Жаттығу қол, аяқ, жамбас, бөксенің бұлшықеттерін жаттықтырады.
фото:sports.ru
Секірудің бұл түрін күнделікті фитнес ретінде орындап жүрсеңіз болады. Осы жаттығудан кейін бұлшықеттердің тонусы көтеріледі. Ал дене бітіміңіз ерекшеленіп, сымбатты бола түседі.
Джампинг-Джек – секіру жаттығуының бір түрі. Оның негізгі үш нұсқасы бар:
Jumping Jacks
Бұл жаттығуда аяқтар жақын тұрғаны дұрыс. Ал қолдар дене бойымен тұруы тиіс. Аяқты сермеп, екі қолды бастан жоғары көтеріп шапалақтаймыз. Сонда қол-аяғымыздың қимылы Х формасына ұқсас шығуы керек.
Power Jacks
Секірудің бұл түрі алдыңғы айтылған нұсқаға ұқсайды. Мұнда тек сәл отырыңқырап жасалады.
Split Jack
Split Jack-те секірулер орындалады және алдыңғы аяқтың орнын артқы аяқ басады. Сонымен бірге қолды серпиміз. Жаттығудағы қозғалыс жүру кезіндегі қозғалыстарға ұқсас, тек қарқынды, аяқтың қозғалысымен синхронды түрде орындалады.
"Джампинг-Джек" жаттығуының денсаулыққа қандай пайдасы бар?
Жүрекке әсері. Секіру арқылы жасалатын бұл жаттығу ағзамызға оттегіні оңай жеткізіп, жүрек бұлшықеттерінің жұмысына оң әсерін тигізеді. Әдетте бұл қан айналымының дұрыс болуына және жүрек қан тамырларына оттегінің тиесілі мөлшерде жетуіне ықпал етеді.
Салмақты тұрақты етеді. Кардио жаттығулардың калорияға әсер ететіні белгілі. Сондықтан да салмақ азайтуға ықпал етеді. Мысалы, 68 келі болатын адам шамамен 100 айналымнан тұратын осы секірістерді 2 минут орындау арқылы 19 калорияны жаға алады. Бір адам небәрі 10 минут секіргенде өте жақсы нәтижеге жетуге болады.
Қимыл-қозғалысты жақсарту. Jumping Jack - дене мүшелерінің қозғалысын дамытуға көмектеседі. Бұл өз кезегінде ми мен аяқ-қолдар арасындағы байланысты жақсартады.
Бақытты етеді. Жаттығу стрессті жеңілдетудің бір әдісі. Жаттығу кезінде бақыт гормондары (мысалы серотонин) түзіледі. Сонымен қатар, адреналиннің артуы энергияның жоғарылауын тудырады. Бұл гормондар стресс деңгейін төмендетеді және бақыт сезімін сыйлайды.
Jumping Jack - ең мықты жаттығу. Жаттығу алдында, сондай-ақ жалпы күнделікті өмірде әрқашан жасалуы тиіс нәрсенің бірі - қыздырыну. Себебі ол ауырсынуды, құрысу немесе соған ұқсас ыңғайсыздықты болдырмау үшін қажет. 8-20 рет Jumping Jack жасасаңыз бұл сіздің күнделікті жаттығу алдындағы денені қыздыруыңыз болып саналады.
Дененің барлық бөлігіне әсер етеді. Секіру жаттығу дененің бар бөлігін қозғалысқа түсіреді. Сол арқылы жүрек, кеуде бұлшықеттері, бөксе, тізе буындары секілді бірнеше дене мүшесіне жақсы әсерін тигізеді.
Бұлшықеттер жұмыс істемегенде біздің денеміз маймен қапталып, әлсіз болады. Jumping Jack бізге күні бойы жинақталған май мен калорияларды жоюға көмектеседі. Ол қолдың, аяқтың, жамбастың, бөкселердің бұлшықеттерін жаттықтырады. Күн сайын шамамен 100-200 рет секіру керек, бірақ бір жарым сағаттан аспағаны абзал.
Дереккөз: econet.ru