Анар шырынымен маринадталған кәуап ерекше дәмді болады

0
2 136

Кәуаптың дәмді болуы оның маринадына байланысты дейді аспаздар. Яғни, дәмдеуіштермен бірге маринадқа қосқан қоспаңыз маңызды рөл ойнайды.


Анар шырынымен маринадталған кәуап ерекше дәмді болады

фото: i.ytimg.com

Кәуаптың дәмді болуы оның маринадына байланысты дейді аспаздар. Яғни, дәмдеуіштермен бірге маринадқа қосқан қоспаңыз маңызды рөл ойнайды екен. Көктем мезігілінде тау бөктеріне шығып, таза ауамен тыныстап, серуенге шыққымыз келеді. Осындайда ер-азаматтарымыз өз қолдарымен кәуап пісіріп, отбасын, достарын қуанышқа бөлейтіні бар. Ал, ол үшін кәуапты дәмді ететін қулықтарды біліп алғанның зияны жоқ. Ендеше анар шырынымен кәуапты маринадтауды үйренейік!

Қажетті өнімдер:

  • 1 кг сиыр еті
  • 200 мл. анар шырыны
  • 1 дана үлкен пияз
  • Ұнтақталған бұрыш
  • Ұнтақталған күнзе (кориандр)
  • 50 мл. өсімдік майы.

Дайындалуы:

Анар шырыны қосылатын бұл маринадқа көп уақыт кетеді. Сонда ғана ет жұмсақ болып піседі. Лажы болса, етті бір тәулік бойы маринадтаған дұрыс.

Етті ірілеп турап алып, тазалап жуып, кептіру қажет. Сосын етке күнзе мен бұрышты себелеп, жағып шығасыз. Ал, тұзды кәуапты пісірерден бір сағат бұрын себелесеңіз де болады.

Пиязды дөңгелектеп турап, етке қосасыз да, араластырасыз. Енді өсімдік майын, анар шырынын қосып, жақсылап бір араластырып жіберіңіз. Сосын тоңазытқышқа салып қоясыз.

Тауық етін сырамен маринадтаңыз

Қажетті өнімдер:


  • 1 келі тауық еті
  • 250 мл сыра
  • 1-2 дана пияз
  • 1 ас қасық ащы бұрыш
  • 1 ас қасық майонез
  • Тұз, бұрыш.

Дайындалуы

Тауық етін кәуапқа арнап бөлшектеп, бұрыш пен дәмдеуіштер салыңыз. Пиязды дөңгелектеп тураңыз. Майонез бен ащы бұрышты араластыру керек.

Енді пиязда етпен араластырып, жақсылап араластырасыз. Осы араласпаға майонез бен ащы бұрышты салып, тағы бір араластырып жіберу керек. Етті жарты сағатқа тоңазытқышқа салып қою керек. Осы уақыт өткеннен кейін сыраны құйып, барынша араластырасыз да, 3 сағаттай маринадтайсыз.

Сонда етіңіз өте жұмсақ әрі хош иісті болып піседі.

Дайындаған: Құрманкүл Өмірзаққызы,

ERNUR.KZ