​Бұл БОСАНҒАН әйелдің ІШІН тез ТАРТАДЫ

0
18 877

Бенкунг – ішті тартудың малайзиялық әдісі.


​Бұл БОСАНҒАН әйелдің ІШІН тез ТАРТАДЫ

Әйелдер үшін босанғаннан кейінгі қалыпқа келу маңызды. Бала күтімімен қатар дұрыс тамақтануды қатар алып жүруге көп жағдайда мүмкін бола бермейді. Бірақ сымбатты дене мүсінді қайтарудың оңай әдісі бар, ол - бенкунг.


Бенкунг деген не?



Бенкунг – ішті тартудың малайзиялық әдісі. Көбінесе жас босанған әйелдер қолданады. Кәдімгі корсеттерден айырмашылығы, бенкунгтың ішкі органдарға зияны жоқ. Бірақ, аздап қысып тұратынын айта кету керек. Өйткені, сол арқылы бұлшықет пен тері тонусын қалыпқа келтіреді. Бенкунг үшін ұзындығы 10 метр әрі енді лента болу керек.


Артықшылығы неде?

Бір сөзбен айтқанда, бенкунг комплекстен құтқарады.

Бұрынғы жүрісіңізді қайтадан қайтарып береді. Яғни, жүкітілк кезіндегі салмақтың себебінен жүрісте өзгерістің болатыны анық. Оның үстіне арқада да ауырлық сезімі болады. Сондықтан жүрістегі өзгеріс заңды деп білеміз.

Бұлшықет пен теріні әдемі етеді

Матадан дайындалған бенкунгты таққан кезде дененің бұрынғы әдемілігін байқауға болады. Сол үшін диастаз жағдайында осы әдісті ұсынып жатады.


Бүкірейіп жүруден сақтайды


Бенкунг таққан әйел міндетті түрде арқасын тік ұстайды. Дәрігерлер бенкунгты босанғаннан кейінгі бірнеше аптадан кейін тағуға кеңес береді. Өйткені, ол кезде әлі бұлшықеттер қатайып үлгермеген. Ал, көп келіншектер осы сәттерде бандаждың көмегіне жүгініп жатады. «Core Exercise Solutions» негізін қалаушы физиотерапевт Сара Эллис Дювальбенкунгты кесір тілігімен босанған әйелдерге де қолдануға болатынын айтады. Іш бұлшықеттерін қалыпқа келтірумен қатар, оның іштегі қан кетуді болдырмауға көмегі тиеді дейді.

Ресейлік инфлюенсерлер арасында бенкунгты блогер Елена Блиновская мен модель Яна Яцковская қолданып көрген екен. Елена кесір тілігімен босанған соң қайта қалыпқа келу және диастаздан сақтану үшін осы әдіске жүгінген. Ал, Яна Яцковская болса бенкунгты ұнатқаны сонша, бұл туралы инстаграмдағы парақшасына арнайы пост жазып қалдырған.


Қалай, қашан байлау керек?


Таңертең дәретханаға шығып болған соң матаны алып, түзу тұру арқылы ішті байлау керек. Оны күні бойы шешпей, кешке ұйықтар алдында душқа кірген кезде алып тастауға болады. Бас-аяғы 30-40 күн қолдану жеткілікті. Әрі қарай тағудың мәнісі жоқ, ол тіпті қауіпті болуы да мүмкін. Дәрігер Дюваль бенкунг матасын тым қатты да емес, бос та емес етіп байлауға кеңес береді. Матаны байлағаннан кейін денені қимылдатқан кезде аздап қысып тұрғандай әсер қалдыру керек дейді ол.


Байлауға не кедергі?

Қан қысымында мәселесі бар, преэклампсия туындаған әйелдерге бенкунг болмайды. Міндетті түрде гинекологпен кеңескеңініз дұрыс. Нью-Йорктік акушер-гинеколог Джозеф Шаппель егер босанғаннан кезде жыртылу (разрыв) болған болса, не болмаса кесір тілігін жасағаннан кейін инфекция пайда болса міндетті түрде дәрігер кеңесіне құлақ асу керектігін жеткізген. Ол өзі мұндай жағдайлардағы емделушілеріне бенкунг, бандаж тағуға рұқсат бермейтінін айтады.


Бенкунг және арықтау


Ішті байлау артық майдың жиналмауына көмектеседі Деп ойлауымыз дұрыс. Дегенмен, соған ғана сеніп, тамақты асап жей беруге болмайтынын да есте ұстау керек. Мүмкіндік болса диетаға жүгінудің пайдасы зор. Ал, оған мүмкіндік болмаса калориясы аздау, пайдалы тағамдарды тұтынған абзалырақ.


Дайындаған: Н.НАЛТАЙ,

ERNUR.KZ


Тағы да оқыңыз:


АШУШАҢ болсаңыз БОКСПЕН айналысыңыз


БЕЛ АУЫРҒАНДА осы жаттығу көмектеседі