Қай кезде ​​«ШӨП СЫНДЫРУ» керек

0
4 798

Мұны тек сөзбен айтып қана қоймай, ІСТЕҢІЗ! Сонда нәтиже болады.


Қай кезде ​​«ШӨП СЫНДЫРУ» керек

Ырым тек жамандықтан сақтандыру, жағымсыз әдеттерден тыю ғана емес, жақсылыққа бағытталған, жақсылыққа сенуден пайда болатын наным-сенімдердің арқасында пайда болған.

Дегенмен, наным-сенімнің, ырымның арғы жағында белгілі бір тәрбиелік мән де болады.

Ата-бабамыздан жалғасып келе жатқан дәстүр мен салт, ырым-тыйымдар әрбір сәтке тиісті елеулі шақтарды атап өтуге, елеусіз қалдырмауға тырысқандықтан қалыптасқан.

Әдетте, салт-дәстүрлер жақсылық жағдайға байланысты орындалып жатады. Соның ішінде көңіл қуантарлық істің барлығы да «тойға» ұласып, ырымдары жасалынады.

Соның бірі «шөп сындыру» ырымы. Бұл ырымды көпшілікке ұнамды, пайдалы іс бітірген әсіресе мұндайды бұрын-соңды жасамаған, алғаш рет елдің ризашылығына бөленіп отырған жан үшін орындайды.

Сіз де талай рет естіген боларсыз, әлдекімнің немесе өзіңіздің өзгені сүйсіндірерліктей іс тындырғандарыңызда «шөп сындыру керек», «шөп сындырмаса болмайды» деген сөздерді.

(Суреттер ашық дереккөздерден алынды)

Мұны жай ғана айтып қоя салмай, іспен көрсету керек, яғни жерден шөп алып сындыру керек. Ырымы солай, мысалы сараң адам жомарттық танытқан кезде, қорқақ адам батылдық жасағанда немесе жұрт өзінен күтпеген жерден жақсы істер жасаса міндетті түрде шөпті сындыру керек.

Бұл көз, тіл тимесін деген жақсы ниеттен туындаған. Алайда «шөп басын сындырмайды» деген тіркеске мұның ешқандай қатысы жоқ. Себебі, шөп басын сындырмау деген жалқау, еріншек, қолынан іс келмейтін адамға теліп айтылатын теңеу.

«Шөп сындыратын» жақсы істеріңіз көбейсін!

Нұр ӘЛЕМ,

ERNUR.KZ


Тағы да оқыңыз:

«БҮЙРЕК» бауырмал болуға жетелейтін САЛТ