Өте дәмді: МАНТЫны бұқпапеште ПІСІРІП көріңіз

0
7 089

Ерекше әрі дәмді манты жасап үйренейік!


Өте дәмді: МАНТЫны бұқпапеште ПІСІРІП көріңіз

Пеште пісетін мантының салмасы да қарапайым емес. Ал қамырын жақсылап илеп, мантыны түйіп, тұздыққа салып пісіресіз.


Қажетті өнімдер:

Қамырына:

  • 1 дана жұмыртқа
  • 130 мл су
  • 375 гр. ұн
  • 1 шай қасық тұз
  • 2 ас қасық өсімдік майы

Салмасына:

  • ½ бас қырыққабат
  • 500 гр. фарш
  • 2 тіс сарымсақ
  • 1 шай қасық кориандр
  • Дәміне қарай тұз
  • 2 дана пияз
  • 1 дана ащы бұрыш
  • Ақжелкен
  • Қуыру үшін өсімдік майы


Тұздық үшін:

  • 400 гр. қызанақ
  • 1 шай қасық тұз
  • 2 ас қасық өсімдік майы.


Дереккөз: pikabu.ru

Дайындалу тәсілі:

  1. Ең алдымен қамырды илеп аламыз. Дайын қамырды тағамдық пленкамен орап, 20 минутқа қалдырамыз.
  2. Пиязды текшелеп турап, майға қуыру керек. Сосын фаршты салып, бірге қуырамыз.
  3. Қырыққабатты ұзыншалап турап, тұз қосамыз да, қолымызбен мыжғылап сөлін шығарамыз. Артынша қуырмаға қосып, 10-15 минуттай отта ұстаймыз. Осы уақытта қырыққабат жартылай дайын болуы керек.
  4. Қызанақтарды жуып, ірі үккіштен өткіземіз.
  5. Қамырды жайып, ортасына салманы саламыз да, мантыны түйеміз.
  6. Формаға алдымен үккіштен өткізілген қызанақты құйып, тұз саламыз да, 2 ас қасық өсімдік майын құямыз. Сөйтіп қызанақ шырынымен араластырып, мантыларды салу керек.
  7. Осылайша дайындалған мантының бетін фольга қағазымен джжауып, пешке салып 180-200 градуста пісіреміз. 35-40 минутта мантымыз дайын болады.

Аударған: Құрманкүл ӨМІРЗАҚҚЫЗЫ,

ERNUR.KZ


ТАҒЫ ДА ОҚЫҢЫЗ:


ЖАҢА ЖЫЛ: Келе жатқан СИЫР жылында ДАСТАРХАНҒА не қою керек?


Өкпені суықтан қорғайтын шырындар


Әлемге әйгілі 7 түрлі дәмдеуішті қалай жасайды?