"ТОМПАҚТАРҒА" арналған ЙОГА: Арықтаудың жеңіл түрі

0
2 098

Бұл жаттығулар қан қысымын реттейді, омыртқадағы ауруларды емдеуге көмектеседі, мазасыздықтан арылтады.


фото: mystroimmir.ru

Фитнес залдағы жаттығулар толық адамдарға тым ауырлау болуы мүмкін. Мәселен, көп жағдайда оларға топтық аэробикамен айналысу ыңғайсыздау. Ендеше біз сізге балама нұсқа ретінде йоганы ұсынар едік. Өйткені йога арнайы дайындықты талап етпейді. Йогамен тіпті өмірі спортпен айналыспаған және аз қимылдайтын адамдар да айналыса алады.

Негізінде йоганы арық және толық адамдарға арналған деп бөлу де дұрыс емес. Себебі семіз адамдарға арналған арнайы асан жоқ. Дегенмен денсаулық жағдайына, артық салмақтың болуына байланысты жеңілдіктер қарастырылған.

Йога - әмбебап жаттығу түрі. Ол тек салмақ тастауға ғана көмектесіп қоймайды. Йога арқылы ақыл мен дене арасында байланыс орнайды. Жаңадан бастаушылардың алдымен оңай қозғалыстардан бастап қиындарына қарай қадам жасағаны абзал. Жаттығулар қан қысымын реттейді, омыртқадағы ауруларды емдеуге көмектеседі, мазасыздықтан арылтады.


Артық салмақтағы адамдар айналысатын йоганың айырмашылығы

фото: miryogi.com

Ескеретін жайт, жаттығуды орындамас бұрын терапевт-дәрігердің кеңесіне жүгінгеніңіз жөн. Содан соң жаттықтырушымен бірге өзіңізге ыңғайлы болатын жаттығу түрін таңдап көріңіз. Йогамен үйде отырып та айналыса да аласыз. Ол үшін арнайы видеороликтерді қарасаңыз болады.

Йогамен шұғылданып жатқан кезде жарақат алып қалмас үшін қосымша құралдар қолдану мүмкіндігі бар. Бұл әсіресе артық салмақтағы адамдарға көмекші болады. Жаттықтырушылар йога арқылы арықтағысы келетіндерге шағын жастық, орындық, фитбол, арнайы белдіктер пайдаланған тиімді екенін айтады. Жаттығуды бастамас бұрын денені қыздырып алу керек.


Жаттығуды қалай орындайды?

фото: ysm-res.cloudinary.com

Дұрыс тыныс алу - йоганың негізі. Йогамен айналысуды бастап жатқан жандардың ең алдымен осыған мән бергені дұрыс. Мұрынмен ақырын тыныс алып, демді ауызбен шығару керек. Денені қыздыруды мойыннан бастаған абзал.

Арқаңызды тіктеп отырып, басыңызды оң иығыңызға қарай тигізіңіз. Сосын оң қолыңызды еденге қарай қойыңыз. Осылай оң және сол жақ қолыңызбен 5 рет қайталаңыз.

Келесі жаттығу қол бұлшықеттерін нығайтуға бағытталған. Орындыққа отырып, арқаңызды тіктеңіз. Дем алған кезде қолыңызды басыңыздан жоғары қарай көтеріңіз. Ал деміңізді сыртқа шығарған кезде қолыңызды ақырындап түсіресіз. Мұны 3 рет қайталаңыз.

Толықтарға арналған йоганың негізгі жаттығулар жиынтығы:

Тезірек арықтағысы келетіндерге әдетте йоганың әртүрлі бағыттары бойынша кешенді жаттығулар ұсынылады:

  • "Орындық". Арқаңыз тік, ішіңізді тартып тұрасыз. Аяқ иық деңгейінде болу керек. Деміңізді баяу шығарып, отырыңыз. Аяғыңыз 90 градусқа иілу керек. Саныңыз еденмен параллель болғанын бақылаңыз. Арқаңыз отырған кезде де тік тұрсын. Ал кеуде алға қарай керіңкі тұру қажет. Осы қалыпта жарты минут тұра алсаңыз жеткілікті.
  • "Мысық-сиыр". Төрт тағандап тұрыңыз. Білектеріңіз иық астында тұру керек. Ішіңізді тартыңыз, арқа тік болсын. Баяу тыныс алыңыз және ішіңізді түсіріңіз. Ал осы кезде иықты түзеңіз. Басты артқа қарай көтеріп, жамбас бөлігін көтеру керек.
  • "От тынысы". Бұл жаттығумен кез келген йога түрін бастауға болады. Аяқты иық деңгейінде қойыңыз. Арқаңыз барынша тік болу керек. Мұрын арқылы терең тыныс алып, дереу шығарасыз. Ұзақ тыныс алып, жылдам демді шығару қажет. 30 рет жасап көріңіз. Біраз тәжірибе жасаған соң 60 реттен қайталауға болады.

Дереккөз: mystroimmir.ru

Н.НАЛТАЙ,

ERNUR.KZ


Тағы оқыңыз:

ҰЗАҚ өмір сүруді қаласаңыз МЫНА жаттығуды 5 МИНУТ қайталаңыз


МЫНА жаттығумен көктемгі ӘЛСІЗДІКТІ орныңыздан ҚОЗҒАЛМАЙ-ақ жеңесіз