Көліктің кілтін жоғалтып алғанда НЕ ІСТЕУГЕ болады?

0
4 113

Көлік кілтін жоғалту – бұл кез келген жүргізушіге кездесуі мүмкін мәселе.


Көліктің кілтін жоғалтып алғанда НЕ ІСТЕУГЕ болады?

иллюстрациялық фото: ашық дереккөзден

Көптеген жүргізушілер абайсызда көлік кілтін жоғалту мәселесімен бетпе-бет келіп жатады. Бұл жиі кездесетін жағдай. Кілтті жоғалтуға ұмытып кету секілді қарапайым қателіктеп бастап, кілт салынған сөмкені ұрлап кету сынды түрлі жағдай себеп болып жатады. Сондықтан, «осындай мәселе туындаса, не істеймін?» деген сұрақтың біліп жүрген артық болмайды. Сонымен, көлік кілтін жоғалтып алғанда не істеу қажет?


Қосалқы кілт жиынтығын іздеп табыңыз

Бұл мәселеден құтылудың ең оңай жолы – үйде тұратын қосымша кілтті тауып алу. Негізі кез келген көлік сатылғанда осындай қосымша кілттері болады. Сондықтан оны ешкім тиіспейтін жерге сақтап, қойған жерді есте сақтау қажет. Бұл – тығырықтан шығудың ақша кетірмейтін әрі бас қатырмайтын ең тиімді жолы.

Ал, үйден алыс жерде қалып қойсаңыз, сенімді бір адамға әкеліп беруін өтіне саласыз. Сондай-ақ, көлігіңізді үйге немесе басқа бір қауіпсіз жерге апаратын арнайы қызметті пайдалануға болады. Алайда, көлік тасымалдау қызметін көрсететін компания өкілдері ол үшін қызметақы алатынын ескеріңіз.


Микрочипсіз кілтті қалпына келтіру

Қазіргі жаңа көліктердің кілтінде жаңасын жасатуға арналған микрочип болады. Ал, жоғалған мұндай кілттің қосымшасын таба алмасаңыз, жағдай күрделене түседі. Яғни, кілтті қалпына келтіру үшін түріне байланысты көптеу шығындануыңыз мүмкін. Егер, ол ескілеу көліктің микрочипсіз кілті болса, кілтті есік құлпының құрылымына қарап жасайтын арнайы мамандарды іздеуге тура келеді. Немесе, есіктің құлпын толықтай ауыстырып, жаңа кілтті қолдануға болады. Барлығы жағдайдың қалай өрбігеніне байланысты болады ғой, қысқасы.



Заманауи чипті кілтті жасату

Ең қиын жағдай – көлік бортындағы компьютерге электронды сигнал жіберетін чипті кілтті жоғалту. Өйткені, мұндай кілтсіз қозғалтқышты іске қосу мүмкін болмайды және мәселені ресми дилердің ғана көмегімен шешіп, оларға автомобильді эвакуатормен апаруға тура келеді.

Сондай-ақ, олар автокөлік сатып алу кезінде дилер жіберетін аудио жүйе мен иммобилайзердің коды бар картаны сұрайды. Яғни осы дүниелер болса, микрочипті кілтті жасау процесі оңай әрі арзан болады. Ал, оларды да таппасаңыз, құлыпты толығымен өзгертуге тура келеді де, көп уақыт жоғалтып, әжептәуір шығынға ұшырайсыз. Сондықтан қажетті заттарды сақтап жүріңіз.


Мамандандырылған компанияға тапсырыс беру

Қазіргі уақытта мұндай қызметтің түр-түрін тізіп ұсынатын көптеген жеке компаниялар бар. Олар автомобильдердің ақауын түзеуден бастап, иммобилизаторларға код қою және арнайы жабдықты қолдана отырып жаңа чипті кілттер жасауға дейінгі қызметтерді көрсетеді. Бір тиімді тұсы – олардың қызметтері ресми дилерлерге қарағанда әлдеқайда арзан болады. Алайда, бұл жағдайда сіздің көлігіңіз туралы маңызды мәліметтер бейтаныс, жеке компания өкілдерінің қолында болатындығын ескеру қажет.


Жалпы, кілтті екі дана етіп жасатып, біреуін үйге сақтап қойған ең тиімді шешім екен. Бірақ, олай болмаса жан ұшыра қорқудың қажеті жоқ. Қазір қаражатыңыз болса, шешілмейтін проблема жоқ қой.


Дайындаған: Б.Мейірханұлы,

ERNUR.KZ


Тағы оқыңыз:


Жолға шығып кететін жануарлардан ҚАЛАЙ сақтану қажет?


Жолда орын алатын АСА ҚАУІПТІ жағдайларда ҚАЛАЙ ҚҰТЫЛУ қажет