Кейбір бизнестердің ақша алып келуі үшін біршама уақытты құрбан етуге тура келеді. Ал бірден табыс алып келетін істің бірі - аквагрим.
Кейбір бизнестердің ақша алып келуі үшін біршама уақытты құрбан етуге тура келеді. Ал бірден табыс алып келетін маусымдық істің бірі - аквагрим.
Егер сіздің сурет салу қабілетіңіз болса, балалар үшін өтімді болатын аквагриммен шұғылдануға болады. Соңғы жылдары кең танылған бұл қызмет балалар ойын-сауық алаңдарында, парктерде, сауда орталықтарында, аквапарктерде сұранысқа ие. Сонымен қатар, мереке күндері мен жәрмеңкелерде жақсы табыс алып келеді.
Аквагрим - теріге салынатын сурет. Оның бала денсаулығына ешқандай да зияны жоқ деп айтуға болады. Өйткені ол косметикалық бояудың көмегімен салынады. Ал оның құрамы қарапайым вазелин, глицерин, тазартылған спирт, бояғыштан ғана тұрады.
Қазіргі таңда аквагримнің бағасы әр қалада әртүрлі, ең төмен баға 500 теңгемен басталып, сегіз мыңға дейін көтеріледі. Оның бағасы таңдаған суретіңіздің өрнегіне, қиындығына байланысты.
Бұл кәсіпті бастау үшін ақша отыратын орынды жалға алуға, бояулер мен қылқаламдарға ғана керек. Сондықтан сіз бұл кәсіпте көп шығын шығармай бастай аласыз. Тек бұл іс ауа-райына тәуелді. Олай дейтініміз жаңбырлы күні жүздеріне сурет салатындар болмайды.
Фото ашық дерекөздерден алынды.
Автор: @karashash_esenbay
ERNUR.KZ