​5 күндік АЛМА ДИЕТАСЫ 7 келіге арықтатады

0
13 367

Қолжетімді диета саналатын алма емдәмі 5 күнде 7 кг-ға арықтауға көмектеседі. Тез арада арықтағысы келетіндер, мерекелер алдында осы диетаны ұстануына болады.


​5 күндік АЛМА ДИЕТАСЫ 7 келіге арықтатады

фото: fitnessi.ru/wp-content

Көктем – алма диетасын сынап көретін керемет кездердің бірі. Бұл тек нәтижелі ғана емес, сонымен қатар, дәмді әрі ағзаға пайдалы диета болмақ. Себебі, алма А, С, Р, В дәрумендері мен темір, магний, натрий, кальций, мыс, пектин, фолий қышқылдарына да бай. Оның үстіне алмада жасұнық бар. Сондай-ақ, алманың құрамында асқорыту, зат алмасу жүйесін жақсартатын заттар бар.

фото: static.vix.com

Тағы да оқыңыз:

Көктемде бақ-бақ гүлімен арықтаңыз!

8-НАУРЫЗҒА 1 аптада 7 келі салмақ тастауға көмектесетін ЭКСПРЕСС-ДИЕТАМЕН арықтаңыз!

Қолжетімді диета саналатын алма емдәмі 5 күнде 7 кг-ға арықтауға көмектеседі. Тез арада арықтағысы келетіндер, мерекелер алдында осы диетаны ұстануына болады. Бұл диетаның тағы бір ерекшелігі – емдәм кезінде спортпен шұғылданбай-ақ калория жоғалтасыз. Өйткені бес күндік ас мәзірінде құнарлылығы төмен тағамдар қолданылады. Көбірек су ішіп, сұйықтық мөлшерін арттыру қажет.


Артықшылығы мен кемшін тұсы

Егер сіз алма диетасымен арықтағыңыз келсе, онда бұл диетаның + және – жағын біле жүріңіз.

Артықшылығы қандай?

Аталмыш диетадағы ас мәзірі қарапайым азық-түліктерден тұратындықтан, оларды кез келген жерге апаруға, тіпті, жей беруге болады.

Нәтижелі: 5 күнде 7 кг-ға арықтайсыз.

Егер қарныңыз ашса, күннің кез келген уақытында алма жеуге болады.

Алманың құрамы жасұныққа бай болғандықтан да ол ағзаны нәрлендіріп, ашығудан сақтайды.

Кемшін тұсы

Қайта салмақ қосып алуыңыз мүмкін. Диетаның көмегімен жоғалтқан 5-7 келіні қайтадан бұрынғыдай тамақтануға көшкенде қосып алуыңыз ғажап емес. Сондықтан да 5 күннен кейін де аз-аздан тамақтанған дұрыс.

Энергияның жетіспеуі. Алма диетасы құнарлы тағамдардан құрылмағандықтан бойыңызды әлсіздік билеуі мүмкін. Сол себепті де диета кезінде физикалық жаттығулармен шұғылданбаған жөн.

Қатал диета болғандықтан да біз ұсынған ас мәзірін қатаң сақтаған дұрыс. Сонда ғана артық салмақтан арылып, жаңа өмірге қадам басасыз.

фото: kormejka.ru

1-күн

Бұл күні 1-1,5 кг алма ғана жейсіз.

2-күн

Таңғы ас: қалауыңызша алма жеңіз.

Түскі ас: салат жапырақтары, сүзбе.

Кешкі ас: тек алма жеуге болады (қалауыңызша).

3-күн

Таңғы ас: 150 гр. күркетауық еті, алма, бір тілім қара бидай наны.

Түскі ас: салат жапырағы.

Кешкі ас: алма (қалауыңызша).

4-күн

Таңғы ас: азырақ нан, бір тілім күркетауық еті, алма.

Түскі ас: бір банка тунец балығы, салат.

Кешкі ас: йлгурт пен қайнатылған күріш.

5-күн

Таңғы ас: алма, қайнатылған 1 дана жұмыртқа, 1-2 тілім қара бидай наны.

Түскі ас: салат, қуырылған тауық еті.

Кешкі ас: Алма.

Дайындаған: Құрманкүл Өмірзаққызы,

ERNUR.KZ

Тағы да оқыңыз:


Көктемде бақ-бақ гүлімен арықтаңыз!


8-НАУРЫЗҒА 1 аптада 7 келі салмақ тастауға көмектесетін ЭКСПРЕСС-ДИЕТАМЕН арықтаңыз!