​«Ханпалау» жасап көрдіңіз бе? (видео)

0
3 477

Қазіргі уақытта бұл тағамның да түрі көбейіп кетті. Әсіресе соңғы уақытта қамырдың ішіне салып дайындалатын «Ханпалау» трендке айналды. Мұндай асты мейрамханалардан немесе арнайы дәмханалардан сатып алып жейтін болсаңыз бағасы 6 мың теңгеден басталады. Ал үйіңізде әзірлесеңіз, "Ханпалауға" дайындауға ​сол ақшаның жартысы ғана жетеді.


​«Ханпалау» жасап көрдіңіз бе? (видео)

фото: chef.tm

Қазіргі уақытта бұл тағамның да түрі көбейіп кетті. Әсіресе соңғы уақытта қамырдың ішіне салып дайындалатын «Ханпалау» трендке айналды. Мұндай асты мейрамханалардан немесе арнайы дәмханалардан сатып алып жейтін болсаңыз бағасы 6 мың теңгеден басталады. Ал үйіңізде әзірлесеңіз, "Ханпалауға" дайындауға сол ақшаның жартысы ғана жетеді.

Мәзірі қажет болса, оны біз ұсынамыз.

Қажетті өнімдер

  • 700 гр. күріш
  • 2 дана ірі пияз
  • 2-3 дана сәбіз
  • 600 гр. қой еті
  • Шым-шым запырангүл (шафран)
  • 50 гр. сары май
  • 50 гр. күйдірілген май
  • Дәміне қарай тұз, дәмдеуіштер


Қамырға қажеттілер

  • 300 гр. ұн
  • 150 мл су
  • Тұз, 3 ас қасық өсімдік майы

Дайындалуы

  1. Күрішті тазалап жуып, суға салып қойыңыз.
  2. Сосын қамырды дайындайсыз. Ол үшін қайнаған сумен майды араластырып, ұн мен тұзды саласыз да, қамыр илейсіз. Алдымен қасықпен араластырыңыз. Су суығаннан кейін қолмен илей бересіз.
  3. Қазанға сары май салып, отқа қоясыз да, етті қуырып аласыз. Ет қуырылып болған соң пияз бен сәбізді, дәмдеуіштерді салу керек. Дәміне қарай тұз қосыңыз.
  4. Енді қамырды дайындап алайық. Қамырды жұқалап жайып, бірнеше бөлікке бөліп кесесіз. Сосын қазанды сары маймен жақсылап майлап, қамырларды жайып салу керек.
  5. Ал, күрішті алдын ала бөлек ыдыста қайнатып алуға болады.Жартылай дайындайсыз.
  6. Күріштің жартысын қазанға саламыз да, оның бетіне ет қуырмасын саламыз. Оның үстіне күріштің қалғанын, күйдірілген майды салып, қамырмен ашық жерлерін жауып шығамыз. Қалған қамырлармен де жабуға болады.
  7. Осылайша дайындалған палауды 15-20 минут бойы қазанның қақпағын жауып, пеште пісіреміз. Осы уақыт өткеннен кейін қазанның қақпағын ашып, 20 грамм сары май саласыз да, тағы да 20 минуттай пісіресіз.
  8. Өзіңіз дайындаған "Ханпалауды" дастарханға ұсына берсеңіз болады. Дайын "Ханпалауды" видеодан көріңіз.

Дайындаған: Құрманкүл Өмірзаққызы.

ERNUR.KZ