​Үйден шықпай мемлекеттік органдарға онлайн жүгінуге болады

0
784

Өтінішке берілетін жауаптың мерзімдері мәселенің күрделілігіне байланысты болады.


​Үйден шықпай мемлекеттік органдарға онлайн жүгінуге болады

Егер сіз өзіңіздің ұсынысыңызды немесе өтінішіңізді мемлекеттік органдарға жібергіңіз келсе электронды үкімет порталынан онлайн жолдауға болады.

Ол үшін:
1. Egov.kz электронды үкімет порталына кіру керек;
2. «Электронды жүгіну» қызметін таңдайсыз;
3. Ұсынылған форманы толтыру қажет;
4. ЭЦҚ-мен (электронды цифрлы қолтаңба) растайсыз;
5. Мемлкеттік органға жолдайсыз.
Өтініштің жағдайын жеке кабинеттен анықтай аласыз. Бұл жерде сіз мемлекеттік органға жеткендігі туралы хабарламадан бастап, өтінішке берілген дайын жауапқа дейін құжаттың барлық процесін бақылай аласыз.
Өтінішке берілетін жауаптың мерзімдері мәселенің күрделілігіне байланысты болады. Қосымша анықтаулар мен тексерістерді қажет еткен жағдайда, қарастыру мерзімі отыз күнтізбелік күнге дейін ұзартылуы мүмкін, ол туралы жеке кабинетке қосымша хабарлама жіберілетін болады.