Асүй шаруасын жеңілдетуге арналған гаджеттер

0
3 426

Мұндай пайдалы гаджеттер біздің өмірімізге ыңғайлы, жұмысымызды оңайлатады және үнемдеу жағынан да ерекшеленеді.


Асүй шаруасын жеңілдетуге арналған гаджеттер

көрнекілік суреттер: ашық дереккөзден

Бүгін назарларыңызға асүйдегі «ақылды» немесе керемет креативті көмекшілерді ұсынамыз!


1. Сандық өлшегіш дисплейі бар қасық

Бұны «ақылды құрылғы» деуге болады, өйткені ол азық-түлік дозаларының барынша дәлдігін қамтамасыз етеді. Шағын қасықтағы электронды таразы – ұн, қант, бұрыш, май немесе басқа да ингредиенттер болсын, тіпті кез келген сұйықтықтарды тура өлшеуге қабілетті.


2. Пиццаны кесуге арналған қайшы

Сатылымдағы танымал әрі әуесқой тағам пиццаны ұқыпты кесу үшін арнайы қайшы пайда болды. Бұрын бөлінген бөлік осы тағамның сыртқы көрінісін бұзатын еді, енді мына үшбұрышты тірекпен толықтырылған керемет қайшы барлық жұмысты мінсіз атқара алады. Соның арқасында сіздің қолыңызда тәбетті, тегіс кесілген және тартымды пиццаның бөлігі қалады!


3. Сары май кескіш

Егер сізде мұндай гаджет бар болса, онда майды жұқа кесектерге оңай бөле аласыз. Бұл құрылғы өте «қу» конструкцияға ие – майдың қажетті шамасы өлшенгеннен кейін тегіс, әдемі тіліктерімен ұсақтай алады. Сондай-ақ, құрылғыны тоңазытқышқа салып қойса ішінде қалған май керек кезге дейін қауіпсіз сақталады.


4. Жәшігі бар тақтай

Азық-түлікті тақтайда турау кезінде тақтай беті толып кететіні ешкімге құпия емес. Ал олар қолға кедергі жасамау үшін алаңдауға тура келеді. Осындай жағдайдан құтылу үшін өндірушілер бөлшектеу тақтасының ерекше үлгісін шығарды – оның арнайы ойығы бар. Барлық туралған заттар жәшіктерге түседі, кейінірек қиындықсыз қайта алуға болады.


5. шайыңызды ысытып беретін USB-қыздырғыш

Көптеген адамдар жұмыс істеп отырғанда шай немесе кофесін ішуді ұмытып кетеді. Сондықтан, іскерлер жылуыды сақтап тұратын шағын жылытқыш тұғыр ойлап тапты. Ол компьютерге USB арқылы қосылып, адамды асүйге бару қажеттілігінен босатады. Керемет құрылғы жағымды дизайнда жасалған және температураны 50 градусқа дейін жеткізуге қабілетті.


6. Салқындату қабілеті бар қоқыс шелегі

Әдетте, тұрмыстық қалдықтарды ас үй шкафының астына жасыруға тура келеді, ол жағымсыз көрінеді және қоқыстан иіс шығып тұрады. Бұл мәселені шешу үшін салқындатқыш қабілеті бар қоқыс шелегі пайда болып отыр. Оның керемет жұмысының мәні – төмен температура бактериялардың қызметін басып, қоқыс иісін оңай жоюында (құрылғыда микроорганизмдермен күресетін лампалар орнатылған). Сонымен қатар, гаджетті тазалау да қиындық тудырмайды.

Айта кетейік, көп үміт күттіретін жаңалық әзірге нарыққа шықпады, алайда жақын арада саудада «төңкеріс» жасайтыны белгілі.


7. Мобильді микротолқынды пеш

Жылжымалы микротолқынды пеш саяхат кезінде өте пайдалы дүние. Шағын үтік, шәйнек, тоңазытқыш немесе теледидармен қатар, бұл пешті де әркім өзімен бірге іссапарға немесе қала сыртындағы демалысқа алуға болады. Өте қарапайым пеш көлікте де көп орын алмайды. Техника әдетте батареядан қуат алады, кейбір модельдерде USB порты арқылы қосылу қарастырылған.


8. Ерітуге арналған тақта

Жартылай фабрикаттарды немесе етті тез еріту қажет болған жағдайлар жиі кездеседі, бірақ баяу ерітуге уақыт жоқ. Бұндай кезде Сізге тез еріту үшін арнайы жасалған тақта көмектеседі. Аталған металл құрылғының ерекшелігі – электр желісіне қосылуды талап етпейді және батареяны қажет етпейді.


9. Сусынның бүлінгені туралы хабарлайтын ыдыс

Сусындарға арналған электрондық ыдыс онда құйылған өнімнің тамақтануға жарамсыз екендігі туралы хабардар етеді. Себебі, бірегей ыдыстың ішінде PH деңгейлі датчик бекітілген, ал сыртында шағын дисплей орнатылған. Егер экранда «жаңа» деген жазу көрсетілсе, сусынды алаңсыз ішуге болады.


10. Үстелдегі шаңсорғыш

Қолға ұстауға ыңғайлы шаңсорғыш ас үй үстелінен қиыршықтарды және басқа да ұсақ қалдықтарды тазартып, ас үй қожайынын шүберекпен сүртуден босатады. Аккумуляторлы құрылғы үлкен фенге ұқсас. Сонымен қатар, кейбір модельдері тек құрғақ ғана емес, ылғалды тазалауды да қамтамасыз етеді. Үстел бетінен басқа, жинақы шаңсорғышпен шкафтарды, жәшіктерді, жиһаздың әр түрлі заттарын, перделерді тазалауға болады.


Міне, технологияның дамуы ас үйдегі жұмысты да оңайландыруда. Әрекетті азайтып, уақытыңызды үнемдегіңіз келсе, жаңалықтардан құр қалмаңыз.


Дайындаған: Б.Мейірханұлы,

ERNUR.KZ