Қазір біз 363 теңге бағамында тұрмыз, 361 теңге болған кезеңге қайта оралуымыз әбден мүмкін", - дейді Ерлан Ибрагим.

Мұнайға әлде рубльге қараймыз ба?

Сонымен қатар, сарапшы мұнай мен рубльдің бағасына назар аударуға кеңес береді.

"Мысалға мұнай бір баррел үшін 75 доллар тұрса, ол 74, 73, 72 долларға дейін түссе, онда теңге әлсірейді деген мағынаны білдіреді. Тағы бір қызық жайт, мұнай аз уақыт ішінде кенеттен қымбаттап кетсе, 70 доллардан 80-ге дейін көтерілсе, онда теңге нығаяды", - деп кеңесімен бөлісті Ерлан. Дәл сондай жағдай рубльмен де бола алады.

"Негізінде Ұлттық Банк тек долларды емес, рубльдің қаншалықты өсіп, төмендеп жатқанын бақылап отырады. Рубль доллардан қарағанда әлдеқайда мұнайдың ауытқуына тез әсерін береді. Рубльдің өзгергеніне қарай теңге де, өсіп я болмаса төмендеп тұрады", - дейді экономист.

Ерлан Ибрагимнің айтуынша, бір доллар үшін 347 теңге болған кезең қайтып келуі мүмкін емес, алайда бір доллар үшін 400 теңге сұрайтын кезең алыста емес.

"Теңге бағамының бұрыңғы тарихына үңілер болсақ, доллар ол әрдайым құнсыздану деген мағынаны білдіреді. Өзімнің таныстарыма, туыстарыма әрдайым беретін кеңесім - ешқашан жинағыңды теңгеде сақтамау. Мемлекет тарапынан дедоллараризация деп айтып жатса да, ақшадан ұтылып қалмау үшін өз басым осылай жасаймын", - дейді Ерлан Ибрагим.