Жас кәсіпкер: "Серіктесімнің сатқындығы сағымды сындара алмады..."

0
3 916

"​Жұмысыңды қуанышпен орындайтын болсаң, басқасы қиындықсыз түзеледі" деген түсінік бар. Шынында адам өз кәсібіне сүйіспеншілікпен қарай бастаса тасы өрге домалай бастайды. Біздің бүгінгі кейіпкеріміз Мөлдір де өзінің сүйікті жұмысынан ләззат алып, табысын да көбейтіп отыр.


Жас кәсіпкер:

"Жұмысыңды қуанышпен орындайтын болсаң, басқасы қиындықсыз-ақ түзеледі" деген түсінік бар. Шынында адам өз кәсібіне сүйіспеншілікпен қарай бастаса, тасы да өрге домалайды. Біздің бүгінгі кейіпкеріміз Мөлдір де өзінің сүйікті жұмысынан ләззат алып, табысын да көбейтіп отыр.

Жиырма жастағы қыз өзінің кәсібін осыдан 3 жыл бұрын бастаған. «Осы саланың арқасында көптеген жақсы адамдармен танысып, жан-жақты болуды үйрендім» дейді Шымқаланың тойларын безендіріп жүрген Мөлдір Әміреева.


Студент кезінде түрлі кәсіпті байқап көргісі келген Мөлдірдің таңдауы - тойдағы шақыру қағаздары мен тойбастарларды безендіруге түседі. Өйткені бұл көп шығынды қажет етпейтін және қалада қолдан дайындалған тойбастарларға сұраныс болғанымен, бәсекелес аз еді.

Алғаш рет тойбастар дайындаған кезін еске алған Мөлдір еріксіз күлді, себебі бірінші тапсырыс беруші төртінші рет қайта дайындап бергенде ғана разы болыпты.

"Тойбастар жасаймыз" деген жарнамаларын әлеуметтік желі арқылы таратып, тапсырыс қабылдауды бастаған кезде 400 дана тойбастарға тапсырыс келеді. Көп тапсырысқа қатты қуанған қыздар бірден іске кірісіп кетеді, дегенмен олардың жұмысын тапсырыс беруші ұнатпайды. Бір рет емес, үш рет қайтарып жіберген кезде "Төртінші рет ұнатпаса жасамаймыз" деген шешім қабылдаған. Бірақ сол төртінші рет орындалған тапсырыс той иелерінің көңілінен шығады.

Алғашқы тапсырыстарынан үлкен сабақ алған Мөлдір мен оның құрбылары әрі қарай дамудың жолын қарастыра бастайды. Нәтижесінде жақсы ақша да көбейеді, бірақ осы жерде Мөлдірді тағы бір өмірлік сабақ күтіп тұрған болатын...

Кәсіпті бірге бастаған құрбысы ақша көбейген кезде барлығын өзіне алғысы келеді. Сонымен флешкадағы дизайндарды, инстаграм парақшаларын өзіне алып қойғасын ғана бөлінетінін Мөлдерге айтқан. Сенген серіктесінің бұл әрекеті жас қыздың жүрегіне ауыр тиеді. Бірақ ол қыз Мөлдірдің дайындаған дизейндарын алғанымен, жігерін ала алмайды. Өйткені сұлудың ол кезде талай биікті бағындырамын деген нақты мақсаты мен идеяларының күші тау қопаруға да жететін еді.


Қазіргі күні Мөлдір дипломы бойынша балабақшада хореограф болып жұмыс атқарады, танымал өнер орталығының бірінде менеджерлік қызметі тағы бар. Ал бос уақытында тойбастар мен шақыру қағаздарын дайындайды.

Болашақта өзінің үлкен дүкенін ашуды армандайтын қыз, қазір соның жолында еңбек етуде.

Фото: @shym.candybox

Автор: karashash_esenbay

ERNUR.KZ