Теріс қарап жүгірудің пайдасын білесіз бе?

0
4 233

Еуропа елдерінің тұрғындары жалаң аяқ жүгіруді әдетке айналдырған.


Теріс қарап жүгірудің пайдасын білесіз бе?

Біздің өмір салтымыз күн санап жаңалықтармен толығып отырады. Техниканың жаңа үлгілерін қолданамыз, киімнің жаңа сәнінен де құр қалмаймыз. Ал фитнестің жаңа түрімен шұғылданып жүрміз бе? Артқа қарай жүгіру мен зоофитнес жайлы не білесіз? Ендеше, соңғы уақытта пайда болған су жаңа фитнес түрлерімен таныса отырыңыз.

Жүгірудің жаңа түрі


Жүгірудің жаңа түрі пайда болды дегенге сенбеуіңіз бек мүмкін. Бірақ, адамның қиялында шек жоқ. Ғасырлар бойы жүгіріп келген адамдар енді қалай жүгіреді деп ойласыз? Артқа қарай...

Иә, бұл - соңғы уақытта трендке айналған жүгірудің түрі. Енді көпшілік адамдар алға қарай емес, теріс қарап алға қарай жүгіруді құп көруде. Тіпті, артқа қарай жүгіруді сәнге айналып барады. Қазір батыс елдерінде жүгірудің осы ерекше түрінің танымалдығы артып отыр. Оның пайдасы да бар деседі. Қалыптасқан тіршілікті түрлендіру үшін осылай жүгірген дұрыс екен. Сонымен қатар, артқа жүгіру арқылы қозғалыс үйлесімділігін жақсартып және көп калорияны кетіруге болады. Бұл тез арықтауға мүмкіндік береді. Ал, ең бастысы артқа жүгіру буындарға ешқандай зиян тигізбейді. Буыны ауырып, алға жүгіруден бас тартқан жандар жүгірудің осы түрін қолдануынғаны дұрыс. Қарпайым жүгіруде біз денемізді аяғымыздың ұшымен итеріп, көтерілеміз де, жерге табанымызбен түсеміз. Ал, артқа қарай жүгіргенде, керісінше жасаймыз.

Артқа қарай жүгірген уақытта біз қарапайым жүгіргеннен 30 пайыз көп энергия жұмсайды екенбіз. Бұл жай сөз емес, ғылыми тұжырым. Мұны Стелленбос университеті (ОАР) зерттеушілері растап отыр.

Дегенмен, қауіпсіздік ережелерін сақтау керектігін естен шығармаған абзал. Артқа қарай тек жарыс жолындаға ғана жүгірген жөн. Көше бойлай немесе орманда жүгіруге мүлдем болмайды. Жүгірген уақытта асығып-аптығудың қажеті жоқ. Аяғыңызды абайлап бассаңыз, түрлі жайсыздықтардың алдын аласыз.

Еуропа елдерінде жүгірудің тағы бір түрі - жалаң аяқ жүгіруді де серік еткендер кездесіп жатады. Табиғатқа барынша жақын болуды қалаған жандардың таңдауы фитнестің осы түріне түсіп отыр. Ал ауа райының қолайсыздығына байланысты жүгіре алмайтындар үшін арнайы «аяқ киім» деп бар. Аяқтың бес саусағына киілетіндей (қолғапқа ұқсас) етіп жасалынған «кроссовка» жалаң аяқ жүгіретіндерге қол келеді.

Арқанмен өрмелеу


Арқанмен өрмелеуді фитнестің жаңа түрі деп айтуға әлі ерте. Жаттықтурышалр оны кроссфит жаттығуларының бірі ретінде қолданады. Әйтсе де, бүгінде тренажер залдарының көбісінен арқанды кездестіруге болады. Ілініп тұрған арқанды көріп, «арқанға өрмелеу де сөз болып па» деп, оңай көруіңіз мүмкін. Дегенмен, бәрі сіз ойлағандай оңай емес. Бұл көңіл көтеретін ойынның түріне де жатпайды. Арқанмен өрмелеу – нәтижелі жаттығудың бір түрі. Ол денедегі барлық бұлшықеттерге әсер етіп, тепе-теңдікті сақтауды жақсартады. Онымен ерлер де, әйелдер де айналысуына болады.

Sleek Technique


Фитнес-балет немесе Sleek Technique – балет билері қимылының негізінде пайда болған жаттығулар жиыны. Жаттығу түрлерін британдық кәсіби балериналар Флик Суонн мен Виктроия Марр ойлап тапқан.

Фитнесте боди-балет деген жаттығу түрі бар. Бірақ, оны биден гөрі стретчинг жаттығулары деген дұрыс. Ол би қыимылдарын емес, созылу жаттығуларынан құралған. Ал Sleek Technique би жаттығуларының негізінде орындалады. Балет қимылдарын орындау арқылы физикалық күш-қуатты артыруға септігін тигізеді.

Фитнес-балет – әйелдерге арналған жаттығулар. Ол икемділікті арттырып, денені сымбатты етеді әрі артық салмақтан арылтады.

Зоофитнес


ZUU немесе Зоофитнес – жануарлардың қимылдарын қайталау арқылы жасалатын жаттығулар. Жаттығудың негізін байырғы 7 қозағалыс құрайды. Олар: жұлқу , тарту, еңкею, бұралу, отырып-тұру, соғу (соққы), секіру.

Зоофитнес жаттығулары айтарлықтай күшті талап етеді. Сол себепті мамандар онымен тек дайындалған жандар ғана айналыса алады дейді.

Трапециядағы фитнес


Трапециядағы фитнес 2008 жылдан белгілі болған жаттығу түрі. Бірақ онымен адамдар енді ғана шұғылданып бастады.

Арнайы трапеция салмағы 150 келіден сапайтын адамдардың жаттығу жасауына ыңғайланған. Бұл жаттығуда цирк акробатикасының элементтері кездеседі. Бұл да адамның икемділігін арттырып, бұлшцықеттерід күшейтуге, тепе-теңдікті артыруға бағытталған жаттығу түрі саналады.

Дайындаған: Н.НАЛТАЙ,

ERNUR.KZ

Тағы да оқыңыз:

Бір орында ЖҮРУ арқылы АРТЫҚ салмақтан оңай арыласыз


Абай болыңыз! АРЫҚТАТУдың орнына "ЖУАНДАТЫП" жіберетін 5 жаттығу