​ЖҮГЕРІ қайнатудың ЕҢ ҚАРАПАЙЫМ 5 әдісі

0
10 186

Жүгері ең пайдалы дәнді дақылдардың бірі. Кулинарияда жүгері жармасы, ұны, крахмалы мен майы көптеп қолданылады. Осындай өнімдерден адам ағзасын нәрлендіретін түрлі тағамдар дайындайды.


​ЖҮГЕРІ қайнатудың ЕҢ ҚАРАПАЙЫМ 5 әдісі

Жүгерінің құрамында А,С, Е, К және В тобындағы дәрумендер мен фосфор, марганец, магний, кальций, мыс, мырыш сынды минералдар бар. Әсіресе жүгері собығында иммунитетті нығайтатын Е дәрумені (ең мықты антиоксидант) және де ағзадағы зат алмасу жүйесіне белсенді қатысатын әрі қант мөлшерін қалыпқа келтіретін никотин қышқылын да табуға болады.

Жүгеріні дұрыс қайнататын болса, оның бойындағы барлық пайдалы заттар сақталады. Ендеше осындай пайдалы азықты қайнатудың 5 әдісін ұсынамыз.


Қайнатылған жүгері


Ең алдымен ыдысқа су құйып, отқа қойып қайнатыңыз. Сосын жүгеріні саласыз. Жүгерінің жапырақтарын алып тастаудың қажеті жоқ. Себебі сыртындағы қабығы жүгеріге ерекше дәм беріп, сулы болып пісуіне септігін тигізеді. Ал, шашақтарын алып тастау қажет.

Жүгерінің жас собығын 20-25 минут қайнайды. Ал, пісіңкіреп кеткен болса 2 сағатқа дейін қайнатуға болады. Жүгерінің тез піскенін қаласаңыз, оны алдын ала 2-4 сағат бойы суға салып жібітіп қою керек.

Жүгері пісейін дегенде оның бір түйір дәнін шанышқымен алып, жеп көріңіз. Егер жұмсақ болса жүгері дайын деген сөз. Суын төгіп тастап, ыдыстың қақпағын жабыңыз да сыртынан матамен немесе майлықпен орап тастаңыз. 10-15 минут осылай тұруы керек. Жүгеріні буымен одан сайын жұмсарып, сулана түседі.


Микротолқынды пеште піскен жүгері


Қажетті өнімдер:

  • 2-3 дана жүгері
  • 20-30 гр. сары май
  • Ұнтақталған қара бұрыш, тұз.


Дайындалу тәсілі:

  1. Жүгерінің қабығын аршып, 1 сағаттай салқын суға салып қойыңыз. Содан соң жүгеріні полиэтилен пакетке салып, 2 ас қасық су құясыз. Қалтаның аузын жақсылап байлап, 1-2 жерін тесіп қою керек. Осылайша дайындалған жүгеріні микротолқынды пешке салып, 15 минут ең максималды қуатталығына қоясыз.
  2. Жүгеріні микротолқынды пеште бұдан да жылдам дайындауға болады. Ол үшін жүгеріні қабығынан, шашақтарынан тазартып, қағаз майлыққа орайды. Собықты алдын-ала суға жібітіп қоюды ұмытпаңыз. Пешті ең жоғарғы қуаттылығына қойып, 5 минут ұстайсыз. Сонда жүгері де дайын болады.
  3. Дайын жүгеріге тұз, бұрыш себелеп, ерітілген сары майды құйып, дастарханға ұсына бересіз.


Жүгеріні мультипеште қалай қайнатады?




Қажетті өнімдер:

  • 4-5 дана жүгері
  • 1 л су
  • 300 мл сүт
  • 70 гр. сары май


Дайындалу тәсілі:

  1. Дәміне қарай қант, тұз, ұнтақталған қара бұрыш қосылады.
  2. Жүгеріні жапырақтары мен шашақтарынан тазалап, жақсылап жуыңыз. Сосын мультипештің қазанына су мен сүтті құйып, қайнаған соң жүгеріні салыңыз. Егер жүгері қазанға тұтастай сыймайтын болса 2-3 бөлікке бөліп салуға болады. Содан соң мультипештің ең жоғарғы қысымын таңдап, таймерді 15-30 минутқа қоясыз. Жүгері піскен болса сүзіп алып, тұз, азырақ май себелеп жей беруге болады. Болмаса жүгері қайнау барысында қант, тұз, бұрышты салып, бірге қайнатуға да болады. Әркім қалауына қарай дайындай береді.


Жүгеріні пеште де пісіруге болады


Қажетті өнімдер:

  • 5-6 дана жүгері
  • Дәміне қарай тұз
  • 500 мл қайнаған су.

Дайындалу тәсілі:

  1. Пештің табасын алып, сары май жағамыз. Осы табаға тазаланған әрі жуылған жүгерілерді салып, қайнаған суды құямыз. Сонла су жүгерінің жарты бөлігін жауып тұруы тиіс.
  2. Табаның бетін фольга қағазымен жауып, 180 градусқа қыздырылған пешке саламыз. 40-60 минутта жүгері де пісіп шығады. Егер жүгері қаттылау болса 120 минутта дайын болуы мүмкін.


Қатты жүгеріні жұмсақ та балғын етіп пісіруге болады


  1. Пісіп кеткен жүгерінің жұмсақ әрі балғын болып піскенін қалайсыз ба? Олай болса, оны сүт пен су араласпасын жасап, жұмсартуға болады. Ол үшін жүгерілердің қабығын тазалап, 2-3 бөлікке бөліңіз.
  2. Табаққа бірдей көлемде сүт пен салқын су құйып, жүгеріні салып қойыңыз. Бөлме температурасында 4 сағаттай тұруы керек. Осы уақыт өткен соң жүгеріні ыдысқа салып, 50-80 минуттай қайнатасыз.

Дайындаған: Құрманкүл ӨМІРЗАҚҚЫЗЫ,

ERNUR.KZ

Тағы да оқыңыз:


Бойыңызға ҚУАТ беретін 4 сусын


Қыс мезгіліне дайынсыз ба: Қиярдан дайындалатын өте оңай "ЛЕЧО"


Иммунитетті көтеретін ҚАРБЫЗ ШЫРЫНЫН дайындап ішіңіз