​Жұмада пісіретін ЖЕТІ ШЕЛПЕКТІҢ ерекше ЕКІ рецепті

0
8 153

Жеті шелпекті жұма сайын тарқатып, өмірден өткен ата-бабаларына құран бағыштайтындар өте көп.


​Жұмада пісіретін ЖЕТІ ШЕЛПЕКТІҢ ерекше ЕКІ рецепті

Шелпекті дәмді етіп пісіру әрбір қазақ әйелінің міндеті. Оны түрліше дайындауға болады. Егер туған-туыстарыңыздың, көршілеріңіздің Сіз жасаған шелпекті сүйсіне жегенін, Сіздің әрбір ісіңізге тілекші болғанын қаласаңыз, шелпекті ерекше әдіспен пісіруді біліп алыңыз.

Салма салынған шелпек

Қажетті өнімдер:

  • 200 мл жылы су
  • 1 дана жұмыртқа
  • 0,5 шай қасық тұз
  • 1 ас қасық 9%-дық сірке су
  • 1 ас қасық өсімдік майы
  • 450 гр. ұн

Салмасына:

  • 350 гр. фарш
  • 1-2 дана пияз
  • 100 гр. қатты ірімшік
  • Пісіру үшін өсімдік майы қажет.


Дайындалу тәсілі:

  1. Табаққа жұмыртқа мен тұзды салып, 1 ас қасық сірке суы мен жылы суды құямыз. Сөйтіп барлығын арнайы құралдың көмегімен жақсылап араластырамыз.
  2. Ұнды електен өткізіп, табаққа салып, жұмсақ қамыр илейміз. Артынша 1 ас қасық өсімдік майын құйып, тағы бір илеп жібереміз. 5-10 минуттай қамырдың июін қандырып қоямыз.
  3. Салманы дайындау үшін: дайын фаршты табаққа салып, еттартқыштан өткізілген пияз, тұз, бұрыш салып, араластыру керек. Дәмдеуіштер де қосуға болады.
  4. Осы фарштың бетіне ірі үккіштен өткізілген ірімшікті салып, жақсылап араластырамыз.
  5. Июі қанған қамырды алып, кішірек бөліктерге бөліп, дөңгелектеп шығу керек. Тағы да бетін жауып, 5 минутқа қалдырамыз. Қ
  6. Қамырларды жұқалап жаямыз. Екі қамырдан 1 шелпек дайындаймыз. Ол үшін жайылған 1 қамырды алып, оның бетіне фаршты саламыз. Сосын екінші қамырды бетіне қойып, жан-жағын жабыстырып шығамыз.
  7. Табаға азырақ май құйып, шелпектерді екі жағын бірдей қызарта пісіріп ала береміз. Өте дәмді әрі ерекше әдіспен дайындалатын ЖЕТІ шелпегіміз де дайын болды!


Қаттама шелпек


Қажетті өнімдер:

  • 100 мл сүт
  • 100 мл су
  • 700 гр. ұн
  • Маргарин немесе қойдың құйрық майы
  • Дәміне қарай тұз, қант қосылады.

Дайындалу тәсілі:

  1. Жылы сүт пен суды табаққа құйып, ұн, тұз, қант салып, өте жұмсақ қамыр илейміз. Кішкене июін қандырып, қамырды жұқалап жаямыз да, маргарин немесе қойдың құйрық майын жағамыз.
  2. Жайылған қамырды жинап алып, дөңгелектейміз де, қайтадан жаямыз. Осылайша қамыр 3-4 рет жайылуы керек.
  3. Содан соң май жағылған қамырды орап, 3-4 сағат тоңазытқышқа салып қоямыз. Кейіннен қамырды алып, бірнеше бөлікке бөліп кесіп шығамыз. Әрқайсысын жайып, майға пісіріп аламыз.
  4. Қамырды пісіріп жатқанда ісініп кетпес үшін бір-екі жерінен тесіп қоюға болады.

Дайындаған: Құрманкүл Өмірзаққызы,

ERNUR.KZ

Тағы да оқыңыз:


"ГОЛУБЦЫ" - Тез әрі ЕРЕКШЕ әдіспен дайындауға болады


1 стақан фарш + 1 стақан ірімшік = дәмді орама