Қайрат Құдайберген шымкенттік 8 кәсіпкерге менторлық етеді

0
3 401

Шымкент қаласындағы«SAUKELE» салтанат сарайында Q4 Business School аясында Қайрат Құдайбергеннің ұйымдастыруымен Республиканың барлық аймақтарын қамтитын «[Ж]ЕТІСТІК» ( Етістік-Жетістік) жобасының ашылу салтанаты өтті,-деп хабарлайды ERNUR.KZ тілшісі.


Қайрат Құдайберген шымкенттік 8 кәсіпкерге менторлық етеді

ERNUR.KZ

Шымкент қаласындағы«SAUKELE» салтанат сарайында Q4 Business School аясында Қайрат Құдайбергеннің ұйымдастыруымен Республиканың барлық аймақтарын қамтитын «[Ж]ЕТІСТІК» ( Етістік-Жетістік) жобасының ашылу салтанаты өтті,-деп хабарлайды ERNUR.KZ тілшісі.

Q4 Business School спикерлері 2 сағаттан аса уақыт өз кәсібін ашамын, табыс көзін ұлғайтамын деген жандарға қолдау көрсетіп, бағыт- бағдар берді.

«Елбасы Н.Назарбаев «Болашаққа бағдар: Рухани жаңғыру» мақаласы аясында «Туған жер» бағдарламасын қолға алу туралы тапсырма берген болатын. Осы бағдарлама негізінде Жақсылық Үшкемпіров ағамыз күллі Қазақстандағы кәсіпкерлерді туған ауылдарына жәрдем беруге шақырғаны да есімізде. Тұнғыш олимпияда чемпионы өзінің туған ауылы Мыңбай елді-мекеніне жасаған игі істері арқылы халыққа үлгі болды. Біз осы бастаманы қолдай отырып, Жақсылық Үшкеміров ағамыздың батасын алып, Q4 Business School «[Ж]ЕТІСТІК» ( Етістік-Жетістік) жобасын іске асыруды бастадық. Кәсіп бастаймын десеңіз, құр қиялды қойып, сөзден іске көшетін кез келді, ағайын!»-, деп Қайрат Құдайберген бизнес бастап, оны дамытамын деген жандарға арнап Q4 Business School спикерлерінің қатысуымен өтетін мастер-класқа шақырған болатын.


Алғашқы болып сөз сөйлеген Business School негізін салушылырдың бірі, тренер Салтанат Мінайхан көпшілік қауымға кәсіп бастаудың қыр-сырын ашып, жетістікке жетудің жолдары мен өз идеяңды қалай іске асыру керек екенін көрсетіп берді.

Ал тендер туралы ұтымды идеялар мен қызықты мәліметтер айтып, тендерді тұрақты табыс көзіне айналдыру бойынша, жеке кәсіпкер Талғат Сақанов «сатып алу мен сату» жөніндегі білімімен баршаға бөлісіп, өзінің осы саладағы бір айлық сабақтарына шақырды.

Сонымен қатар, Tuyndy Media сайт жасау компаниясының негізін салушы Исмайл Құлан интернет-маркетингтің маңыздылығы жөнінде сөз қозғап, тыңдарманға керек кеңестерді берді.

Кәсіп пен қайырымдылықты қатар алып жүрген Қайрат Құдайбергеннің бизнесті бастау туралы берген кеңестері мен өзін дамытуға арнаған 15 ережесі кәсіп ашуды ойлаған көпшілікке ерекше әсер етті. «Арманың шабыт сыйласын, арманыңды мақсатқа айналдыр!»- деген ұранмен өзінің басынан өткен түрлі жағдайларын баяндап, қатысушыларды 15 жылға арналған жоспар жасауға және сол жолда аянбай еңбек етуге шақырды. Одан бөлек көпшілікке инста-конкурс жариялап, оған қатысқан 304 оқырманның арасынан 10 қатысушыға Қайрат Құдайбергеннің кітабын және 1 адамға арнайы Q4 Business School тегін оқу мүмкіндігін сыйлады.

Мастер-класстың ерекшелігі - кәсіптің қыр-сырын үйреніп жүрген кәсіпкерлердің арасынан негізінен бесеуін таңдап алып олардың кәсібінің жүруіне көмектесіп, менторлық ететін болған, алайда көңілі кең Қайрат Құдайберген отызға жуық кәсіпкерлердің арасынан 5-еуін емес, 8-ін бірдей таңдап алып, оларға алдағы бір ай бойы кәсібінің жүруіне тікелей ат салысатын болады.

Қазақ біріне-бірі қолдау көрсетсе қандай керемет! Қайратты Қайрат Құдайберген өзгелерге де өзінің жетістікке бастайтын етістігі, яғни іс-әрекетімен қолдау көрсетсе, болашақта ол кісіден білім алған түлектер келешек ұрпаққа жақсылық жасап, ел дамуына еңбек ететіні ақиқат.