Жаз мезгілі қызанақ пен қиярдың толыққанды піскен кезі. Хош иісі мен дәмінен күн сайын жесең де бас тарта алмайсың. Осындай пайдалы өнімнен бүгін біз тіскебасар әзірлейміз.
фото: e-da.net
Жаз мезгілі қызанақ пен қиярдың толыққанды піскен кезі. Хош иісі мен дәмінен күн сайын жесең де бас тарта алмайсың. Осындай пайдалы өнімнен бүгін біз тіскебасар әзірлейміз. Жалпы бұл тағамды салатқа жатқызуға да болады. Тіпті болмаса, түскі ас пен кешкі астың арасындағы бесінті уақытында да жеуге болатын өте дәмді тіскебасар деген де артықтық етпес. Олай болса, ерекше әрі хош иісті қызанақты дайындауды үйренейік!
фото: pimg.mycdn.me
Қажетті өнімдер:
- 1400 гр. қызанақ
- 50 гр. сыр (фета)
- 3-4 шай қасық йогурт
- 1 тіс сарымсақ
- ½ шай қасық көк пияз
- 1/3 шай қасық ас көк
- Дәміне қарай тұз, бұрыш салынады.
Дайындалу тәсілі:
- Бірінші сырды шанышқымен езіп аламыз.
- Аскөк пен көк пиязды майдалап тураймыз. Сөйтіп сыр салынған табаққа саламыз.
- Тұз бен бұрышты да қосыңыз. Барлығын жақсылап араластыру керек.
- Қызанақты 8 мм-1 см шамасында дөңгелектеп кесіп шығасыз.
- Енді әрбір қызанақтың арасына сыр мен сарымсақ араласпасын жағыңыз. Төрт-бес қабат жасағаннан кейін, ең бетіне араласпадан азырақ бөлік алып, әсемдеп қойып қоюға болады. Оны дөңгелек пішінде қоюды ұмытпаңыз. Сосын сол дөңгелек сыр мен сарымсақ араласпасына аскөктің әдемі сабағын қадап қойыңыз. Сонда өте әдемі тіскебасар да дайын болады. Дәмді қызанақтан ауыз тие беріңіздер.
Қызанақтан жеңіл салат
Қажетті өнімдер:
- 300 гр. қызанақ
- 300 гр. қияр
- 100 гр. пияз
- 4 ас қасық зәйтүн майы
- 1 ас қасық лимон шырыны
- 1 ас қасық ақжелкек (хрен)
- 1 тіс сарымсақ
- 150 гр. дана тәтті қызыл болгар бұрышы
- Тұз, бұрыш
фото: avatars.mds
Дайындалу тәсілі:
- Салат салатын тәрелкеге алдымен сарымсақты үгіп аласыз. Яғни, майда үккіштен өткізу қажет.
- Ал, қиярды дөңгелектеп турайды.
- Қызанақтарды ірілеп, әлі тіліктеп кесуге тырысыңыз.
- Қызыл болгар бұрышы ұзыншалап туралады.
- Дәмдеуіш тұздықта дайындап алайық. Ол үшін кесеге зәйтүн майын құйып, оған лимон қышқылын, тұз бен бұрышты, ақжелкекті салып араластырып аламыз.
- Осы араласпаны салатқа құйсаңыз, өте дәмді әрі жеңіл салат шығады. Бұл салатты әсіресе осындай жаздың жаймашуақ күндерінде әзірлеу өте оңай.
Дайындаған Қ. Өмірзаққызы,
ERNUR.KZ