Ауырған тізені 10 минутта-ақ емдеуге болады

0
6 987

Тізе буындары сыздап, сырқырап мазаңызды алса, мына жаттығуларды үзбей жасап көріңіз. Ең бастысы жай қимылдармен әрбір жаттығуды дұрыс орындасаңыз болғаны.


Ауырған тізені 10 минутта-ақ емдеуге болады

фото: bolit-sustav.ru

Тізе буын аурулары да жас талғамайтын болды. Бұрындары кәрі ата-әжелеріміздің басы ауырып, балтыры сыздайтынын білетін едік. Ал, қазіргі заманда жап-жас келіншектердің тізесін құшақтап «аяғым сыздап кетті, ауырып барады» дегендерін жиі еститін болдық. Көбіне осындай аурулардың жасаруына өзіміз кінәлі екенімізді ұмытып кетеміз. Иә, расында да әр адам өз денсаулығына жауапкершілікпен қарайтын болса, салуатты өмір салтын ұстанса ауру атаулыны ұмытар еді. Әйткенмен, бұлай деуге енді кеш. Сондықтан да аурумен күресуді, алдын алуды үйренгеніміз жөн.

фото: lechenie-sustavy.ru

Тізе буындары сыздап, сырқырап мазаңызды алса, мына жаттығуларды үзбей жасап көріңіз. Ең бастысы жай қимылдармен әрбір жаттығуды дұрыс орындасаңыз болғаны. Аталмыш жаттығулардың кері әсері де жоқ емес. Емделуге немқұрпайлы қарамай, жауапкершілікті сезінгендеріңіз дұрыс. Әсіресе мынадай жағдайларда жаттығуларды орындамаған абзал:

  • Әйелдерде айлық белгі кезінде;
  • Қан қысымы жоғарылағанда;
  • Дене қызуы 37,5 ºС-ден жоғары болғанда, тұмауратқанда, баспамен ауырғанда;
  • Көкірек қуысына, құрсақ қуысына ота жасалғанына бір ай толмағандарға;
  • Шап пен қарын жарығында;
  • Ішкі ағзалардың созылмалы ауруында (мысалы, аппендицит кезінде, өт қабына тас байланғанда, өт жолының қабынуында);
  • Жүрек ауруларының ауыр түрінде және қан аурулыранда бұл жаттығуларды жасау ұсынылмайды.

Ендеше, тізе буындарына өте пайдалы жаттығуларды бастайық!

фото: worlduniquer.ru

  1. Еденге етбеттеп жатып, аяқты созыңыз. Сосын оң аяқты жоғары көтеріп, бір секундтай тұрып қаласыз. Аяқты түсіріп, босаңсытасыз. Тізені бүкпеу керек. Жаттығуды 5-6 рет қайталап, келесі аяқпен жалғастырасыз.Жаттығуларды аяқтаған соң 1-2 минут бойыңызды жазып жатыңыз. Денені босаңсытып, демалып алған болсаңыз, жоғарыда келтірілген жаттығуларды тағы бір қайталап шығуға болады.
  2. Сол қалыпта жатып, енді аяқты тізеден бүгеміз. Алдымен оң аяқты, артынша сол аяқты жоғары көтеріп, қайтадан өте жай қимылмен түсіресіз. Егер жаттығуларды тез жасайтын болсаңыз, жарақат алып қалуыңыз мүмкін.
  3. Шалқаңыздан жатыңыз. Сол аяқты бүгіп, оң аяқты тік ұстаңыз. Содан соң оң аяқты жоғары көтересіз. Жаттығу кезінде, яғни, аяқты жоғары көтергенде тізені бүкпей, тік ұстайсыз. Сонда жаттығу дұрыс жасалған болып есептеледі. Аяқты жоғарыға көтергеннен кейін, 1-2 секундтай тұрып қалуыңыз керек. Жай қимылмен қайта түсіресіз.
  4. Шалқалап жатып, екі аяқты да тізеден бүгесіз де, жоғарыға көтересіз. Бірақ та тізені қарынға тигізуге болмайды. 90 градус бұрыш жасай тізені бүгіп, сол қалыпта аяқты көтерген дұрыс. Барлық қимыл өте жай жасалады.
  5. Енді бір иығыңызбен жатыңыз. Астыңғы аяқты бүгіп, үстіңгісін созасыз. Осылайша тік созылған аяқты жоғарыға көтереді де, 1-2 секунд тұрып қалады. Аяқты жай қимылмен төмен түсіреді. Жаттығуды екінші аяқпен дәл солай жасайсыз.

фото: prokoleni.ru

6. Еденге отырып, бойыңызды тік ұстаңыз. Ал, аяқтарды алға қарай созасыз. Сосын қолды аяқтың ұшына жеткізіп, сол қалыпта 2-3 минут отыру керек. Отырған уақытта денені сәл ғана төмен түсіруге талпыныңыз. Басында әрине қолыңыз жетпеуі мүмкін. Ондай жағдайда сүлгіні пайдалана аласыз. Сонымен қатар, жаттығуды жаңадан бастаушыларға 2-3 минут ауырлық түсіруі мүмкін. Сондықтан да 30 секундтан бастауға болады.

7. Шалқалап жатып, бір тізені бүгесіз де, екіншісін созасыз. Созылған аяқты жоғарыға көтеріп, аяқтың ұшын өзіңізге қарай тартасыз. Кейіннен ары қарай созасыз. Осылайша аяқтың ұшымен 7-8 рет жаттығу жасалады.

Құрманкүл Әти,

ERNUR.KZ