Тез дайындалатын салатты кез келген уақытта жеуге болады.
фото: lesnik.life
Тауық еті салатқа ерекше дәм беріп, тәбетті аша түседі. Өте қарапайым әрі қолжетімді заттардан жасалатындықтан барлық қыз-келіншектердің дайындап көруге мүмкіндігі бар.
Қажетті өнімдер:
- 250 гр. тауық еті
- 150 гр. кептірілген қара өрік
- 70 гр. қатты ірімшік
- 50 гр. грек жаңғағы
- 2 дана жұмыртқа
- 1 дана алма
- 70 гр. майонез.
Дайындалу тәсілі:
- Ыдысқа су құйып, тауық етін, шамалап тұзды салып, қайнатыңыз. Піскен соң етті сүзіп алып, майдалап турайсыз.
- Жұмыртқаны да қайнатыңыз. Суыған соң қабығын аршып, оны да майдалап турау керек.
- Кептірілген қара өрікті 10 минут қайнаған суға салып қоясыз. Жұмсарғаннан кейін майдалап турайды. Жаңғақты да майдалаған дұрыс.
- Алманың қабығын аршып, дәнінен тазартасыз да үккіштен өткізесіз. Ірімшікті орташа үккішпен үгіңіз.
- Барлық қажетті өнімдерді дайындап алған соң, енді салатты былайша қабаттайсыз: тауық еті – қара өрік – жұмыртқа – алма – ірімшік – грек жаңғағы.
- Әрбір қабаттың арасына міндетті түрде майонез жағуды ұмытпаңыз.
- Дайын салатты 1 сағат тоңазытқышқа салып қойыңыз.
Дайындаған: Қ.Әти,
Тағы да оқыңыз: