Жаздық шина таңдаудан ҚАТЕЛЕСПЕҢІЗ!

0
2 595

Ауарайының өзгеруіне байланысты көлік дөңгелегінің шиналары да ауысып тұратынын бәріміз білеміз. Ендеше, жақындап қалған жаз мезгіліне дайындықты бастаңыз.


Жаздық шина таңдаудан ҚАТЕЛЕСПЕҢІЗ!

иллюстрациялық фото: ашық дереккөзден

Әр жыл мезгілінің өзіндік ерекшеліктері болатындықтан, ыстық маусымға арнайы жасалған шинаны салу өте дұрыс шешім. Ол жолдағы сенімділік, жүру сапасы және жолмен байланысты жақсартуға мүмкіндік береді. Егер, «қайсысын алған дұрыс?» деген сұраққа жауап іздесеңіз, көптеген жүргізушілер пікірі бойынша үздік ондығын ұсынамыз.


10. Continental ContiPremiumContact 5 – орташа бағасы 23-24 мың теңге

2020 жылғы үздік жазғы шиналар рейтингін түйіндеп тұрған шина жүріс дауысын қатты шығармайды, тежегіш басқанда жолмен байланысты үзбестен сенімді тоқтай алады және бірқалыпты жылдамдықпен қозғалатын отбасылық көліктерге өте ыңғайлы.

Кемшіліктеріне келетін болсақ, шинаның бүйірі жұмсақ, жол сапасын талғап жүреді және ойықтар мен бордюрлерге соқтығысса жыртылып кетуі мүмкін.


9. Toyo Nano Energy 3 – орташа бағасы 15-20 мың теңге

Сапалы, арзандау, ұсақ және орташа кедір-бұдырларды оңай жеңетін, шу шығармайтын шина құрғақ және дымқыл асфальтпен жақсы байланыс орната алады. Дегенмен ол ұзақ жолға емес, қала ішіне ғана ыңғайлы және протекторына тас тұрып қала береді.


8. Viatti Strada Asimmetrico V-130 – орташа бағасы 13-17 мың теңге

Viatti Strada asimmetrico V-130 қаржы тұрғысынан тамаша нұсқа. Сондықтан ол 2020 жылғы үздік жазғы шиналар тізімі кіріп отыр. Көптеген автоәуесқойлардың мұны таңдау себебі бүйірінің берік болуы. Бірақ, ол шұңқырға түссе тез зақымданып, жүргенде шуылдайды.


7. Nokian Tyres Hakka Green 2 – орташа бағасы 20-25 мың теңге

Бұл осы топтамадағы ең жайлы шиналардың бірі. Шу шығармайтын, жайлы жүруді қамтамасыз ететін, асфальтпен сенімді байланысатын шина жұмсақтығына қарамастан, ұзақ уақытқа шыдап береді. Тіпті, өте жоғары жылдамдық пен күрт бұрылысқа да оңай шыдап береді.


6. Viatti Bosco A/T – орташа бағасы 18-25 мың теңге

Жеңіл көліктерден бастап жол талғамайтын кроссоверлерге арналған түрлі үлгісі бар шина мынандай артықшылықтарға ие: шиналардың беріктігі, баяу тозады, тежегіш қасиеті жоғары және кез келген жағдайдағы жол жабынымен сенімді байланыс жасайды. Бірақ, қатты жүрген сайын шуды қатты шығарады.


5. MICHELIN Primacy 4 – орташа бағасы 27 мыңнан жоғары қарай

MICHELIN Primacy 4 биылғы үздік жаздық шиналардың бестігін түйіндеп тұр. Жұмсақ, бүйірі қалың, төмен температураға да төтеп беретін шина тежегіш басқанда өте жылдам тоқтауға қабілетті. Оған қоса, баяу тозады. Бірақ, жүргенде шулы дыбыс шығарады.


4. Kumho Ecsta HS51 – орташа бағасы 15-20 мың теңге.

Kumho Ecsta HS51 атты корей шинасы барлық сипаттамалрға ие. Шудың болмауы, кез-келген жол жабынымен жақсы байланыс, жүргізушілердің жағымды пікірлері және т.б. Алайда, бұлар жарыс жолындағы жылдамдыққа қолайлы емес, мақсаты — жайлылық сыйлау. Сондай-ақ, ұмсақ болғандықтан басқаларға қарағана тежелуі нашарлау.


3. Toyo Proxes CF2 – орташа бағасы 17-20 мың теңге

Шұңқырлар және сапасыз жолдарда сенімді жүретін жапон шинасы тез тежеледі, шу шығармайды, бұрылысқа да жақсы және кез келген ауарайында жолғмен жақсы байланыс жасай алады.



2. Bridgestone Turanza T001 – орташа бағасы 20-25 мың теңге

Тозуға төзімді, құрғақ және дымқыл жабында жайлылық пен басқару арасындағы тепе-теңдіктің тамаша үлгісін көрсете алатын бұл шина үздіктер арасынан екінші орын иеленген.



1. Continental Premium Contact 6 – орташа бағасы 25-26 мың теңге

Ал, осы рейтингтің көшін бастап тұрған мына шина жұмсақ, дизайны әдемі, жолдарда мінсіз, шұңқырлардан сәтті өтуге мүмкіндік беретін және ең қауіпзіс дөңгелек жабдығы. Бір ғана кемшілігі – 140 км/сағ жылдамдықпен келе жатып ойыққа түссеңіз, зиян тиюі мүмкін.


Ең бастысы – өзіңізге қолайысын таңдаңыз.


Дайындаған: Б.Мейірханұлы,

ERNUR.KZ


Тағы оқыңыз:


Көліктен ВИРУС ЖҰҚТЫРМАУ үшін мыналарды ЕСТЕН ШЫҒАРМАҢЫЗ!


Жанармайды ЕҢ АЗ "ЖЕЙТІН" көліктер