​Арқаңыз АУЫРА ма? ДӘРІСІЗ-АҚ емдеп алыңыз

0
3 159

Мұны жасаған соң біраз жеңілдік байқайсыз, арқаның ауырғаны да басылады.


​Арқаңыз АУЫРА ма? ДӘРІСІЗ-АҚ емдеп алыңыз

Бел омыртқадағы кішкене мазасыздықтың өзі "ойнайтын жағдай" емес. Үнемі қозғалыста болсаңыз да немесе отырып жұмыс істесеңіз де арқаңыз ауыруы мүмкін. Ал, біз осы бір жайсыздықтың алдын алу үшін бірқатар жаттығулар ұсынамыз.


Бірінші жаттығу



Арқаңызбен жатыңыз. Оң аяғыңыздың тізесін бүгіңіз. Сол аяқты тік ұстап жоғары көтеріңіз. Екі қолмен сол аяқты ұстап, өзіңізге тартыңыз. Осы қалыпта 30 секунд жатыңыз. Жаттығуды екі аяқпен кезек-кезек 2 рет қайталаңыз.


Екінші жаттығу



Арқаңызбен жатыңыз. Аяғыңызды өзіңізге қарай бүгіңіз. Сол аяқты екі қолмен ұстап, өзіңізге қарай тартыңыз. Осы қалыпта 20 секундтан кезегімен қайталаңыз.


Үшінші жаттығу


Арқаңызбен жатыңыз. Сол аяғыңыз түзу болуы керек. Оң қолыңыз оң жағында болу керек. Ал, оң жақ тіземен қарсы жақтағы тізеге тигізуге тырысыңыз. Сол қолды іске қосуға болады. Бұл қалыпта 20 секунд жатқан абзал. Әр аяқпен 2 рет қайталап жасау керек.


Төртінші жаттығу

Арқаңызбен жатыңыз. Оң аяқты сол аяқтың үстіне қойыңыз. Ал тізе бір жаққа бұрыңыз. Сол аяқты өзіңізге қарай ақырын тартыңыз. Бұл қалыпта 30 секунд тұру керек. Екі аяқпен кезектестіріп жасап көріңіз.


Бесінші жаттығу

Оң тіземен тізерлеп тұрыңыз. Осы қалыпта 30 секунд тұрыңыз. Келесі аяғыңызбен қайталаңыз.


Алтыншы жаттығу



Оң жақ бүйіріңізбен жатыңыз. Сол аяғыңыздың табанын ұстап, сол жақ тізені бүгіңіз. Беліңіздің сол жақ бүйіріне аздап күш салып, табаныңызды ақырындап тартыңыз. Арқа бүгілмеу керек. Осы қалыпта 30 секунд жатыңыз. Келесі бүйіріңізбен жатып, жаттығуды қайталаңыз.


Жетінші жаттығу

Үстелге қолдарыңызбен сүйеніп тұрғандай қалыпта тұрыңыз. Үстелге екі қолыңыздың жетуі үшін тізелеріңізді сәл бүгіңіз. Қолдарыңыз түзу, ал басыңыз иық деңгейінде болсын. Осылай 10 секунд тұрыңыз. Одан кейін түзу тұрып, екі жаққа кезек-кезек иіліңіз.


Осы жаттығудан кейін біраз жеңілдік байқайсыз, арқаның ауырғаны да басылады.


Дайындаған: Н.НАЛТАЙ,

ERNUR.KZ


Тағы да оқыңыз:


Ауырғанда АЛАҚАНДЫ УҚАЛАП иммунитетті күшейтуге болады


Бір минуттық жаттығу: ТЕРІС орындасаңыз, жазға дейін АРЫҚТАЙСЫЗ