20 адам қаза тауып, тағы 26-сы жарақаттанған.
ERNUR.KZ. Американың Техас штатындағы Эль-Пасо қаласында 21 жастағы ер адам сауда үйіне келушілерге оқ атқан, деп жазады baq.kz.
Салдарынан 20 адам қаза тауып, тағы 26-сы жарақаттанған.
Эль-Пасо полициясының ресми өкілі Роберт Гомес қайғылы жағдайға орай өткен баспасөз мәжілісінде оқиғаның сенбі күні Walmart супермаркетінде болғанын айтты. Куәгерлердің мәліметінше, жиырма жас шамасындағы жас жігіт сауда орталығына келгендерге қарата оқ жаудырған. Ол кезде супермаркетте мыңға жуық келуші мен жұмысшылар болған. Жергілікті полиция бұл аумақты қоршауға алып, тергеу жұмыстарын жүргізуде.
Техас полициясының басшысы Грег Аллен адамдарға оқ атқан адам ұсталғанын, ол 21 жастағы Техас тұрғыны екенін айтқан.