Мынандай көлікпен жүрсеңіз, КЕПТЕЛІСТІҢ не екенін ұмытасыз

0
2 348

«Кей-кары» – 70 жыл бұрын жапониялықтар ойлап тапқан шағын автокөлік үлгілері.


Мынандай көлікпен жүрсеңіз, КЕПТЕЛІСТІҢ не екенін ұмытасыз

иллюстрациялық фото: ашық дереккөзден

Бүгінгі таңдағы автокөлік санының көбейіп, көшедегі қозғалыстың қиындауынан пайда болған кішкентай «тұлпарлар» өздерінің көпфункционалдылығы бойынша кәдімгі көліктерден кем түспейді. Сондай-ақ, ұзындығы 3-4 метрден аспайтын мұндай шағын автокөліктердің бірінен-бірі асып түсетін түр-түрі бар.


1. Peel P50 (Ұлыбритания)

Бұл ХIХ ғасырдың 90 жылдары Ұлыбританияда құрастырыла бастаған әлемдегі ең кішкентай және ең жеңіл автокөлік. Оны қажет болса, артында орналасқан тұтқасынан ұстап, қолмен көтеріп алуға болады.

Көліктің ұзындығы – 137 см., ені – 104 см. және биіктігі 117 см.

Салмағы: 59 келі.

Ең үлкен жылдамдығы: 80 км/сағ.


2. Mercedes SMART ForTwo (Франция)

Екі орынды ықшам автокөлік 2004 жылдан бастап бензинді және дизельді қозғалтқышпен, дамыған жабдықтар арқылы өндіріле бастаған. Көлік жиынтығына борттық компьютер, 6 сатылы автоматты беріліс қорабы, ABS блоктауға қарсы жүйесі және ESP тұрақтандыру жүйесі кіреді. Сондай-ақ, ол небәрі 13 секунд ішінде 100 км/сағатқа дейінгі жылдамдыққа жете алады және 100 шақырымға 3,5-5 литр жанармай жұмсайды. Бір кемшілігі – бұрылыстарда 50 км/сағаттан төмен жылдамдықпен бұрылмаса, аударылып кетеді.

Көліктің ұзындығы – 270 см., ені – 156 см., биіктігі –154 см.

Салмағы: 730 келі.

Ең жоғарғы жылдамдығы: 135 км/сағ.


3. Suzuki Twin (Жапония)

Бензинді және гибридті қозғалқышпен өндірілген шағын автокөлік қала көшелері үшін арнайы жасалған және автотұрақ пен кептелістен оңай шығып кете алады. Сондай-ақ, өндірушілердің айтуынша 30 секунд ішінде 100 км/сағ. жылдамдыққа жете алатын көлік үшін ең қолайлы жылдамдық – 60 км/сағ. екен.

Көліктің ұзындығы – 273,5 см., ені – 147,5 см., биіктігі – 145 см.

Салмағы: 560 келі.

Ең жоғарғы жылдамдығы: 120 км/сағ.


4. Fiat Seicento (Италия)

Бұл автокөлік 1998 жылдан бастап хэтчбек үлгісінде шыға бастаған. Өндірушілер көлік салонына бес орындық орнатқанымен, ішіне төрт адамнан артық сыймайды және Fiat Seicento 500 келі шамасындағы жүкті көтеріп жүре алады.


Көлік ұзындығы – 331,9 см., ені – 150,8 см., биіктігі – 144 см.

Салмағы: 730 келі.

Ең жоғарғы жылдамдығы: 140 км/сағ.


5. Citroen C1 (Франция)

Төрт орынды көлік франциялық Citroеn және жапониялық Toyota Motor Corporation компанияларының бірлесе жасаған туындысы. 2005 жылдан Чехия зауытында өндіріле бастаған көліктің дизайны әйелдердің талғамына сай келеді. Бұл көліктің жалғыз кемшілігі – артқы әйнектер ашылмайды. Бірақ, «темір тұлпар» 14 секунд ішінде 100км/сағатқа дейінгі жылдамдыққа жете алады.


Көлік ұзындығы – 343 см., ені – 163 см., биіктігі – 146 см.

Салмағы: 835 келі.

Ең жоғарғы жылдамдығы: 157 км/сағ.


6. Chevrolet Spark (АҚШ)

Бесесікті хетчбэк сәтті шыққан, арзан, қалаға арналған көлік болып саналады және оған бес адам сыйуы мүмкін. Автокөлік екі нұсқада: көлемі 0,8 литрлі және 1 литрлі қозғалтқыштармен шыққан.

Көлік ұзындығы – 349,5 см, ені – 149,5 см., биіктігі – 150 см.

Салмағы: 775 келі.

Ең жоғарғы жылдамдығы: 160 км/сағ.


7. Peugeot 107 (Франция)

Citroen C1 сияқты, бұл да француз және жапон бірлестігімен жасалған. Автокөліктің жүрісі өте сапалы, бірақ жүк сыйымдылығы өте аз және денесі үлкен жолаушы тек алдыңғы жағына отыра алады. Сонымен қатар, жылдамдықты 100 км/сағаттан асырмаған дұрыс.


Көлік ұзындығы – 343 см., ені – 188,5 см., биіктігі – 147 см.

Салмағы: 800 келі.

Ең жоғарғы жылдамдығы: 160 км/сағ.


8. Toyota iQ (Жапония)

Бұл қалалық көлікті шығару 2009 жылдан басталған. Ол іс жүзінде дамыған техникалармен жабдықталған және қауіпсіздік құралдары өте көп. Сонымен қатар, Toyota IQ 11,6 секунд ішінде 100 км/сағатқа дейінгі жылдамдыққа жете алады.

Көлік ұзындығы – 298,5 см., ені – 168 см., биіктігі – 150 см.

Салмағы: 845 келі.

Ең жоғарғы жылдамдығы: 170 км/сағ.


9. Aston Martin Cygnet (Ұлыбритания)

Aталған көлік Aston Martin және Toyota компанияларының бірлескен жобасы. Оны өндіру 2011 жылы Англияда басталғанымен, көптеген жабдықтары Жапониядан әкелінеді. Автокөліктің ерекшелігі – капоты желдету ойықтарымен жабдықталған және салонына үш ересек адам мен бір бала сыйуы мүмкін.


Көлік ұзындығы – 307,8 см., ені – 168 см., биіктігі – 150 см.

Салмағы: 890 келі.

Ең жоғарғы жылдамдығы: 170 км/сағ.


10. Daihatsu Move (Жапония)

Daihatsu Move – 2005 жылдан бері шығарылып, 2010 жылы жаңартылған төрт метрлік микровэн. Оның 90 градусқа ашылатын есіктері өте ыңғайлы және көлемі 0,66 литрлі қозғалтқышымен 13 секунд ішінде 100 км/сағатқа дейінгі жылдамдыққа жете алады.

Көлік ұзындығы – 339,5 см., ені – 147,5 см., биіктігі – 163,5 см.

Салмағы: 810 келі.

Ең жоғарғы жылдамдығы: 160 км/сағ.


Дайындаған: Б.Мейірханұлы,

ERNUR.KZ

дереккөз: bugaga.ru


Тағы оқыңыз:


Автокөліктен шыққан ДЫБЫСТАР қай жері БҰЗЫЛҒАНЫН білдіреді


2019 жылдың жаңалығы болған ҮЗДІК автокөліктер