Асүйде керек болатын кеңестер

0
6 740

Отбасы - ошақ қасында отырған әйелдер өзі дайындаған астың дәмді әрі мінсіз болғанын қалайды. Алайда өкінішке орай тәжірибелі аспаздардың өзі кейде қателік жіберіп жатады. Сондықтан да мұндайда мұңаюдың қажеті жоқ. Тек мынадай асхана қулықтарын біліп алсаңыз болғаны.


Асүйде керек болатын кеңестер

Отбасы - ошақ қасында отырған әйелдер өзі дайындаған астың дәмді әрі мінсіз болғанын қалайды. Алайда өкінішке орай тәжірибелі аспаздардың өзі кейде қателік жіберіп жатады. Сондықтан да мұндайда мұңаюдың қажеті жоқ. Тек мынадай асхана қулықтарын біліп алсаңыз болғаны.

  • Жаншылған еттің жұмсақ болып піскенін қаласаңыз, оны сірке суы мен өсімдік майы (1:1 көлемде) араласпасына бір сағаттай салып қойыңыз.
  • Балық қуыру кезінде иісі шықпас үшін майға қабығы аршылып, тазаланған картоп салып қоюға болады.
  • Ал, котлеттің құрғақ болып қалмауы фаршқа шикі немесе жартылай қуырылған пиязды қосып жіберу керек.
  • Егер сіз қазанға ет салып, оның көбігін алуға үлгермей қалсаңыз, байбалам салудың керегі жоқ. Осындайда қазанға 1 стақан қайнаған су құйып жіберу керек екен. Сонда көбік қайтадан көтеріліп шығады, алып тастау да оңай.
  • Ашытылған қамырдың жұмсақ болғанын қаласаңыз, оған қайнатылған картопты үккіштен өткізіп қосып жіберген дұрыс.
  • Фасоль салынған сорпаны қақпағын ашып, қайнататын болсаңыз, қойырқай тартпайды.
  • Салатқа өсімдік майын тұз, бұрыш салып араластырып алғаннан кейін қосқан дұрыс.
  • Сорпаның қоңырқай тартпағанын қаласаңыз, қайнату барысында жуылған жұмыртқа қабығын салып жіберіңіз. Кейін сорпаны сүзгіден өткізесіз.
  • Кейбір тауықтың еттері өте қатты болып, пісуі де қиынға соғады. Осындайда алдымен етті 20 минуттай қайнатып, кейін салқын суға 5 минут салып қоюды ұсынамыз.

Біздің кеңестеріміздің сіздерге көмегі тиеді деген үміттеміз. Егер де осындай асханаға өте қажетті, өзіңіз ғана білетін «қулықтарыңыз» болса, бөлісе отырыңыздар!

Дайындаған - Құрманкүл ӨМІРЗАҚҚЫЗЫ,

ERNUR.KZ