ЧУПА-ЧУПСке не қосылатынын білесіз бе?

0
8 073

Чупа-чупс дайындаудың 6 түрлі мәзірін ұсынамыз!


ЧУПА-ЧУПСке не қосылатынын білесіз бе?

Күнделікті дүкеннен сатып алатын осы бір тәтті кәмпиттің неден жасалатынын ойланып көрдіңіз бе? Оның құрамына қарапайым қант пен өсімдік майы қосылады екен. Жасалу технологиясы да қиын емес. Егер сізге чупа-чупс жасау мәзірі қызықты болса, төмендегі рецепттерге назар аударыңыз!


Жеміс-жидектер қосылған чупа-чупс

Қажетті өнімдер:

  • 100 гр. кез келген жеміс
  • 1 уыс қант
  • 2-3 қасық бал.

Дайындалу тәсілі:

  1. Жеміс-жидектерден: банан, құлпынай, таңқурай, шиені алуға болады. Сөйтіп осы таңдалған жеміс-жидектерді блендермен езіп, балмен араластырамыз. Жеміс-жидекті блендерсіз де езуге болады.
  2. Енді қантты салып, табақты отқа қоямыз. Осы тәтті араласпаны қант ерігенше отта ұстап, үнемі араластырып отырамыз.
  3. Қанттың иісі шығып, араласпамыз қоюланғанда өзіңіз қалаған формаға құясыз. Сөйтіп әрбір чупа-чупске таяқшасын салып, тоңазытқышқа саласыз.
  4. Өздеріңіз байқағандай қарапайым қолдан жасау өте оңай.


Жеміс шырынынан дайындалған чупа-чупс


Қажетті өнімдер:

  • 2-3 ас қасық табиғи жеміс шырыны
  • 2-3 ас қасық қант
  • Бетіне себелеу үшін торт ұнтағы керек.

Дайындалу тәсілі:

  1. Жеміс шырынын қантпен араластырыңыз.
  2. Осы араласпаны отқа қойып, жай отта қыздырасыз.
  3. Мұндай шырынды тоқтаусыз қозғамасаңыз, түбіне күйіп кетуі мүмкін. Сол себепті де оттың басынан кетпеңіз.
  4. Содан соң қоюланған карамельді суығанын күтесіз. Қолды сулап, тәтті араласпадан домалақ чупа-чупстер жасайсыз. Тәрелкеге орналастырып, таяқшасын қадап қойсаңыз болғаны.
  5. Сосын карамельдің бетіне торт ұнтағын себелеңіз. Дайын тәттілерді тоңазытқышқа салып қойыңыз.


Какао мен бал қосылған чупа-чупс

Қажетті өнімдер:

  • 1-2 стақан қант ұнтағы
  • 1-2 қасық какао
  • 1 ас қасық бал
  • ¼ стақан су
  • ¼ стақан өсімдік майы

Дайындалу тәсілі:

  1. Барлық қоспаларды бір ыдысқа салып, араластырыңыз.
  2. Сосын отқа қойып, қозғап отыруды ұмытпаңыз.
  3. Араласпа қоюланған уақытта оттан алып, формаларға құйып шығыңыз. Болмаса суығанын күтіп, қолыңызбен дөңгелек шариктер жасасаңыз да болады.
  4. Дайын кәмпиттерді тоңазытқышқа салып қоюды ұмытпаңыз.


Алмадан жасалған чупа-чупс


Қажетті өнімдер:

  • 1 келі кішірек көлемдегі алма
  • 1 стақан қант
  • 5 ас қасық кілегей
  • 1 ас қасық өсімдік майы
  • Шым-шым ванилин
  • Азырақ ванильді қант ұнтағы
  • Әсемдеу үшін жаңғақ ұнтағы қажет.

Дайындалу тәсілі:

  1. Кілегей мен қант араласпасын табаққа салып, отқа қоямыз.
  2. Араластыра отырып қайнатып, кремге айналғанша қозғаймыз.
  3. Алмаларды жуып, әрқайсысына таяқшаларын қадап шығамыз.
  4. Ал, крем дайын болған соң оған өсімдік майын, ванилин ұнтағын қосамыз. Араластырған кезде ешқандай түйіршік қалмауы керек. Барлық қоспаларды қосып, араластырып, алманы осы карамельге батырып аламыз. Егер батырып алу қиындық тудыратын болса, алмаларды бір ыдысқа салып, карамельді бетіне құйып шығуға болады.
  5. Енді чупа-чупсті жаңғақ ұнтағына аунату ғана қалды. Жаңғақты жақсылап ұнтақтап, осы ұнтаққа жаңғақтарды бір аунатып аламыз. Сосын тоңазытқышқа салып қоямыз.


Қарапайым шырын қосылған чупа-чупс

Қажетті өнімдер:

  • 100 гр. сатылымдағы шырын
  • 180 гр. қант

Дайындалу тәсілі:

  1. Шырынды өз қалауыңызбен таңдап алыңыз. Апельсин, алма, шие дәмі болсын, кез келген шырынды қосуға болады.
  2. Үш ыдысқа жарты стақан шырыннан үш бөлек құйып шығамыз. Сөйтіп әрқайсысына 1 стақан қант саламыз.
  3. Отқа қойып, үнемі араластыра отырып, жай отта 40 минуттай қайнатамыз.
  4. Тәтті қайнатпамыз қоюланғанша осылай қайнатамыз.
  5. Сосын оттан алып суытып, қасықпен немесе қолды сулап, домалақ шариктер жасаймыз. Осы домалақ шарларға таяқшаларды қадап, тоңазытқышқа салып қоямыз. Бір сағаттан соң чупа-чупстер де дайын болады.


Тосап қосылған ерекше чупа-чупс


Қажетті өнімдер:

  • 100 гр. жеміс-жидек
  • 1 ас қасық тосап
  • ½ стақан қант
  • 100 гр. ванилин

Дайындалу тәсілі:

  1. Жеміс-жидектерді тазалап жуып, жақсылап езу керек. Тосапты қосып, блендермен араластыруға да болады.
  2. Сосын осы езбеге қант пен ванилинді салып, араластырамыз.
  3. Табақты отқа қойып, қоюланғанша қайнату керек. Шамамен 40-45 минутта карамель де дайын болады.
  4. Дайын карамельді арнайы формаларға құямыз немесе суытып, қолмен домалақтап шығуға да болады. Чупа-чупстерді қалай жасасаңыз да өз еркіңізде.
  5. Ең бастысы балалар қуанып, өз қолыңызбен жасаған чупа-чупсті жейді.


Дайындаған: Құрманкүл Өмірзаққызы,

ERNUR.KZ


ТАҒЫ ДА ОҚЫҢЫЗ:


1 стақан фарш + 1 стақан айран - дәмді пирог


Дайындалуы ЕҢ ОҢАЙ әрі ДӘМДІ тағамдар


Қияр мен қызанақтан корей салатын жауып алыңыз