​Еркектердің қарнын жылдам кетіретін «супер» 3 жаттығу

0
3 680

Әйелдер ғана емес, қарындағы майды кетірумен ер-азаматтар да күреседі.


​Еркектердің қарнын жылдам кетіретін «супер» 3 жаттығу

фото: vse-diet.ru

Еркектерде қарынның пайда болуына көбіне дұрыс тамақтанбау, физикалық белсенділіктің аздығы, алкогольді ішімдік себеп болып жатады. Дегенмен, бұл мәселеден де оңай арылуға болады екен.

Әрбір ер-азамат небәрі 1-2 аптаның ішінде сымбатын бұзып тұрған қарыннан құтыла алады. Ол үшін әрине, аптасына кем дегенде 3-4 рет мынадай керемет жаттығуларды жасауды ұсынамыз.


1-жаттығу

Бастапқы қалып: Еденге шалқалап жатып, қолыңызды жаныңызға қоясыз да, аяқты бүгесіз. Ал, басты сәл ғана көтеру керек.

Демді сыртқа шығарып, оң қолды оң аяққа қарай созасыз. Сосын бастапқы қалыпқа келіңіз. Жаттығуды сол қолмен жалғасытрасыз.

Осылайша жаттығуды әр жаққа үш реттен қайталайсыз. Әрбір қайталауда 18-20 рет қолды аяққа созу ұсынылады. Ал, әрбір жаттығу арасында 30 секундтан артық демалуға болмайды.


2-жаттығу

Шалқаңыздан жатып, аяқты сәл ғана бүгіп, жоғарыға көтеріңіз. Енді демді шығарып, қолдың күшімен денені де көтеріп, сол қалыпта тұрып қалыңыз. Тыныс алған уақытта бастапқы қалыпқа келуге болады.

Жаттығуды осылайша 10-15 реттен екі қайтара жасайсыз. Бұл жаттығулар іштегі майды кетіруге зор ықпалын тигізетініне сеніңіз.


3-жаттығу

Бастапқы қалып: шалқадан жату. Қолды көкірекке қойып, басты сәл ғана көтереді де, аяқты бүгеді.

Демді шығарып, иықты жоғары көтересіз. Бірақ та арқаны көтерудің қажеті жоқ. Демді ішке тартқанда бастапқы қалыпқа келесіз. Аталмыш жаттығуды 20 реттен, бар-жоғы екі қайтара жасау ұсынылады.

Кеңес! Егер жаттығулардың нәтижелі болғанын қаласаңыз, дұрыс тамақтануға көңіл бөліңіз. Сонымен қатар, күніне 1,5-2 литр су ішу де маңызды.

Жоғарыда келтірілген жаттығуларды үнемі орындап отырсаңыз, жақын күндері нәтижесін де байқайсыз! Бұған еш күмәніңіз болмасын!

Дайындаған: Қ.Өмірзаққызы,

ERNUR.KZ