Ауырғанда АЛАҚАНДЫ УҚАЛАП иммунитетті күшейтуге болады

0
3 903

Жаттығудың нәтижені тездетіп көргіңіз келсе, күнделікті таңертең 10-15 минутыңызды арнаңыз.


Ауырғанда АЛАҚАНДЫ УҚАЛАП иммунитетті күшейтуге болады

Барлық дерттің дауасын жаттығудан табуға болады. Керек десеңіз мммунитетті күшейтуге арналған да жаттығулар бар. Мұндай жаттығуларды орындау арқылы сіз ағзаңызды небір бактериялардан қорғайсыз, тіпті қатты салқын мезгілдерде де ауырмайсыз.


Ең қарапайым, үй жағдайында жасалатын жаттығуларды ұсынамыз. Нәтижені тездетіп көргіңіз келсе, күнделікті таңертең 10-15 минутыңызды арнаңыз. Көп өтпей ағзаңыз сізге «алғысын» айтады. Жаттығу барысында дұрыс дем алу мен өз жағдайыңызды қадағалаңыз. Ағзаға көп күш салуға болмайтынын да естен шығармаңыз.


Бірінші жаттығу



Түзу тұрыңыз. Аяқтарыңыз иық деңгейінде болсын. Дем алып, аяқты көтеріп, жоғары қарай созылыңыз. Демді шығарған кезде қолыңызды ақырындап түсіресіз. 10-15 рет қайталаңыз.


Екінші жаттығу



Қолдарыңызды белге қойып, түзу тұрыңыз. Беліңізді айналдыра қозғалыңыз. Жиі дем алып тұруды ұмыстпаңыз. Екі жағыңызбен 10-15 реттен қайталаңыз.


Үшінші жаттығу



Тік тұрыңыз. Қолдарыңызды екі жаққа созыңыз. Аяғыңызды иық деңгейінде ашып, алға еңкейіп, екі қолмен кезек-кезек аяқ саусақтарына тигізіңіз. Жаттығуды әр қолыңызбен 10-15 рет қайталаңыз.


Ауырып қалған жағдайда қандай жаттығу жасау керек?

Қызу көтеріліп, қатты науқастанып қалсаңыз ешқандай жаттығу жасаудың қажеті жоқ. Ал, түшкіріп, мұрныңыздан су аға бастаса қозғалыстың қажет екені сөзсіз. Ең бастысы, ұйқыңыз тыныш болсын. Неғұрлым көбірек тынықсаңыз, иммунитетіңіз де жақсара түседі. Стрестен аулақ болыңыз. Себебі, стресс болған жағдайда адам ағзасы вирус, бактериялармен күресе алмай қалуы мүмкін.


Алақаныңызға, саусақтарыңызға массаж жасау да иммунды жүйеге оң әсерін береді. Мұндай массажды өз-өзіңізге жиі жасап жүрсеңіз, мұрыннан су ағу, жөтел туралы ұмыта аласыз. Жасалуы өте қарапайым.


  • Бір алақаныңызды ашып, екінші қолыңызды сұқ саусағымен және бас бармағымен алақаныңызды уқалаңыз.

  • Басқа саусақтарыңызды да біртіндеп уқалап шығыңыз.

  • Содан кейін екінші қолыңызға дәл солай жасаңыз.

  • Әр қолыңызға 4 реттен жасау керек.

  • Күнделікті тұрақты түрде жасағанның пайдасы өте көп. Ал, тұмаурата қалсаңыз, күніне бірнеше рет жасауға болады.


Шымыр болу үшін бассейнге барудың пайдасы зор. Суық су құйыну, контрасты душ қабылдау да ағзаға керемет көмегін тигізеді. Көңіл-күйіңіз түссе, шаршап отырсаңыз бірден душ қабылдаған жақсы. Денеңіз демалып, миыңыз тынығып қалады.


Төмен иммунитет тұқым қуалайды деп те айтылады. Дегенмен, өз ағзаңызды қалыпы ұстау тек сізге ғана байланысты.


Айта кетейік, иммунитет біздің ағзамызды түрлі бактериялар мен басқа да зиянды індеттерден қорғайды. Алайда, кейде иммунитет те әлсіреп кетуі мүмкін. Оның бірнеше себептері бар:

  • Дұрыс тамақтанбау;
  • Нашар экология;
  • Тынығудың аз болуы;
  • Фидикалық және миға түскен күш;
  • Вирустар;
  • Инфекциялар мен стресс.


Дайындаған: Н.НАЛТАЙ,

ERNUR.KZ


Тағы да оқыңыз:


Бір минуттық жаттығу: ТЕРІС орындасаңыз, жазға дейін АРЫҚТАЙСЫЗ


БІР жаттығумен беліңіз ЖІҢІШКЕ болады