«Бизнестің жол картасы 2020» бағдарламасына өзгерістер енгізілді

0
4 216


«Бизнестің жол картасы 2020» бағдарламасына өзгерістер енгізілді

«Бизнестің жол картасы 2020» бағдарламасына өзгерістер енгізілді. Мұндай мәлімет «Даму» кәсіпкерлікті дамыту» қорының сайтында жарияланды, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Бірінші өзгеріс: Бұдан былай 180 млн теңгеден асастын несие бойынша кепілдік беру үшін Өңірлік үйлестіру кеңесіне жүгінудің қажеті жоқ.

Екінші өзгеріс: Кәсіпкер Қордың кепілдігін Банкке бармай тұрып ала алады.

Үшінші өзгеріс: Барлық кәсіпкерлер Қордың кепілдігін алу үшін egov.kz арқылы өтініш бере алады

Төртінші өзгеріс: Жоба Мемлекеттік-жеке әріптестік аясында жүзеге асырылатын болса, 360 млн теңгеге дейінгі жобалар экономиканың басымдық берілген саласына жатуы міндетті емес.

Кәсіпкерлікпен айналысып, мемлекеттен жеңілдік алу жолдары оңайлап келеді.