ЕКПІНДЕП жүру ЖҮРЕК ауруынан САҚТАЙДЫ

0
6 460

Мамандар екпіндеп жүруді керемет кардио-жаттығулардың бірі дейді.


ЕКПІНДЕП жүру ЖҮРЕК ауруынан САҚТАЙДЫ

Жүрек – адам ағзасындағы ең маңызды мүше. Ол қанды қозғалысқа келтіріп, қан тамырына айдайтын сорғыш іспеттес. Жүрек пен жүрек-қан тамырлары жүйесінің жұмысы жақсы болса, бүкіл ағзаның жай-күйі жақсы дегені. Әрі адамның өмір сүру ұзақтығы да тікелей осы жүрекпен байланысты. Күнделікті өмірде орын алатын күйзеліс, артық жүктеме, дұрыс емес тамақтану жүректің жұмысына кері әсерін тигізеді. Ал оған нашар экология қосылса, жүрек өзіне ерекше күтім керектігі жайлы ескерте бастайды. Кардиологтар жүректің кенеттен сыр беруін болдырмау үшін аз-аздан жаттығу жасауға шақырады әрі жаттығуларды барынша ерте жастан бастау керектігін ескертеді. Ендеше жүрек ауруын алдын алуға көмектесетін мына жаттығуларды бүгіннен бастап орындаңыздар.

Екпіндеп жүру


Екпінді жүру (энергичная ходьба) - бұл жүрудің сәл жылдам түрі. Мұнда жылдамдықты сағатына 7-9 шақырымға дейін арттырасыз. Басқаша айтқанда, орташадан сол жоғары жылдамдықпен жүресіз.

Мамандар екпінді жүруді керемет кардио-жаттығулардың бірі дейді. Ол тек жүрек жұмысын ғана жақсартып қоймай, адамның ойлау қабілетін де арттырады. Сонымен қатар, егер таза ауда жүрсеңіз 3 еселенген пайдасын көресіз. Жүрекпен бірге тыныс алу жүйесінің жұмысы жақсарады, теріңіз жасарады.

Жүргісі келетін адамға тек спорттық киім мен соған сай аяқ киім болса болғаны. Нәтижесінде жүрегіңіздің жұмысы жақсарып, өзіңізді жеңіл сезінесіз.

Күнделікті ең кемі 10 000 қадам жүруді әдетке айналдырғаныңыз жөн. Осылай жүріс-тұрысы аз өмір салтыңызды қимылмен толықтырасыз. Егер қаласаңыз күн сайын 20 мың қадам жүруіңізге де болады. Бұл денсаулығыңызға пайдасын тигізбесе, кесірін тигізбесі анық.


"Қайың" жаттығуы


Иықпен тік тұрып, аяқты барынша жоғары қарай итеріңіз. Бойды тіп-тік ұстауды естен шығармаңыз. Бұл қалыптан шығу үшін аяқты бірден төмен қарай түсірмей, жаймен бүйірге қарай аунаған жөн.

Бала кезімізде турникке тартылып, басымызды төмен салбыратып тұрған болуымыз мүмкін. Бірақ ол кезде бұл жаттығудың қаншалықты пайдалы екенін білмегенбіз. Негізінде, "қайың" жаттығуы, яғни иықпен тік тұру жүрекке бір уақытты пайдалы жүктеме мен босаңсуды сыйлайды. Сонымен бірге ол варикоздың алдын алады, бүйрек пен қалқанша без жұмысын қалыпқа түсіреді.


Лимфодренажды жаттығу

Егер ересек адамның ағзасындағы бүкіл қан тамырларды бір-біріне жалғаса, оның ұзындығы 100 мың шақырымға дейін жетеді екен. Бұл "жіппен" Жер шарын екі рет орап шығуға болады деседі. Ал осындай ұлан-ғайыр жүйенің жұмысын қалай сақтауға болады? Әрине, күнделікті жаттығу жасау арқылы. Әсіресе лимфодренажды жаттығуға көңіл бөлу керек.

Қан тамырларыныңы жұмысы жақсы болса жүректе ақау болмайды. Қан тамырларының жұмысын жақсарту үшін күнделікті 2-3 минут уақыт бөлу жеткілікті. Мысалы, Микулин техникасы (табанды көтеру) бар-жоғы 30-60 секунд уақытыңызды алады.


Еденге түзу тұрып, табаныңызды 5 см жоғары көтересіз де бірден төменге түсіресіз. Осылай 30-60 рет қайталаңыз. Үнемі отырып қызмет істейтін, аз қимылдайтын жандарға жаттығуды әр 2 сағат сайын жасап тұру ұсынылады.

Ал "діріл" жаттығуын 1-3 минут орындайсыз. Жаттығудың орындалуы өте қарапайым: жерге төсеніш төсеп, жатасыз. Қолыңыз бен аяғыңызды жоғары көтеріп, дірілдетесіз. Бұл жапон Кацудзо Ниши ұсынған керемет жаттығу.


Н.НАЛТАЙ,

ERNUR.KZ


Тағы оқыңыз:


ЕКІ шелек СУ арқылы ИММУНИТЕТТІ көтеруге болады


Аяқ пен қолды АЙҚАСТЫРСАҢЫЗ ағзада 12 түрлі ӨЗГЕРІС болады