Жұлдыздар қандай кәсіппен айналысады? Топ-3

0
4 545

Қазір "қалауын тапсаңыз, қар жауатын заман".​ Бір емес, бірнеше кәсіптің нәсібін жеймін десеңіз де ешкім бөгет бола алмайды. Бүгінгі кейіпкерлер халықты өнерімен ғана емес, кәсіпкерлігімен де сүйсінтіп жүрген жандар.


Жұлдыздар қандай кәсіппен айналысады? Топ-3

Қазір "қалауын тапсаңыз, қар жауатын заман". Бір емес, бірнеше кәсіптің нәсібін жеймін десеңіз де ешкім бөгет бола алмайды. Бүгінгі кейіпкерлер халықты өнерімен ғана емес, кәсіпкерлігімен де сүйсінтіп жүрген жандар.

Өнер-білім орталықтары. Шоу-бизнес өкілдері балаларға арналған орталық ашқанды жақсы көретін сияқты. Олардың ішіндегі ең атақтысы әзілкеш Тұрсынбек Қабатовтың жары Мөлдір Мұқанова басшылық ететін "ММ" өнер-білім орталығы. Мөлдір мен оның ұжымы балаларды жан-жақты дамытып, өзіне ұнайтын жұмыстан табыс тауып отыр. Осы сияқты балаларға арналған өнер мектебі осыған дейін әнші Қарақат Әбілдина, Индира Расылханда болған еді. Сондай-ақ жақында Сәкен Майғазиев те өзінің өнер мектебін ашты.

Сән салондары. Қыздардың сұлу болғаны-әлемнің сұлу болғаны. Осыны жақсы түсінетін өнер жұлдыздарының кейбірі сән салондарынан табыс тауып отыр. Олардың қатарында әнші Жазира Байырбекова, Алтынай Жорабаевалар бар. Өз аттарымен аталатын салондарын инстаграм парақшаларында ара-тұра жарнамалап тұрады.

Әйелдерге арналған салондардың ең ерекшесін тележурналист Айнұр Асанберді басқарады. Осы жылы ашылуы болған тонус клубқа тек қыз-келіншектер бара алады. Әрі оларда физикалық күш түсірмей-ақ артық салмақтан арылуға мүмкіндік бар.

Той көйлектерінің салоны. "Әйел көркі-шүберек" екенін түсінгендер көйлектер салонын ашқан. Бұл бизнестің көзін тапқан тележүргізуші Гүлназ Әлімгерей, Жазира Байырбекова және Сиви Махмуди. Олардың салонынан көз тартарлық түрлі көйлектерді табуға болады. Сонымен қатар, жақында Оралға келін болған тележурналист Нұрбигүл Егізова да қыз-келіншектердің киімін сататын дүкен ашқан еді.

Фото әлеуметтік желіден алынды.

ERNUR.KZ