Асүйіңізде шаруаңызды жеңілдететін мынадай құралдарыңыз бар ма? Әй, жоқ-ау...

0
3 888

Асүйге заманауи үлгідегі гаджеттер мен девайстардың жеткені қашан?! Қыруар шаруа атқарылатын асүйде «екінші қолдың» рөлін атқаратын, бір қолыңды екі ете алмай жатқанда көмегін ұсына қоятын құралдарды ойлап тапқан адамға аямай алғыс айтқың келеді.


Асүйіңізде шаруаңызды жеңілдететін мынадай құралдарыңыз бар ма? Әй, жоқ-ау...

фото: happymodern.ru

Асүйге заманауи үлгідегі гаджеттер мен девайстардың жеткені қашан?! Қыруар шаруа атқарылатын асүйде «екінші қолдың» рөлін атқаратын, бір қолыңды екі ете алмай жатқанда көмегін ұсына қоятын құралдарды ойлап тапқан адамға аямай алғыс айтқың келеді. Бұрындары жарты сағаттық уақытыңызды алатын шаруаға мұндай құралдар арқылы 1 минутты жұмсайсыз. Тындырымдылығынан бөлек, ақылдылығы мен дәлдігі, көп орын алмайтындығы мен бірнеше істі қатар атқара салатын «пысықтығын» тағы қосыңыз.

Сіздің де сатып алғыңыз кеп кетті ме? Тұра тұрыңыз. Алдымен танысып алғаныңыз жөн шығар.


Лимонның аз ғана сөліне бола бүтіндей сығып алудың қажеті не? Қажетін алыңыз да, қалғанын сақтаңыз.

Банан кесуге де уақыт жоғалтудың қажеті жоқ. Мынадай пышағыңыз болса...

Ал мына шанышқыны сатып алған болсаңыз, аз уақытта салмақ тастап қаласыз-ау. Себебі, ол сіздің асты тым асығыс жеп жатқаныңызды бірден «айтып салады».

Тоңазып тұрған сары майды нанға жұқалап жағу үшін мынадай құрылғы керек. Қатты ірімшікті де үгіп алсаңыз болғандай.

Бұл оқтауды тапсырыс беріп жасатып алсаңыз болады. Қамырға әдемі өрнек салып пісіргіңіз келсе, сурет салып отырмайсыз ғой?!

Барлық асүйге қажеттінің бірі де бірегейі – сарымсақ езгіш құрал. Қолға сіңіп қалатын иісінен бөлек, сарымсақты ұсақтап турап немесе езіп сөлін алудың өзіндік қиындығы бар. Ал бұл құралдың көмегімен сарымсақты әп-сәтте «игеріп» аласыз.

Суды қанша градусқа дейін жылыту керек? Смартфон арқылы басқарылатын мұндай шәйнек те бар. Қажетті градусты таңдап, іске қоссаңыз болғаны.

Кесейін деп жатқан еттің немесе нанның сапасын мынадай пышақтан «сұрасаңыз» болады. Бірнеше сенсорлы экраны бар пышақтың өткірлігінен бөлек, азық-түліктің сапасын анықтайтын да қызметі бар.

Қазанды тасытпайтын мынадай қақпақ әсіресе, ауылдағы сүт пісіретін жеңгелерімізге керек-ақ екен, ә?!

Ас дайындағанда интернеттен бір рецепті қарай қойғың келеді. Бірақ асүйде смартфон немесе планшетті қыстыра қоятын орын жоқ. Ыңғайсыздығы бір бөлек.

Ол үшін арнайы бекітпе де бар.

Мұны енді жақын маңдағы жиһаз жасаушы шеберханаға барып тез арада жасатып алатыныңызға сенімдіміз. Себебі, көкөністі тазартып отырып саңылау арқылы қоқысын тастайтын бөлігі бар турайтын тақтайша өте ыңғайлы. «Бұрын неге жасап алуға басымыз жетпеген?» деген ой да келеді.

Асүйлік гаджеттер қатары мұнымен бітпек емес. Тұрмыста қажетті замануи құралдар уақыт озған сайын жаңаруда. Алдағы уақытта олармен де таныстыра отыратын боламыз.

Дайындаған: Қ.Сауран.

ERNUR.KZ

Дерекөз: happymodern.ru