Майдың 1 ас қасығын ішсе жетеді...
Табиғи зәйтүн майында адам денсаулығына аса пайдалы омега-3, омега-6 майларымен қатар, Е, А, К, және В тобындағы дәрумендер бар. Зәйтүн майы дұрыс сақталатын болса, оның жарамдылық мерзімі ұзарып, құрамындағы пайдалы заттары да арта түседі. Бірақ мамандар мұндай майға қарағанда балғын түрін пайдаланған абзалырақ дейді.
Арықтау үшін...
Зерттеулер нәтижесіне сүйенер болсақ, арықтау үшін зәйтүн майын лимон және балмен қосып ішу керек екен. Бұл қоспалардың қай-қайсысын алсаңыз да өзінің құрамымен, пайдалылығымен ерекшеленеді. Ал, үшеуінің қосындысы күшті нәтиже берері сөзсіз.
Мысалы, бал ағазадағы артық майларды тез "ерітетін" қасиетке ие болса, лимон артық сұйықтықты шығарып, холестерин деңгейін төмендетеді. Ал, зәйтүн майы ағаза өзінің емдік құрамы арқылы күш-қуат беріп, нәрлендіре түседі.
15 мл зәйтүн майында 120 ккал бар. Бұл майдың құнарының аздығын көрсетпейді. Дегенмен, ағзаны тазалауға жеткілікті деуге болады. Егер майдың көлемін арттыратын болсақ, артық салмақпен күресу қиынға соғады. Сол себепті де ашқарынға майды қабылдағанда мөлшерден асырмаған дұрыс. Сондай-ақ, таңертең нәр татпай тұрып зәйтүн майын ішетін болсаңыз, біраз уақытқа дейін қарынның ашқанын сезінбейсіз.
Зәйтүн майы, бал және лимон
Жоғарыда бұл үш азықтың пайдасын айтып өттік. Енді оны қалай дайындау керектігіне тоқталайық. Сырт келбетімізді қалыпқа келтіруге көмектесетін өте пайдалы қоспаға – 50 мл зәйтүн майы, жарты шыны аяқ лимон шырыны, 1 шыны аяқ бал қосылады. Барлығын жақсылап араластырып, тоңазытқышта сақтаймыз. Таңертең ашқарынға 1 шай қасықтан қабылдау керек.
Зәйтүн майының өзін де ішуге болады
Арықтауды армандап, семіздіктен арыла алмай жүрсеңіз, таңертең ашқарынға 1 ас қасық таза зәйтүн майын ішіңіз. Бірақ, мынадай жағдайларда майды ішу рұқсат етілмеген:
- Асқазан-ішек жолдары ауруларында;
- Өт қабы, бауыр ауруларында;
- Асқазан жарасында;
- Асқазанның созылмалы әрі ауыр ауруларында қолданбаған дұрыс.
Егерде зәйтүн майын ішкеннен кейін қандай да бір жайсыздықты сезінетін болсаңыз ары қарай қабылдамаған абзал. Өйткені көп мөлшерде қабылдаған зәйтүн майы асқорыту органдарына ауырлық түсіріп, бауырдың жұмысын нашарлатуы мүмкін.
Майды неліктен таңертең қабылдау керек?
Зәйтүн майын таңертеңгі уақытта қабылдаудың сыры неде? Біріншіден, азанғы уақытта адам ағзасы пайдалы заттарды жақсы сіңіреді. Сонымен қатар, бұл күні бойы зат алмасу жүйесінің жақсы жұмыс істеуіне себеп болады. Бұдан бөлек, ағзаның тазаруына да айтарлықтай үлес қосады. Арықтағысы келетіндер үшін, зәйтүн майын қабылдағаннан кейін қарын тез ашпайтындығымен пайдалы болмақ. Сол себепті де бұл майды арықтау үшін пайдаланады. Қарсы көрсетілімдері болмаса зәйтүн майының пайдасы өте көп.
Айран қосылған зәйтүн майы да арықтауға көмектеседі
Зәйтүн майы мен айранды араластырып ішу ішек жұмысын жақсартып, бауырды тазалайды. Ол үшін 200 мл айранға 1 шай қасық зәйтүн майын қосып, микротолқынды пешке салып жылытып аласыз. Сөйтіп осы араласпаны күніне 1 реттен 3 апта бойы ішу ұсынылады.
Цитрусты жемістер. Зәйтүн майының жағымсыз дәмін цитрусты жемістер баса алады. Мысалы, грейпфрут, лимон, апельсинді айтуға болады. Осы жемістердің бірінің шырынын сығып, зәйтүн майымен бірдей көлемде алып, араластырасыз. Дайын қоспаны іше беруге болады. Мұндай араласпаны салатқа қосып жеуге де болатынын естеріңізге саламыз.
Дайындаған: Құрманкүл Өмірзаққызы,
Тағы да оқыңыз:
ДТ тағамдар: АРЫҚТАҒЫСЫ келетіндер жеуге болатын пиццаның 2 ТҮРІ