Мегаполисте 1296 адам коронавирус жұқтырған.
(фото: иллюстрациялық)
Бүгінгі Шымкент қаласындағы эпимедиологиялық жағдай көңіл көншітпей отыр. Күн сайын коронавирус жұқтырғандардың саны артып, індеттің жаппай таралуы орын алуда.
Соңғы мәлімет бойынша, мегаполисте 1296 адам коронавирус жұқтырған. Бұл COVID-19 белгілері бар науқастар саны.
Ал, Қазақстан бойынша коронавирус белгілері жоқ тасымалдаушы науқастар - 2809-ға жеткен.
Бұл статистика өз денсаулығына алаңдаушылық танытып, үрейленіп, тексеріліп көрсем қайтеді деп ойланғандарға, және ауру белгілері кәдімгідей байқалған адамдардың көңіліне күдік келтірері шүбәсіз.
Ал енді, өзінің вирус тасымалдаушы емес екендігіне көз жеткізгісі келетін қала тұрғындары көп. Сондықтан, ERNUR.KZ тілшісі коронавирусқа тест тапсыру қайда және қанша теңге тұратындығы туралы анықтап көрген болатын.
КОРОНАВИРУСҚА ТЕСТ ТАПСЫРУ ҚҰНЫ - 20 МЫҢ ТЕҢГЕ
Коронавирусқа тестті ақылы және ақысыз тапсыруға болатындығы мәлім. Жекеменшік медициналық орталықтарға барып, вирустың бойыңызда бар не жоқ екендігін анықтау үшін тест тапсырсаңыз, онда міндетті түрде ақылы болады.
Мұндай жағдайда, Шымкент қаласында МЕДИКЕР, ОЛИМП, INVIVO секілді жекеменшік медициналық орталықтарының қызметіне жүгіне аласыз.
Мәселен, "Медикердегі" бұл қызметтің бағасы - 20 000 теңге.
Бар болғаны, жұтқыншақ пен мұрын қуысынан биологиялық талдау алады. Ал, тест нәтижесі 3 күнде белгілі болады.
Айта кетейік, коронавирус инфекциясына диагностика екі тәсілмен - эспресс-тест және ПТР тексеру арқылы жүргізіледі. Экспресс-тест қан тапсыру арқылы алынса, ПТР диагностика үшін жұтқыншақ пен мұрын қуысынан биологиялық талдау алынады.
Коронавирусқа тестті кімдер тегін тапсыра алады?
Коронавирус инфекциясын жұқтырғандығына күманданып, ауру белгілері байқалған жағдайда жедел-жәрдем қызметіне жүгінген кез келген қала тұрғыны тестті тегін тапсыра алады.
Сондай-ақ, Шымкент қалалық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі коронавирусқа тестті қандай жағдайда және тегін тапсыра алатын адамдар жайлы мәлімет берген болатын. Олар төмендегідей:
Айта кетейік, Шымкентте 2020 жылдың сәуір және мамыр айында инфекцияға қарсы тестілеуден 23039 азамат өту жоспарланса, жұмыс көлемі артығымен орындалып, соңғы екі айда 23975 азамат ПЦР тесттен өткізілген.
Ал, маусым айында 14184 адамды коронавируске қарсы тестілеуден өткізу жоспарланған. Бүгінде оның 1454 азаматы инфекцияға қарсы тексеруден өткізілді.
Шымкенттегі Ұлттық зерттеу орталығының филиалынан бөлек, қалада қосымша 3 лабораториялық зерттеу орындары ашылған: диагностикалық орталықта, жұқпалы аурулар ауруханасы базасында және ЖИТС орталығында.