Чипсы мен "кириешкиді" қолдан дайындаудың оңай әдістері

0
7 613

Пайдалы чипсы мен кириешкиді үйде дайындай аласыз. Егер ысырап етпеймін, үнемшілдікті қалаймын десеңіз, бұл тіскебасарларды күнделікті қалған наннан да жасауға болады.


Чипсы мен

фото: photos.boldsky.com

"Кириешкиді" дайындау әдісі

Балалар сүйсініп жейтін қытырлақ нан «кириешкиді» барлық дүкеннен таба аласыз. Бірақ та оның зияндылығын мамандар айта-айта шаршады. Біз де болашақ ұрпақтың қаны бұзылмасын, табиғи тағам жасауды үйренейік деген ниетпен осынау дәмді қытырлақ нанды өз қолымызбен жасауды ұсынбақпыз. Бұл рецептті әрбір қазақ әйелі жазып алып, балаларына жасап бергені дұрыс.

фото: avatars.mds.yandex.net


Қажетті өнімдер:

  • Жарты бөлік қара нан
  • 1 шай қасық тұз
  • 2 шымшым орегано дәмдеуіші
  • 1 шымшым «бұрыштар араласпасы» («смец перцев»)
  • 3 ас қасық өсімдік майы


Дайындалу тәсілі:

  1. Қара нанды текшелеп турап аламыз. Тым майда қылудың қажет жоқ.
  2. Сосын полиэтилен пакетті алып, туралған нанды саламыз. Нанға тұз қосып, дәмдеуіштерді, ореганоны салып араластырамыз. Пакеттің аузын байлап ауа кірмейтіндей етеміз.
  3. Пакеттің байланған жерін ашып, енді өсімдік майын құю керек.
  4. Пешті 180 градусқа қойып қыздырып, табаны майлап, бетіне пергамент қағазын төсейміз. Болмаса фольга салуға да болады. Сөйтіп дәмдеуіштермен, өсімдік майымен араласқан нанды табаға жайып саламыз.
  5. Табаны пешке салып, 10-15 минут ұстаймыз.
  6. Егер нан тым жұмсақ болатын болса, 15-20 минутта қытырлаққа айналады. Ал, балғын нан болмаса 10 минутта дайын болуы керек.
  7. Балаларға арналған табиғи кириешкилеріміз де дайын болды. Дастарханға ұсына берсеңіз болады.



Классикалық чипсы

Енді чипсы пісіруді үйренейік. Чипсы рецептінде де айтарлықтай қиын ештеңе жоқ. Қолыңызда картоп пен өсімдік майы болса жеткілікті.

фото: media.leverans.ru

Қажетті өнімдер:

  • 500 гр. картоп
  • 2-2,5 ас қасық өсімдік майы
  • Қуыру үшін өсімдік майы
  • Тұз, бұрыш


Дайындалу тәсілі:

  1. Картопты аршып, тазалап жуыңыз. Содан соң жұқа әрі дөңгелек етіп турап, суға салып қоыңыз. Жарты сағаттан соң майлықтың үстіне жайып, кептіру қажет. 20-30 минутта картоп та дайын болады.
  2. Осыдан соң табаға май құйып, қыздырып, кептірілген картопты қуырамыз.
  3. Картоптар қызарып пісе бастағанда сүзіп алу керек. Содан соң бетіне тұз, дәмдеуіштер себесіз.
  4. Қуырылған чипсыларды қағаз майлықтың үстіне жаюды ұмытпаңыз. Міне, чипсылар да дайын болды.


Дайындаған: Құрманкүл Әти,

ERNUR.KZ

Тағы да оқыңыз:


Шеф-аспаздар ұсынған 12 кеңес


Тауықты бүтіндей пісірейік!


Жаңа жылдық салаттар мәзірі