Қазіргі уақытта арамызда семіздікпен күресіп жүргендердің көп екендігін білеміз. Мұнан бұрын арықтауға арналған түрлі жаттығулар мен диеталарды жазып, бірнеше рет тоқталып өткенбіз. Енді кезек семіре алмай жүргендерге келген сияқты. Редакциямызға да «Тым арықпын, қалай салмақ қосуыма болады?» деген секілді сұрақтармен түрлі хаттар келіп түсуде. Сондықтан да бүгін біз арықтықтан шаршап, семірудің жолын таппаған аруларымызға арналған диетаны ұсынбақпыз.
иллюстрациялық сурет: ғаламтордан
Қазіргі уақытта арамызда семіздікпен күресіп жүргендердің көп екендігін білеміз. Мұнан бұрын арықтауға арналған түрлі жаттығулар мен диеталарды жазып, бірнеше рет тоқталып өткенбіз. Енді кезек семіре алмай жүргендерге келген сияқты. Редакциямызға да «Тым арықпын, қалай салмақ қосуыма болады?» деген секілді сұрақтармен түрлі хаттар келіп түсуде. Сондықтан да бүгін біз арықтықтан шаршап, семірудің жолын таппаған аруларымызға арналған диетаны ұсынбақпыз.
Дегенмен, салмақ қосудың жөні осы екен деп алдыңызға келген тағамның бәрін бірдей асай беруге болмайды. Өйткені мұндайда асқазан тағамды дер кезінде қорыта алмай, ауырып қалуыңыз ғажап емес. Сонымен қатар, арықтай алмай жүрген жандарға жеуге тыйым салынған тағамдардан да ауыз тиюдің қажеті жоқ. Мәселен, тәттілер, пицца, май жағылған нанды жесеңіз, майлар қарынға, бөксеге жинала бастайды. Яғни сіз фигураңызды құртып алуыңыз мүмкін. Сол себепті де ас мәзірінде 45 пайыз көмірсулар, 30 пайыз майлар, 25 пайыз ақуыздардың болғаны дұрыс. Ендеше барлығы түсінікті болса, диетаны бастайық!
Бірінші күн
Таңғы ас: 3 дана жұмырт қа қосылған омлет, бутерброд (1 қияр, 1 қызанақ, бір тілім ет және бір дана грек жаңғағы). Ыстық шай немесе компот ішуге болады.
Түскі ас: 250 гр. кеспе көже, 100 гр. консервіленген бұршақ қосылған 100 қуырылған тауық еті, 2 тілім нан, бір дана алмұрт, көк немесе қара шай ішуге болады.
Бесін ас: Жарты стақан йогурт және кептірілген жемістер.
Кешкі ас: 150 гр. картоп езбесі мен котлет, ірімшік қосылған 2 дана бутерброд, көкөніс шырыны.
Екінші күн
Таңғы ас: 100 гр. сүт қосылған тары ботқа, жарты стақан йогурт, 5 дана орман жаңғағы, шай.
Түскі ас: 250 гр. тауық сорпасы, 100 гр картоп қосылған тұшпара, бір дана болгар бұрышы мен қияр, шай немесе кисель ішіңіз.
Бесін ас: 75 гр. йогурт, 100 гр құлпынай болмаса басқа жидектерді жеуге болады. Сонымен бірге бір стақан жеміс шырыны.
Кешкі ас: 150 гр. ірімшік, қызанақ, тауық еті қосылған омлет, 100 гр. күлше, бал қосылған сүт.
Үшінші күн
Таңғы ас: 3 дана қайнатылған жұмыртқа, 100 гр. көкөністерден дайындалған салат (қызанақ, қияр, аскөк, зәйтүн майы), 30 гр. мейіз, қою емес шай.
Түскі ас: 250 гр. кеспе көже, 100 гр қайнатылған сиыр еті және 100 гр. фасоль, 1 дана апельсин, шай.
Бесін ас: 1 стақан кефир, 50 гр. мейіз.
Кешкі ас: Қызанақ, қияр, тауық еті мен сыр, кетчуп қосылған сэндвич, 100 гр. шоколад, бір стақан жеміс шырыны.
Төртінші күн
Таңғы ас: Түні бойы сүтке салынған арпа жармасынан дайындалған ботқаға бал салып ішу керек. Сондай-ақ, үккіштен өткізілген алма, ұнтақталған жаңғақ қосуға болады. Бутербродпен шай ішіңіз.
Түскі ас: Ет қосып пісірілген щи дайындап ішіңіз. 100 гр. макаронға котлет, сыр қосып жеу керек. Қаймақ қосылған көкніс салаты, қою емес шай.
Бесін ас: Бір дана қайнатылған жұмыртқа, бутерброд, бір стақан жеміс шырыны, 1-2 тал грек жаңғағы.
Кешкі ас: 150 гр. қуырылған балық, картоп езбесі, 100 гр. салат және сүт қатылған шай.
Бесінші күн
Таңғы ас: 100 гр. картоп езбесі қосылған тұшпара, 100 гр. көкөніс салаты, 4 дана қараөрік, қара шай немесе компот.
Түскі ас: 250 гр. қой етінің сүрленген қабырғасы мен горох қосылған сорпа, 100 гр. салат (қайнатылған ет, қызанақ, салат жапырағы, қаймақ қосылған), 2 тілім нан, кисель.
Бесін ас: сүзбе салып пісірілген нан, бір дана банан, 70 гр. күлше, шай немесе йогурт.
Кешкі ас: 150 гр. қуырылған балық, 100 гр. ірімшік, майонез, гүлді қырыққабат салаты, май қосылған бутерброд, қызанақ шырыны.
Алтыншы күн
Таңғы ас: Пияз қосылған 100 гр. бұқтырылған тауық еті, 100 гр. макарон, какао.
Түскі ас: 250 гр. ірімшік сорпасы қуырылған нанмен, 100 гр. қызанақ пен қияр, брынза, аскөк, лимон шырыны және зәйтүн майынан дайындалған балғын салат, 100 гр. қуырылған балық еті, компот немес шай ішсеңіз болады.
Бесін ас: 250 гр. кефир, 15 дана бадам жаңғағы.
Кешкі ас: Тұздығы бар 150 гр. спагетти, 100 гр. нан ұнтағына аунатылып, қуырылған тауық еті, бір тілім нан, кілегей қосылған бір стақан сәбіз шырыны.
Жетінші күн
Таңғы ас: Мейіз, бен қаймақ, творог қосылған пісірме, бутерброд, какао немесе шай.
Түскі ас: 250 гр. тұздалған балық, 100 гр. тефтели, макарон мен сыр, бір дана қияр, 2 тілім нан, қою емес шай.
Бесін ас: Қаймаққа батырылған құймақ жеңіз. Сосын бір дана алмұрт, цитрусты жемістерден сығылған балғын шырын, жаңғақ.
Кешкі ас: 150 гр. бұқтырылған күркетауық еті, 100 гр томат тұздығы қосылған жасыл бұршақ, нан, 40 гр. сыр, бір стақан какао немесе қызанақ шырыны.
Жоғарыда берілген диетаны ұстанумен қатар, әр тамақтанудың арасын үш сағаттан асырмау керектігін ұмытпаңыз. Сондай-ақ, тағамды асықпай-аптықпай ішіп-жеген дұрыс. Суды көп ішкен де пайдалы.
Дайындаған: Құрманкүл Әти.
ERNUR.KZ