2019 жылдан бастап тіркелмеген телефондарға Қазақстанда қызмет көрсетілмейді

0
3 213

Қазақстан аумағы бойынша телефон құрылғыларын тіркеудің толық нұсқаулығы жарияланды, деп хабарлайды ERNUR.KZ.


2019 жылдан бастап тіркелмеген телефондарға Қазақстанда қызмет көрсетілмейді

Қазақстан аумағы бойынша телефон құрылғыларын тіркеудің толық нұсқаулығы жарияланды, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Бұл туралы Beeline компаниясы өзінің фейсбуктегі ресми парақшасында жариялады.

1. Құрылғыны не үшін тіркеу керек?

«Байланыс туралы» ҚР Заңы (36-2-бап) бізге тек тіркелген құрылғылармен жұмыс істеуді міндеттейді. Осы заңға сай, абонент операторға өз ЖСН-ін дербес ұсынуы тиіс.

2. Тіркеу қашан аяқталады?

Тіркеу мерзімі — 2018 жылғы 31 желтоқсанға дейін, 2019 жылғы 1 қаңтардан бастап, ұялы байланыс операторлары тек тіркелген абоненттік құрылғыларға қызмет көрсетеді. Алдын ала тіркелуге кеңес береміз.

3. Құрылғыны қалай тіркеу керек?

1. 6914 нөміріне ЖСН көрсетілген SMS жіберу арқылы
2. 6914 нөмірі арқылы Call-center-ге қоңырау соғу арқылы
3. *691# USSD-пәрмені арқылы ЖСН-ді енгізе отырып
4. «Менің Beeline-ым» қосымшасында ЖСН-ді жіберу арқылы

4. Шет еле азаматтары мен кәмелетке толмағандар не істейді?
Кәмелетке толмағандардың құрылғысы ата-анасының ЖСН-іне тіркеледі. Құрылғыларды тіркеу тәртібі абоненттік құрылғыларды тіркеу ережелері арқылы анықталады, ол қазір Ақпарат және Коммуникация министрлігінің келісуінде жатыр.

5. Деректерімнің дұрыстығын қалай тексерсем болады?
Тіркелген құрылғыларды тексеруге арналған Мемлекеттік Бірыңғай интернет-ресурс құру жоспарлануда. Ол туралы міндетті түрде айтамыз.