Қозғалтқыштың ақауын оңай анықтауға болады

0
7 898

Оның белгілері бар. Біле жүріңіз!


Қозғалтқыштың ақауын оңай анықтауға болады

иллюстрациялық фото: ашық дереккөзден

Тіпті, ең сенімді автокөліктердің де қозғалтқышы ерте ме, кеш пе бұзылады, содан кейін оны күрделі жөндеуден өткізу қажет болады. Ал, бұзылғалы жатқан қозғалтқыштың белгілерін білесіз бе? Бұларды біле отырып, Сіз бұрын қолданылса да көп қиындық туғызбайтын көлік таңдай аласыз, ал оның қозғалтқышы бұзылып, жөндеуге ақша керек етпестен көптеген жылдар бойы қызмет етеді.


Ауа қабылдау жолындағы май

Егер қозғалтқыш майы дроссель корпусына және иінді желдету жүйесінен ауа сүзгісіне түссе, онда мұндай қозғалтқыш әбден тозған және күрделі қалпына келтіру жұмыстарын қажет етеді. Бұл поршень мен цилиндр арасында айтарлықтай олқылықтар бар деген сөз. Осыған байланысты иінді корпуста артық қысым пайда болып, содан кейін газ мотор майының суспензиясымен бірге қабылдау жолында қысыла бастайды. Мұндай мәселені картер газы пульсациялайтын сапунның жоғарғы құбырын алып тастау арқылы анықтауға болады. Айта кетейік, мұндай қозғалтқыш күрделі және қымбат жөндеуді қажет етеді. Дұрысы – таңдау болса, қозғалтқышында мұндай мәселе бар көлікті сатып алмау.


Түтіннің қоюлануы

Көліктің түтігінен шығатын түтіннің түсі де қозғалтқыштың жай-күйінен біршама ақпарат бере алады. Егер түтін қалың бу секілді болса, бұл цилиндр басындағы тығыздағыштың бұзылғанын білдіреді. Әдетте, мұндай ақаулар антифриздің қайнап кетуі және қозғалтқыштың қызып кетуімен қатар жүреді. Егер сіз мұндай мәселеге уақтылы назар аудармасаңыз, онда қозғалтқыш айтарлықтай зақымданып, күрделі жөндеуді немесе ауыстыруды қажет етеді.

Ал, құбырдан сұр және қара түтін шықса, бұл қозғалтқыш майының жану камерасына енгенінің айғағы. Мұндай ақау ауыстыруды қажет ететін майды шығаратын қақпақтардың тозуынан болады. Оны қозғалтқышты бөлшектеу және цилиндрдің басын шешіп алу арқылы анықтауға болады. Қалай болғанда да, мұндай ақауды жөндеу қымбатқа түседі. Сондықтан, өз көлігіңіз болса көп ұзатпай жөндеген, сатылымдағы көлік болса жоламаған абзал.


Қозғалтқыштан бөтен дыбыстардың шығуы

Егер қозғалтқыштан тозған мойынтіректердің немесе клапандардың соғылуынан пайда болатын дыбыстар шықса, онда бұл қозғалтқышта елеулі ақау барын білдіреді. Мұндай жағдайда иінді біліктің мойындары тозғанын, клапан жиынтығын реттеу қажет екенін немесе қозғалтқышты толықтай күрделі жөндеуден өткізу керек екенін кәсіби маманның анықтағаны дұрыс. Өйткені, кез келген жағдайда қозғалтқыштың толық әрі сенімді диагностикасын тек мамандар орындай алады.


Қозғалтқыш іске қосылмаса

Қозғалтқышты іске қосу кезінде проблемалар пайда болса, ескірген шамдардан бастап, цилиндрлердегі қысымның жеткіліксіздігі сияқты әртүрлі ақаулар себеп болуы мүмкін. Мұндай жағдайда қозғалтқышты толық диагноздан өткізу қажет. Тек осы әдіс арқылы ғана нақты ақауды анықтап, жөндеуге кететін шығын көлемін есептеуге болады.


Қуаттың айтарлықтай төмендеуі

Жанармай шығынының көбеюі, динамиканың нашарлауы немесе қуаттың төмендеуі — қозғалтқыштың күрделі проблемаларының белгілері. Мұндай қозғалтқыш үнемі күрделі жөндеуді қажет етіп, айтарлықтай шығынға ұшыратады. Көптеген мамандар қозғалтқыш қуаты төмендеген автокөліктерді сатып алмауға кеңес береді. Ал, өз көлігіңізде осындай ақау пайда болса, онда мамандарға мүмкіндігінше ертерек хабарласып, кешенді диагностика жасап, автокөлікті жөндетуіңіз керек.

Қорытындылай келе, қозғалтқышты іске қосар кезедегі проблемалар, қуаттың едәуір төмендеуі, түтіннің көбеюі және түсінің өзгеруі, сонымен қатар өзгеше дыбыстардың шығуы қозғалтқыштың ақауы бар екенін білдіреді және жөндеу қажет болады. Сондай-ақ, көлік сатып алатын кезде осындай белгілерге мұқият назар аударыңыз.


Дайындаған: Б.Мейірханұлы,

ERNUR.KZ.


Тағы оқыңыз:


Қыста қиындықтан САҚТАЙДЫ: жүргізушілерге керек кеңестер


Тәжірибелі жүргізушілер арасында ЖАЗЫЛМАҒАН ережелер бар