ПЕРЗЕНТсіз жандар жасайтын ЫРЫМ

0
7 296

Перзент тілеген адам неше түрлі ырымға сенеді. Ал БҰЛ ЫРЫМ ежелден келе жатқан ырым.


ПЕРЗЕНТсіз жандар жасайтын ЫРЫМ

Перзентсіз адам ғана Алладан жалбарынып, бала тілеп, мойнына бұршақ салған. Сондықтан, жайшылық кезде мойынға бұршақ салу жаман ырым саналады.

«Бұршақ» дегеніміз не, оны неге мойынға салады деп көпшілікке түсініксіз болуы мүмкін, өйткені мұның бір емес, бірнеше мағынасы бар.

Аспаннан жауатын бұршаққа да, ас бұршақтарына да ешқандай қатысы жоқ бұл бұршақтың.

Өйткені мойынға салатын бұршақ «арқан», «жіп» секілді зат. «Көгеннің желісіне өткізілген, лақ, қозы байлайтын шағын бүлдірге жіп, бір жақ басы- түйіншек, екінші жақ басы-ескен жіптің тұйық ілмегі» деп ғылыми дәлел келтіреді мамандар.

«Ұлы Қорамсадан көпке шейін бала болмаған соң Жарқынбай бәйбішесі һәм тоғыз қызымен көгеннің бұршағын мойнына салып, тәңірден немере тілейді» (М.Жұмабаев). «Бұрынғы кезде басына қатты қайғы түскен адам тілек тілеп, мойнына тас байлайтын әдет болған: қайғысы жойылғанда мойнына салғанын алады екен» деген жолдар кездеседі «Қамбар батыр» жырында.

Баласыз адамдардың мойнына көгеннің бұршағын салып, құдайдан ұрпақ тілеуі ертеден келе жатқан әдет. Бұл тағдырға мойын ұсынып, тәңірге шын беріліп, оның барлық әміріне көнудің және ақ тілеудің белгісі. Мұндай тілек әсіресе ертедегі жырларда жиі кездеседі. Оның соңы тілек орындалып, қуанышқа кенеліп жатады. Бұршақ салу -тәңірден бала сұраған жағдайда ғана қолданылады.


фото: instagram.com

Анам ұдайы осыны ескертіп отырғаннан кейін болар, бала күнімнен бері ойнап болса да мойныма ештеңе салмағанмын.

Тіпті сәндік үшін де орамал, шарф секілді бұйымдарды әлі күнге таға алмаймын. Дем жетпей, қысылып кететін сияқтымын. Бір жағынан, бала күнімнен қалған сол «қорқынышты сенім» де әсер ететін болуы керек.

Қазір өзім де анамын. Анамның маған айтатын ескертулерін, тыйымдарын реті келгенде өз балаларыма да айтып отырамын. «Ана көрген тон пішер» деген сол болса керек, анам мені қалай тәрбиелесе, маған нен үйретсе, мен де ұл-қыздарымды солай тәрбиелеп, анам көрсеткен жолмен қыздарыма өнеге үйретіп келемін.

Айтпағым, кейде балаларымның бір-бірімен алысып ойнап жүргенінде белдікпен тартысып, мойнына белдік байлап алғанын көрсем жаным шырқырап кетеді.

Мен де «тәйт, ал мойныңдағыны. Бұлай етуге болмайды. Жаман ырым» деймін. Мен бала кезімде анамның осылай ескерткенін, тыйым салғанын білемін, бірақ «Не үшін? Не болады екен?» деген сұрақтарды қойып, артық мазалаған емеспін.

фото: cabinetsalyk.kz


Ал менің балаларым барлығын білгісі келеді, мүмкін «жаңа заманның балалары» деген тіркес осындай барлығын білгісі келіп, тым белсенді балаларға айтылатын шығар.

Балаларыма барлығын тәптіштеп түсіндіріп, жілік-жілігін шағып айтып беру үшін өзімнің де ізденуіме тура келді.

Әрине баланы тәрбиелеу үшін қамқорлық пен мейірім ғана емес, білім де аса қажет. Ештеңемен таңдандыра алмайтын уақытта балаларға ежелгі ата-бабаларымыздың ұстанған салт-дәстүрлерін насихаттап, олардың тарихын ұғындыра бергеніміз де жөн шығар.

Өйткені менің балаларыма осындай тыйымның неліктен салынатынын түсіндіріп бергенімде шынында да олардың қызығушылығы артты және бұдан кейін мені тыңдап, қазақтың ырым-тыйымдарын біліп өсіп келе жатыр.

Әрбір ата-ана перзентіне жақсылық тілейтіні белгілі ғой, сондықтан қазақтыңұстанған салт-дәстүрінен асқан тәрбие жоқ деп білем.

Ал ұлттық құндылықтармен сусындап өскен ұрпақ ешқашан жаман болмайтыны ол айдан анық.

Нұр Әлем,

ERNUR.KZ


Тағы да оқыңыз:


ӘСКЕРге кеткен ұл аман-есен ОРАЛСЫН ДЕСЕҢІЗ...


ӨҢІРЖИЕК тағу - өсіп-өнуді білдіреді