​Дәмдi салат

0
4 768

Қажетті заттар: /// 200 грамм тауық төс етi /// 200 грамм шұжық /// 3 түрлi тәттi бұрыш. Яғни, сары, қызыл және жасыл түстi тәттi бұрыштың әрбiрiнiң жарты бөлiгi /// 200 грамм консервiленген саңырауқұлақ /// 200 грамм консервiленген ананас /// 30 грамм грек жаңғағы /// 30 грамм мейiз /// Аскөк /// Майонез


​Дәмдi салат

Қажетті заттар:

/// 200 грамм тауық төс етi

/// 200 грамм шұжық

/// 3 түрлi тәттi бұрыш. Яғни, сары, қызыл және жасыл түстi тәттi бұрыштың әрбiрiнiң жарты бөлiгi

/// 200 грамм консервiленген саңырауқұлақ

/// 200 грамм консервiленген ананас

/// 30 грамм грек жаңғағы

/// 30 грамм мейiз

/// Аскөк

/// Майонез

Дайындау тәсілі:

1. Тауық етiн суда қайнатып пiсiрiңiз. Салқындатып қойыңыз да сосын ұзыншалап тураңыз.

2. Шұжық пен тәттi бұрышты да ұзыншалап тураңыз.

3. Мейiздi ыстық суда 5 минут ұстап, содан кейiн судан сүзiп алыңыз.

4. Саңырауқұлақтарды сұйықтығынан бөлiп алыңыз.

5. Ұзыншалап тураңыз.

6. Ананасты да ұзыншалап тураңыз.

7. Грек жаңғағын қабығынан аршып, орташа көлемдерге бөлiңiз. Жаңғақты ыстық табада сәл қуырып алыңыз да ұсақтап ұнтақтаңыз.

8. Барлық затты араластырып, майонез қосыңыз.

9. Дәмдi салатты өзiңiзге ұнаған пiшiндегi шағын ыдысқа салып, тарелкеге төңкерiп салуға болады.

10. Салаттың үстiн аскөкпен әрлеңiз.