Фитнес-кәмпиттерді өз мүсініне көңілі толмайтын әрі тәттіден бас тарта алмайтын барлық қыз-келіншектерге жеу ұсынылады.
фото: ancasteronlinefitness.com
Тәтті жақсы көрмейтіндер кем. Әсіресе, әйелдер... Бірақ олар біздің мүсінімізді бұзады. Ал, мына ФИТНЕС-КӘМПИТ сымбатыңызға зиянын тигізбейді. Керісінше кез келген тәттінің орнын басып, сіздің құмарыңызды қандырады. Бұл кәмпиттің дәмін көрген де арманда, көрмеген де арманда, десек қалай?!
фото: radikal.ru
Қажетті заттар:
- 200 гр. сұлы ұлпасы (овсяные хлопья)
- 50 гр. жаңғақ
- 100 гр. кептірілген өрік
- 20 гр. бал
- 20 гр. өсімдік майы.
Дайындалуы:
- Алдымен жаңғақтарды, кептірілген өрікті ұнтақтап, майдалап аламыз.
- Сосын осы ұнтаққа сұлы ұлпасын, бал мен өсімдік майын қосамыз. Барлығын жақсылап араластыру керек.
- Осы араласпадан енді домалақ кәмпиттер жасаймыз.
- Пешті 180-200 градусқа қыздырып, табаға кәмпиттерді саласыз да, қызарғанша пісіріп аласыз. 15-20 минутта кәмпиттер де дайын болады.
Арықтататын алма кәмпиті
фото: mir-ogorod.ru
Қажетті өнімдер:
- 200 гр. кептірілген алма қағы
- 0,5 стақан бидай жармасы (овсяные отруби)
- 1 дана банан
- 2 ас қасық какао.
Дайындалуы:
- Бананды блендерге салып, біркелкі болғанша айналдырады. Осы езбеге бидай жармасы мен какаоны салып, аралстыру керек.
- Кептірілген алманы турап, суға салып біраз жібітіп аласыз. Содан соң оны да блендерге салып, жақсылап аралстырыңыз. Дайын ботқадан домалақ тшариктер жасап, тәрелкеге салыңыз да, тоңазытқышқа қойыңыз. Бір сағаттан соң алып жей беруге болады.
- Өте тәтті мұндай кәмпиттерді семіздіктен арылып, мүсінінің сымдай тартылғанын қалайтын барлық нәзікжандыларға жасауға кеңес береміз.
Дайындаған: Қ.Өмірзаққызы,
Тағы да оқыңыз:
ОНЛАЙН АРЫҚТАУ: НЕНІ білу маңызды?
2 минут ішінде қарынды кетіретін жаттығуды білесіз бе?