Бесік жырын білесіз бе?

0
80 927

Бесік жыры – ананың балаға деген үлкен махаббатының жырмен өрілген көрінісі. Баланы тербетіп отырып айтылатын осынау керемет жырдың тәрбиелік, тағылымдық мағынасы зор. Әдемі әуеннің астарында жас баланың дені сау, адал, өнерлі, еңбексүйгіш, еліне қорған болатын азамат болып ер жетсе екен деген ізгі тілек бар.


Бесік жырын білесіз бе?

Бесік жыры – ананың балаға деген үлкен махаббатының жырмен өрілген көрінісі. Баланы тербетіп отырып айтылатын осынау керемет жырдың тәрбиелік, тағылымдық мағынасы зор. Әдемі әуеннің астарында жас баланың дені сау, адал, өнерлі, еңбексүйгіш, еліне қорған болатын азамат болып ер жетсе екен деген ізгі тілек бар. Ананың жырмен жеткізген ізгі тілегін тыңдаған бала шебер болуға да, шешен болуға да ұмтылып өсері анық. Сондықтан да әрбір ана өз баласына әсерлі әуен, сырлы сөзбен айтылатын бесік жырын міндетті түрде айтуы абзал. Бесік жырыны көптеген түрлері бар. Біз сіздерге жырдың көпшілікке белгілі деген бірнеше нұсқасын ұсынбақпыз.

БЕСІК ЖЫРЫ

Әлди-әлди, ақ бөпем,
Ақ бесікке жат, бөпем!
Жылама, бөпем, жылама,
Жілік шағып берейін,
Байқұтанның құйрығын
Жіпке тағып берейін.
Әлди-әлди, аппағым,
Қойдың жүні қалпағым,
Жұртқа жаман болса да,
Өзім сүйген аппағым!
Әлди-әлди, шырағым,
Көлге біткен құрағым.
Жапанға біткен тірегім,
Жаман күнде керегім!
Қонақ келсе, қой, бөпем,
Қой тоқтысын сой, бөпем,
Құйрығына той, бөпем!
Айналайын, айымыз,
Алты қарын майымыз,
Жеті қарын жентіміз,
Алуа секер қантымыз.
Дауыл соқса, бақан бар,
Сом темірге балға бар,
Сом сынғанға — алда бар.
Қалқам, меніңқайдаекен?
Асқар-асқар тауда екен.
Онда неғып жүр екен,
Алма теріп жүр екен,
Асқар таудың алмасы
Жаңа пісіп тұр екен.
Әлди, бөпем, ақбөпем,
Ақ бесікке жат, бөпем.
Астыңа терлік салайын,
Үстіңе тоқым жабайын,
Тойға кеткен апаңды
Қайдан іздеп табайын?
Жылама, бөпем, жылама,
Атекеңді қинама!
Арша ма екен бесігі?
Ала ма екен әкесі?
Өрік пе екен бесігі?
Сүйе ме екен әкесі?
Жиде ме екен бесігі?

Жігіт пе екен әкесі?

Жылама, балам, жылама,
Ата-апаңды қинама.
Құрығыңды майырып,
Түнде жылқы қайырып,
Жаудан жылқы айырып,
Жігіт болар ма екенсің?
Айыр қалпақ киісіп,
Ақырып жауға тиісіп,
Батыр болар ма екенсің?
Бармақтарың майысып,
Түрлі ою ойысып,
Ұста болар ма екенсің?
Таңдайларың тақылдап,
Сөйлегенде сөз бермей,
Шешен болар ма екенсің?
Кең балағын түріскен,
Ұлы топта күрескен,
Балуан болар ма екенсің?
Бал қайнатып, шайішкен,
Қазы кертіп, жал жеген,
Асты болар ма екенсің?
Ұзақ жасап, көбірек,
Басты болар ма екенсің?
Қарағай найза қолға алып,
Жауға тиер ме екенсің?
Қашқан жаудың артынан
Түре қуар ма екенсің?
Жылама, бөпем, жылама,
Атекеңді қинама!
Алтын мен шоқтап тақия,
Берсек пе екен осыған?
Біз садаға, біз зекет,
Кетсек пе екен осыдан?
Менің тәттім қайда екен,
Қыздарменен тойда екен,
Тойда болса, отырсын,
Әлди, балам, алда жар!
Армансыз дүние кімде бар?
Біреудің болып көңілі шат,
Армандылар аһ ұрар!
Жездей-жездей қолыңнан,
Жезделерің айналсын,
Аппақ-аппақ қолыңнан,
Апаларың айналсын!
Әлди, балам, батыр балам,
Шауып келе жатыр балам,
Отыз қызды олжалап,
Алып келе жатыр балам.
„Олжа-олжа!"— дегенге,
Әрбіріне бір қыздан
Беріп келе жатыр балам.
Көзімнің ағы-қарасы,
Жүрегімнің парасы,
Уайым-қайғы ойлатпас,
Көңілімнің сапасы.
Айналайын, шырағым!
Көлге біткен құрағым!
Маңдайдағы құндызым,
Аспандағы жұлдызым.
Әлди, балам, ақ балам!
Айналайын, балам-ай!
Айналсын сенен анаң-ай!
Әлдилеп сені сүйгенде,
Атаңның көңілі болар жай!
* * * * * *
Әлди-әлди, ақбөпем,
Ақбесікке жат, бөпем,
Жылама, бөпем, жылама,
Көзіңніңжасынбұлама.
Әлди-әлди, бөпешім,
Қозы жүні көрпешім.
Жұрт сүймесе сүймесін,
Өзім сүйген бөпешім.
Айнекем, балам, қайда екен?
Қыздарменен тойдаекен.
Қызыл алма қолында,
Қыздар мұның жолында.
Әлди, балам, ақ балам,
Ақбесікке жат, балам,
Айналайын көзіңнен,
Атасынан ақ балам.
Әлди, балам, әлди!
Әуедегі жұлдыздай,
Суда жүрген құндыздай,
Өзім қалап сүйгендей,
Жұмақтағы қор қыздай,
Әлди, балам, әлди!