"Босанса да мүсіні бұзылмаған" - Желідегі жұлдызы жанған аналар

0
5 870

Әйелге әдемі әрі сымбатты болу үшін ештеңе кедергі келтірмейді. ​


Ана атанған соң әр әйелдің дене бітімінде өзгерістер орын ала бастайды. Бірнеше келіге артқан салмақ, болбыр дене, босаң бөксе... Мұны қалыпты жағдай деп қабылдайтындар уақыт өте келе өз-өзіне көңілі толмайтын хәлге жетеді. Ал, бұрыңғы сымбатты денеге қайта оралу үшін көпті көрген фитнес-аналардың кеңесі керек-ақ. Олар сіздің ынтаңызды арттыра отырып, спортқа сүйіспеншілігіңізді оятады.

Фитнесті өмірлерінің бір бөлшегіне айналдырған аналардан үйренер дүниелер жетерлік. Бірнеше баланы дүниеге алып келсе де, фитнестен қол үзбеген әуесқой "жаттықтырушылардың" инстаграмм-аккаунттарын ұсынамыз. Көріңіз, көңілге тоқыңыз. Шабыт алыңыз!


@laurasykora

Екі баланың анасы Лаура Касперзак инстаграмдағы жұлдызы жарқыраған "жаттықтырушылардың" бірі. Оны жұлдыз деп атауымыз жайдан-жай емес. Себебі, бүгінде Лаураның әр басқан қадамын миллионға жуық оқырманы бақылап отыр. Оқырмандарының саны күн санап артпаса, кеміген емес. Нью-Джерси қаласында тіршілік ететін ана күнделікті орындап отыратын жаттығуларының суретін жариялаудан жалықпайды. Ол қызы екеуі йогамен айналысып жатқан сәттерін жиі жүктейді екен. Жүрек жылытар суреттері арқылы оқырмандардың фитнеске деген ынтасын арттырып, салауатты өмір салтын ұстануға, балаларын да спортқа баулуға септігін тигізуде. Фитнесті ғана насихаттап қоймай, дұрыс тамақтану мен өз-өзіне күтім жасаудың қыр-сырымен де бөліседі. Тіпті кітап шығарып та үлгеріпті.


@fitness_mama

Москвалық Елена Рыбальченко да көпшілікке үлгі боларлық жан. Ол өмірде қолдан келмейтін іс болмайтынын ісімен дәлілдеген. Үш баланың анасы тек мінсіз мүсінді ғана емес, мықты блогер де. Өзінің құпияларымен бөлісіп, өзге аналарға көмектесуге кіріскен. Еленаның әлеуметтік желідегі парақшасында жаттығуларға қатысты ақпараттар, өзін-өзі бағалау жайлы да мәліметтер жазылған.


@gasya

Гаухар Ахметованың әлеуметтік желіге жүктеген суреттері мен видеоларынан көз айыру мүмкін емес. Қараған сайын қарай түскің келеді. Дю Солей циркінің әртісі Гаухардың әрекеттерін қарапайым келіншектерге қайталау мүмкін емес, әрине. Дегенмен, бұл оған деген оқырмандардық қызығушылығына титімдей де кедергі келтірмейді. Оның әрекеттері "Кез келген уақытта, кез келген жерде, тіпті баламен де спортпен шұғылдануға болады" дегенді аңғартады.


@staystrongmummy

Австралия тұрғыны Кимберли Уэлман да үш баланың анасы. Оның әр таңы жаттығумен атып, күні жаттығумен батады. Жаттығу жасағанды жаны сүйетін ананың парақшасын 60 мың адам тіркелген. Кимбелидің айтуынша, балалармен жаттығу жасауға мына нәрсе түрткі болыпты: бірде ол спортпен айналысқысы келеді. Ал баласы оған асылып, жерге түсуді қаламай қояды. Осылай әйел баламен бірге отырып-тұрып, кеудесін жерден көтеріп жаттығу жасай бастайды. Кейін кбұл күнделікті әдетіне айналып кетеді. Кимберли өзінің тәжірибе мен нәтижесімен күн сайын бөлісіп отырады. Егер ағылшын тілін жетік меңгерген болсаңыз, сіз де оның парақшасына қонаққа барып, "есігін қақсаңыз" болады.


@fitness_s_baby

Әйелге әдемі әрі сымбатты болу үшін ештеңе кедергі келтірмейді. Бұған Елена Беляеваның парақшасына кіріп, көзіңіз анық жетеді. Ол кез келген жердің өзін жаттығуға айналдырып жіберетін "сиқыршы" жан. Мәселен, ол баламен серуендеп жүріп қалай жаттығу жасауға болатынын, асүйде, тіпті төсекте жатып та спортпен айналысуға болатынын көрсетіп жүр. Елена мастер-класстар, балалы аналарға арналған фестивальдер ұйымдастыруды да қолға алған.

@gulviraibraeva

Қазақ қыз-келіншектеріне көмегін тигізіп, бар білгенімен бөлісіп жүрген көпбалалы ана, диетолог Гульвира Ибраеваны да атап өтпеуге болмас. Ол инста-парақшасында дұрыс тамақтану мен жаттығулардың арқасында артық салмақтан арылуға болатындығын жазып, өзгелерге үлгі болып жүр. Ең алдымен өзі артық салмақтан арылып, кейін өзгелерге де арықтауды үйрете бастаған. Гульвираның жазбалары тек салмақ тастауға ғана арналмаған. Ер мен әйелдің арасындағы қарым-қатынас, мотивациялық және армандарға жасайтын қадамдар туралы құнды дүниелер де парақша бетінен ойып тұрып орын алған.

Дайындаған: Н.НАЛТАЙ

ERNUR.KZ

Тағы да оқыңыз:


АРТРОЗ бен АРТРИТ ауруын бір ғана «СИҚЫРЛЫ» жаттығумен емдеуге болады


Беттегі ӘЖІМДІ КЕТІРЕТІН жаттығулар: 25, 35, 45 және 55 жастағы ӘЙЕЛДЕР үшін