​СӘБИ сүйген АНАҒА мына ҮШ ЗАТТЫ міндетті түрде БЕРІҢІЗ

0
34 777

ҰЛ үйлендіріп, ҚЫЗ ұзатып жүрген АНАЛАРДЫҢ құлағына АЛТЫН СЫРҒА


​СӘБИ сүйген АНАҒА мына ҮШ ЗАТТЫ міндетті түрде БЕРІҢІЗ

фото: parentsworld.com.sg

Әжемнің білгені білген ғой, шіркін. Кейде әжем сияқты тағы да 10 адам болса, мен тәрбиелі ұрпағы, өнегелі келіні, ілтипатты ұл-қызы бар елде өмір сүріп жүрмін деп нық сеніммен айта алатын едім. Әжелердің айтатын өсиеті қазіргі жастарға емес, ұл үйлендіріп, қыз ұзатып жүрген орта буындағыларға ауадай қажет пе деп қалам?!


Жақында Атырауда тұратын бөле ағам ұлды болып, отбасы шаттыққа кенелді. Тұңғыш немересінің дүниеге келгеніне шаттанған Сандуғаш апамыз (анамның сіңлісі) бен Ерғали жездеміз ел-жұртын жинап, қуаныштарымен бөліскен болатын. Біз әжемнің тыйымымен ол кешке бара алмадық. Өйткені нәрестені қырқынан шықпайынша, бөгде адамдарға көрсетуге болмайды екен. Сөйтіп бөбегімізге қырық күн болған соң, нағашы әжем бастаған бір қауым ел жолға шықтық.


Сандуғаш апамыз бесік тойын өткізіп, жөн-жоралғысын жасап қойған екен. Бір бөлмені балаға арнап, жиһаздармен толтырған. Шөбересін қолына алған әжемнің көзіне жас айналып, екі жасқа, нәрестеге ақ батасын берді. Ырымдап, алақанынан май жалады.

фото: stan.kz


Оқи отырыңыз:


ҚАРСЫ ҚҰДА деп КІМДЕРДІ атайды?


«Шөберенің алақанынан май жалау, су ішу – үлкен сауап. Шөбере көрген әже жәннат есігіне бір табан жақындайды деп ырымдайды үлкендер. «Бекболсын» деп ырымдап қойған шөберем атына заты сай азамат болсын. Өссін. Өнсін. Ұрпағын көбейтсін. Адам ұрпағымен мың жасайды. Бекболсынның ізінен еретін іні-қарындастары болсын. Бұл аға болып оларға қамқор болсын!» деп әжем ақ батасын берді.


Сөйтіп өз қолымен шөбересін бесікке бөлегісі келген әжемнің көңілі құлазып қалды. Өйткені балаға бесік алынбапты.


«Ой, апа, бесік алмадым. Оған ары барса 6-ақ ай жатады. Оның орнына мына жиһаздарды алуды жөн көрдік. Кішкентай ғана үйде бесікке орын табылмайды да. Құдағиымыз екеуміз солай шештік. Келінім де осыны құптады», деді Сандуғаш апам.


Мұны естіген біз аң-таң болдық. Дүниеге келген сәбиге бесік атамау бейне бір күнә іспетті болды маған.


«Бесік тойды қалай жасадыңыз сонда? Немереңізді неге бөледіңіз? Бесік тойда жасалатын ырымдарды қалай өткіздіңіз? Тыштыма күткен кішкентайларға не бердіңіз?" деп жамырай апамды сұрақтың астына алдық.


«Қойыңдаршы тегі, қара аспанды төндірмей. Бесіксіз де өседі менің балам» деді.


«Иә, бүгінде талай бала бесіксіз өсіп жатыр. Біреуінің ата-анасы тастап кеткен, біреуінің тегі белгісіз, біреуі тас жетім... Міне, осы балалар бесіксіз өседі. Қай атаңның ұрпағы бесікке бөленбеді, әлди естімеді? Бесік баласы бек бала, бесікте тектілердің баласы өседі. Бесік – ұрпақтар жалғастығы. Атасы өскен бесікке, баласы, немересі, шөбересі бөленеді. Бұл қасиетті зат әрбір қазақтың төрінде тұруы тиіс» деп әжем қызына қатты ескертті.


Бөлме ішін үнсіздік биледі.


«Реті келгенде айта кетейін. Мойныма қарыз болмасын. АНА атанған кез келген КЕЛІНГЕ не ҚЫЗҒА мына 3 затты міндетті түрде беріңдер...


1. БЕСІК

фото: infourok.ru


Бесік – қастерлі дүние. Бесікке бөленген баланың дені сау, ұйқысы тыныш болады. Денесі таза, құрғақ болады. Бесікте жатқан баланы анасы әлди айтып тербейді. Әлди естіген баланың зердесі ашылады, миы дамиды, есте сақтау қабілеті артады. Ең маңыздысы АНА мен БАЛАНЫ жақындастырады, бір-біріне мейірімін төгеді.

Бесікке бөленбеген бала болашақта өзі де бесік көрмей қалу қаупі бар. Біздің кезімізде бесікке бөлемеу деген болмаған. Бесіктен қағылған СӘБИ келешекте АНА не ӘКЕ бақытынан айырылуы мүмкін.


2. ШҮМЕК


Бесікке баланы шүмекпен бөлеу керек. Шүмек алатын кезде көпшілік аналар бірінші баланың жынысына (ұл, қыз) қарай алады. Егер қыз болса тек қыздың, ұл болса, керісінше ұлдың шүмегін ғана алады. Негізінде жас босанған АНА ұлды-қызды болсын деп ырымдап екі шүмекті бірдей алу керек. Бұл ұлдың артынан қыз ерсін, қыздың соңынан ұл болсын деген қазақтың ырымы мен сенімі.


3. ҚАЛЖА

фото: infourok.ru


Көп жерлерде немерелі болған АТА-ӘЖЕ мен перзентті болған ӘКЕ осыны ұмыт қалдырып жүр. Жас босанған АНАҒА міндетті түрде ҚАЛЖА жегізу керек. Бұл ежелден келе жатқан өнегелі дәстүр. Жаңадан босанған КЕЛІНГЕ арнайы қой сойып, етін асып, сорпасын ішкізіп, етін жегізу ЕНЕНІҢ басты парызы. Буыны бос, қуаты аз АНАҒА жақсы азық, СӘБИГЕ құнарлы сүт болады. ҚАЛЖА жеген АНА мен БАЛАНЫҢ дені сау, көңілі көтеріңкі, ұйқысы тыныш болады.


Сондықтан да шырақтарым, жас босанған АНА мен БАЛАНЫ өз СЫБАҒАСЫНАН айырмаңдар, деді ақ әжем.


Жазып алған - Асыл АРМАН,

ERNUR.KZ


Оқи отырыңыз:


Себепсіз ЖЫЛАЙ БЕРЕТІН балаға МЫНА ЫРЫМДЫ қолданып көріңіз


Балаға КӨЗ ТИГЕНДЕ мына ҮШ ӘДІСТІ жасаңыз