​Үйде жаттығу жасағанда МЫНА 10 ҚАТЕДЕН АУЛАҚ БОЛЫҢЫЗ

0
4 943

Үйде жаттығу жасасағанда абай болыңыз!


​Үйде жаттығу жасағанда МЫНА 10 ҚАТЕДЕН АУЛАҚ БОЛЫҢЫЗ

фото: championat.com

Егер сіз үйде жаттығу жасайтын болсаңыз денсаулығыңызға, көңіл-күйіңізге және жаттығудан алатын нәтижеге әсер ететін қателік жасауыңыз мүмкін. Тәжірибелі маманның қадағалауы болмайынша жаттығуды дұрыс жасаған күннің өзінде ілгерілеу болмай жатса таң қалмаңыз. Неге? Оның себебі мына қателіктерді болуы мүмкін:


Қыздырынудың жеткілікті болмауы

фото: krasunia.ru

Кейбір адамдардар жаттығу алдындағы созылуды маңызды деп санамайды. Сондықтан да жаттығуларды қатты қыздырынбай-ақ жасай беруге болады деп ойлайды. Олай емес! Буындарға арналған қыздырынулар, кардио жаттығулар, бір орында тұрып жүгіру, секіргіш жіппен секірудің барлығы қажет. Сол арқылы бұлшықет қызып, иілгіштігі арта түседі, демек нәтиже де жақсы болары сөзсіз.


Жүйесіз жаттығулар жиынтығы

«Неғұрлым көбірек болса соғұрлым жақсы» деген принциппен жаттығуға кірісетін болсаңыз, қайта қалыпқа келу үшін бір апта керек болады. Өйткені бір жаттығу барысында өте көп белсенділікті қосу бұлшықетке ауыр болып кетеді. Созылу жаттығуларындағы басты ұстаным күнделікті әрі аз-аздан болу керек. Сонда ғана ойлаған нәтижеге жетеміз.


Тыныштықтағы және жалғыз қалған кездегі жаттығулар

Таң қалуыңыз мүмкін, бірақ музыка және жақсы ұжыммен бірге керемет нәтижеге жетуге болады. Сізді ынталандыратын әуендерді таңдап алыңыз да, жақын адамдарыңызды бірге жаттығуға шақырыңыз. Жасап жатқан қимылдарыңызды жаттықтырушыға көрсетіп алыңыз. Жаныңыздағы адамдардың қолдауы әрі аздап қарсылас болуы әуенмен бірге керемет нәтиже бермек.


Жаттығу ықылассыз жасау

фото: vashnarkolog.com

Егер сіздің мотивацияңыз жоғалып кетсе, ұйқыңыз қанбаса, шаршап тұрған күйде жаттығу жасайтын болсаңыз ішіңіз түйіліп, басыңыз айналуы әбден мүмкін. Оның үстіне менен ештеңе шықпайды деп өзіңізді іштей жейтін болсаңыз тіпті қиын. Олай қажет емес! Жақсы сезімде болу маңызды, өзіңізді мақтаңыз, жасап жатқан жаттығудан ләззат алыңыз.


Ауырсынып жасалатын созылу жаттығулары

Кейде шпагатқа отыру үшін өзіңді қинап көбірек жаттығу жасау керек секілді сезінуіміз мүмкін. Әрі-беріден соң бірнеше күн жаттығып, тезірек шпагатқа отырып, инстаграмға сурет салуға асығуымыз да ғажап емес. Өтініш, асықпаңыз! Созылу жаттығуларын біртіндеп, өз ауанымен ағзаңызды тыңдай отырып жасау керек. Жаттығу кезінде еш жеріңіз ауырмау қажет. Аздаған жайсыздықтар болуы мүмкін, дегенмен дененің қатты ауырғаны дұрыс емес.


Тамақтанып алған соң созылу немесе созылып жатқан кезде тамақ жеу

Кез келген физикалық жаттығуды тамақтанып болған соң 1,5-2 сағаттан кейін жасау керектігін көбіміз білетін болармыз. Бұл тек уақытқа ғана емес, сіздің қаншалықты тамақ жейтініңізбен де байланысты. Тауықтың аяқ етінен он түйірін жеп алған соң жаттығу жасау сізге пайда бере қоймас. Ондайда адамның бар күші асты қорытуға кетіп қалады. Сондықтан жаттығу жасайтын күні мейлінше йогурт, ірімшік, салат секілді жеңіл тағамдар жеңіз. Ал жаттығып жатқан кезде су ішу, тәтті жеу туралы мүлдем ойға алмаңыз.


Көмекші заттарсыз жаттығу жасау

фото: aptekalife.net

Егер сіз ескі паркеттің үстінде созылып кеткен футболкамен айнасыз, кілемшесіз жаттыға беретін болсаңыз ол сізді жалықтыруы ықтимал. Спорт - тек қана денсаулық емес, ол - көтеріңкі көңіл-күй мен сұлулық сыйлауы тиіс. Ал ондай мүмкіндікті өзіңіз жасап алып, соған қарай қадам басыңыз. Өзіңізге әдемі леггинсы сатып алыңыз, үйіңізге өзіңізді бастан аяқ көрсететін айна орнатыңыз, кілемше мен йогаға арналған жастықтар алыңыз. Мұндай заттар аса бір қымбатқа түспейді, есесіне сізді ынталандырады.


Сіз барлығын білесіз және өзіңіз жасай аласыз

Сіз өз бетіңізше видеолар қарайсыз, кеңестер тыңдайсыз, жаттығудың орындалу техникаларын интернеттен-ақ қарап үйреніп аламын дейсіз. Бірақ спорт туралы біліміңіз болмаса және арнайы курстардан өтіп, адамның физиологиясын тани алмасаңыз бәрі бекер. Себебі созылу жаттығуларын дұрыс орындамау арқаның қисаюына, түрлі жарақат алып қалу, буындар ауруы секілді қауіптер туындауы мүмкін.


Қысылу және қорқыныш, ыңғайсыздану сезімі

Үйдегі адамдардың жанында өзіңіздің дұрыс жасамай жатқаныңызды, видеодағы жаттықтырушыны дұрыс қайталай алмай тұрғаныңызды ойлау сіздің бүкіл жаттығуыңызды жоққа шығаруы мүмкін. Біз үнемі үйрену үстінде екенімізді және алғашқы уақытта бәрі мінсіз болмайтынын ұмытпауымыз керек. Жаттығулардың ең қарапайым түрлерін орындаңыз! Әрбір кішкене жеңісіңізге қуана біліп, туыстарыңыздан ұялудың қажеті жоқ. Керісінше сізге олардың қолдауы маңызды екенін айтып қойыңыз.


Жаттығудан жаттығуға дейінгі өлшемнің болмауы

Жақсы нәтижені байқау үшін тұрақтылық болу керек. Ілгерілеу жоқ, ешбір жаттығу нәтиже бермей жатыр деп ойлайсыз. Бірақ ондай болмайды. Тек тұрақты түрде жаттығу жасауды ұмытпаңыз. Нәтиже міндетті түрде болады. Өйткені әр адамның ағзасы өзінше бір әлем.

Дереккөз: yogajournal.ru

Н.НАЛТАЙ,

ERNUR.KZ


Тағы оқыңыз:


ЖҰПТЫҚ жаттығу ЕКІ есе НӘТИЖЕЛІ әрі ПАЙДАЛЫ


ЖҮРЕГІҢІЗ АТТАЙ ТУЛАЙДЫ: Шымкенттегі пайдалы әрі көңілді демалыс орындары