2020 жыл - КӨЛІКТІ автопилот жүргізеді, ТЕЛЕДИДАРДЫ орап алып кете бересіз

0
2 092

Ғылым мен техниканың дамуына көз ілеспейді!


2020 жыл - КӨЛІКТІ автопилот жүргізеді, ТЕЛЕДИДАРДЫ орап алып кете бересіз

иллюстрациялық фото: ашық дереккөзден

Әлемде апта сайын бір жаңа гаджет шығарылып, айына бір рет ғылыми жаңалық болады екен. Бұл үрдіс бір орнында тұрып қалмайтындықтан, ғалымдар 2020 жылы да көптеген ерекше технологиялар пайда болатынын айтып жатыр. Олар:


1. 7G технологиясы

7G технологиясы біраз уақыттан бері ғалымдар мен зерттеушілер арасында талқыға түсіп келе жатыр. Сонымен қатар, оны бірнеше рет бірқатар елдердің мамандары сынақтан өткізген. Енді таяуда бұл жүйе де жарыққа шықпақ.

Мамандардың айтуынша, 7G ғаламшардың кез келген нүктесінде қолжетімді болады. Оның көмегімен ақпаратты жүктеу немесе алмасу бірнеше секунд ішінде орындалатын көрінеді.


2. Оралатын теледидар

Гаджет нарығындағы кейбір компаниялар иілгіш смартфондарымен мақтана алады. Ал, LG компаниясының мамандары олардан асып түсіп, рулонға орауға болатын теледидар жасауға көшкен.

Мұндай құрылғының таныстырылымы алғаш рет CES-2018 іс-шарасында ұсынылған. Өндірушілер бұл гаджетті жасай отырып, құрылғыларды сақтау мен тасымалдауды қалай оңайлату керек деген сұраққа жауап табуға тырысқан секілді. Теледидар 2020 жылдың екінші жартысында нарыққа жол тартады деп жоспарланып отыр.


3. Автопилотты көліктер

Бұл жоба да біраз жыл бұрын қолға алынған. Болжамдарға сәйкес, 2020 жылы автоматты жүргізушісі болатын автокөлік пен автобустар пайда болуы мүмкін.

Бүгінгі таңда мұндай автокөлітер сынақтан өтіп жатыр. Олар өз бетінше жүріп, тұраққа тұра алатын болады.


4. Қолдағы компьютер

Әр апта сайын нарықта компьютерлер, ноутбуктер мен планшеттердің жаңа үлгілері пайда болып жатады. Ал, мамандардың айтуынша, жақында жарыққа шығуы мүмкін осы шағын ғана білезік секілді гаджет барлығының орнын басуы ықтимал.

Болжамдарға сәйкес, ол дербес компьютер мен телефон функцияларын орындай алады. Сондай-ақ, экраны мен пернетақтасы өздігінен қозғалатын болады.


5. Тапсырысты дронмен жеткізу

Тапсырыстарды жеткізу қызметіне дрондарды пайдалану туралы бұрыннан айтылып келеді. Дегенмен, бұл идея 2020 жылы іске аспақ.

Кейбір ірі компаниялар дрон арқылы шағын жүктерді жеткізу қызметін белсенді түрде әзірлеп жатыр. Олар арқылы, мысалы, пиццаға тапсырыс берсеңіз, әуеде кептеліс пен бағдаршам жоқ болғандықтан ыстық күйі әрі жылдам жетеді.

Дайындаған: А.Мейірхан

ERNUR.KZ


Тағы оқыңыз:


Денсаулықты ЖАҚСАРТУҒА көмектесетін гаджеттер


Үйдегі күйбең тірлікті ЖЕҢІЛДЕТКІҢІЗ келе ме?